9-нұсқа «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі



Дата05.06.2023
өлшемі16,13 Kb.
#98665

9-нұсқа
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні:газет мақаласынан үзінді

Бейбітшілік пен келісім – тұтастырар ел ішін
«Бірлік түбі – береке» дейді дана қазақ. Барша отандасымыздың ұлты мен наным-сеніміне қарамастан тең құқылы болуы және бір-біріне деген құрметі, қоғамдық келісімнің нығаюы – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының нәтижесі. Біздің бүгінгі бейбіт өміріміз этносаралық татулықтың айқын көрінісі. Бір мақсатқа, бір мүддеге жұмылып, бір тудың астына бірігу елімізде саяси тұрақтылықты нығайтып, мемлекетіміздің жан-жақты дамуына даңғыл жол ашатынын кез келген азамат жақсы түсінеді.
Асылы ОСМАН, қоғам қайраткері:
Қазақстанда тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнығуы, осы бағыттағы игі істер­дің барлығы топырақтың, елдің иесі, бәрімізді бауы­рына басқан, тумысынан таза, қиянаттан шет қазағымыздың арқасы екенін айтпай кетуге болмас.
Елбасының ерен еңбегін, этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан зор үлесін үнемі тілге тиек еткеніміз жөн болар деп ойлаймын. Елім, жұртым аман болсын. Ат­тары бәйгелі, өздері әйгілі болсын деп, еліме тыныш­тық, достық, бірлік, ынтымақ тілеймін. Дарқандығы даласынан дарыған, тектілікке бабасынан жарыған қазағым аман болсын!
Бақытбек СМАҒҰЛ, Парламент Мәжілісінің депутаты:
Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ел­ба­сының ұстанымы – елдің ынтымағы, қоғамның бірлігі. Елбасының ел үшін, туған жер үшін сіңіріп жатқан еңбегі ерен. Тыныштықты ту еткен халықтың бірлігі мызғымайды. Ол бірлікті бір ұяда қанаты қатайған балапандай болған, тонның ішкі астарындай бір-біріне етене жақын, ауыр кезеңдерді басынан бірге өткізген ата-баба­ларымыздан үлгі алған ұрпақ қана сақтайды.
Әлемде бейбітшілік орнағанын қаласақ, өз еліміздегі ынтымағымызды сақтай білгеніміз жөн.
(202 сөз)
«Egemen Qazaqstan»Жақсыбай Самырат, Орынбек Өтемұрат

Ә мәтіні:

Ұлтаралық араздық береке әпермейді
Әр кезде ұлтаралық қақтығыстар­ға тер­риториялық талас-тартыс­тар, халық­­­тар арасындағы тарихи өш­пен­­­ді­­­лік, үстем ұлттың аз ұлттарға өктем­­­­дігі мен қысымы себеп болып жатады.
. Ұлтаралық шиеленістердің зар­да­бынан адамзат сабақ ала алмай келеді. Оған мысал ретінде Оңтүстік Африка Республикасы, Босния мен Герцеговинаның осындай қақты­ғыс­тардың салдарынан қанға бөккендігін айтуға болады. ТМД елдерінің біра­зы, оның ішінде Таулы Қарабақ, Осе­тия­дағы шиеленістердің зардабын қара­пайым халық әлі тартып келеді.
Алпауыт елдердің әлемдік саяси сах­на­да экономикалық, әскери, саяси ықпалға ие болу мақсатындағы бақта­лас­тықтарының салдарынан кейбір «ұлтаралық» шиеленістер қолдан жасалуда,– деп ойын қорытты Дастан Көшербаев. 
Ал «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ президенті Жанділдә Жақыповтың пікірінше, .
– Әлем елдерінде қарапайым бұза­қы­лық, басқа да қылмыстық құқық­бұзу­шылықтарға «этностық қақты­ғыс» деп диагноз қою өршіп кетті. Бүгінгі интернетпен қарулан­ған қо­ғам отқа май құя түсіп, қарсы та­р­ап­тар­дың арасындағы өшпен­ді­лік­ті қозды­рып, алыстан бақылап, анық-қанығы анықталмаған оқиға­лар­ға байланыс­ты сырттай тон пішуге дәні­гіп алды. Әрине тек біртұтас ұлт­тың өкілдері ғана мекендемейтін мем­ле­кеттерде белгілі бір этнос өкіл­дерінің болуы мүмкін. Мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінде ақ нәсілділер мен қара нәсілділер арасындағы қақтығыстар әлі де бар. Бірақ бұл шиеленістерді көбіне ұлтаралық қақтығыстарға жатқыза беруге болмайды, – дейді Ж.Жақыпов. 
Бірақ шиеленістер мен қақты­ғыс­тарды шешудің халықаралық тәжірибеде әбден сыналып, кем-кетігі жонылған айқын жолдары бар екендігі де рас. Ол – зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеуден бас тарту, барлық қатысушы тараптардың мүдделері ескерілген мәміле жасау, адамның құқығы мен бостандығын басты құн­дылықтардың қатарына кіргізу жән­е түйткілді мәселелерді келіссөздер ар­қылы шешуге тырысу. 
Түптеп келгенде, қылдан да нәзік түсініктермен сипатталатын ұлтаралық қатынастарды қоздыру мен оны саяси экстремизмнің құра­лы ретінде қолдану қай тарапқа да опа бермейтіні тарихтың ащы сабақ­тарынан белгілі. (249 сөз)
Серік ӘБДІБЕК
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Бейбітшілікті сүю – адамзаттың парызы» тақырыбында Қазақстан халықтарын ынтымақтастық пен келісімде өмір сүруге шақыратын эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет. [20]


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет