Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз



Дата11.11.2022
өлшемі18,55 Kb.
#49366

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтордан алынған
Бұқаралық ақпарат құралдарының жастарға әсері
Бұқаралық ақпарат құралдары адам өміріне терең еніп, онымен тығыз байланысқа түсті. Ол әр адамның өміріне дерліктей әсерін тигізеді. БАҚ бізге шексіз ақпарат беріп, білімімізді ұлғайтудан басқа дүниетанымымызды кеңейтеді. Біз ол арқылы жаңалықтарды жылдам біле аламыз. Алайда БАҚ ішінде керексіз, жалған, тұтынушыны түзу жолдан бұзатын ақпарат жеткілікті. Бұл кішкентайлар мен жастарға үлкен қаупін тигізеді. Бірақ неліктен ? Кішкентайлар мен жастар әлі толық жақсы мен жаманды ажырата алмайтынын әр адам біледі. Бұл БАҚ-пен де тығыз байланысты. Тұтынушы керекті мен керексіз ақпаратты сұрыптай алатын жағдайда ғана БАҚ адамға пайдасын тигізе алады. Жастар керексіз ақпаратты қабылдап, жалған білім немесе дұрыс емес дүниетанымға ие болу қаупі бар. Бұл жастарға кей жағдайларда зардабын тигізіп жатады. Ойындар, теледидар жастарға өте зиянды әрі қауіпті деген стереотиптің ең негізгі себебі осы болып табылады. Жастарға көру қызығырақ болғанан кейін, көпшілігі теледидарға жүгінеді. Егер сіз балаңызды осы қауіптен аулақ ұстағыңыз келсе, теледидарды бірге тамашалап , газет-журналдарды бірге оқып отыруға тиіссіз. Бала ақпаратты өзгеше түсінумен байланысты, әр БАҚ тұтыну сайын баламен ақпаратты талқылап, баланы түзу жолға тұрғызу керексіз. Бұл болашақтағы жастың ақпаратты толықтай қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, БАҚ-тардың жастарға оң және теріс ететін әсері бар, ал жастардың қоғамдағы жағымсыз мінез-құлығынан көрініс табады. Заманауи жасөспірімдер, жастар қоғамда үлкендердің (тәлімгерлердің) мақсатты көмегінсіз жиі жаңа шындыққа кіреді. Қоғамдағы «тәлімгерлердің» бұл рөлін бұқаралық ақпарат құралдары түрінде әр түрлі делдалдар қабылдайды: баспасөз, теледидар, радио, интернет және ұялы байланыс. (223 сөз)



Ә мәтіні
Газетті жабу оңай, жасау қиын
Газет – жалпы халықтың төрешісі, өкіметтің жазу қайраты, әлеумет жұмысының қадағашы. Газет - ұлттық рухты көтеріп, халықты мәдениет пен парасаттылыққа тәрбиелейді.Басылым елді бірлік пен татулыққа шақыра отырып, мемлекеттік саясат пен шығармашылықты қатар тізгіндеген. Газет – елді өркениетке тәрбиелей алатын жалғыз құрал.
Бүгінгі таңда жан-жақтан ағылып жатқан ақпарат көп, оған қоса ғаламтор бар. Жастарымыздың, мектеп оқушы балалардың газет-журналдар, кітап оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы төмен. Міне, осы орайда мерзімді баспасөздің де атқаратын өзіндік рөлі бар. Сондықтан да Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: "Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді" деген мағыналы сөз айтқаны бекерден-бекер емес-ті.
Газеттерімізді нашар десек те олардың атқарып отырған жұмыстары, жұртшылықтың түзетуге сіңіріп отырған, қара халықты тәрбиелеп мәдени тілектерін өсірудегі маңызы, тындырғаны өте көп. Солардың арқасында өсіп келеміз.
І.Жансүгіровтің газеттерді сақтап қалудағы табандылығы, баспасөздің маңызын түсіндірудегі біліктілігі мен қайсарлығы, сөз саптауы әр қаламгердің басын игізеді. Ол бүгінде қит етсе, «газет шығынды өтей алмайды , жабу керек, ғаламтор бар ғой» деушілерге үлгі болуы керек. Ғаламтордағы мақала газеттің мақаласындай ауыр жүкті көтере алмай жатады. Шалғай ауылдарда ғаламторлдың болмайтынын ойласақ, газетті жабу ақпарат күткен ауылдағы ағайынға жасалған қиянат. Мониторға көз талдыру мен қағазды парақтап оқудың арасының жер мен көктей айырмашылығын да ұмытпауымыз керек. Десек те біздіңше көп жылдан бері шығып, қолданып , буындары қатқан газеттерді жабамыз деуі – өте адасқандық. Газетті жабу оп –оңай, жасау қиын.»

Тапсырма
Эссе үшін тапсырма үлгісі
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдалана отырып, «Бұқаралық ақпарат құралдарының халыққа берер пайдасы қандай?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет