№9 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі



Дата13.02.2023
өлшемі40 Kb.
#67592

Тақырыбы: «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы»


Мақсаты: білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.
Тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: тақырып желісі бойынша слайдтар, шарлар, нақыл сөздер,


Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.
Бүгін сіздерді «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» Тәуелсіздік құрбандарын еске алу кешін көруге шақырамыз.
ҚР әнұраны орындалсын!

  • Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға — бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

Әр дәуірдің еркіне сай
Нарқы өзгерген алтынның.
Айналайын, алтын әнім,
Жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді,
Ел болсақ деп талпындың.

  • 1986 жылы 16- 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ

жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

  • Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

  • Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

  • Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
Ендігі кезекте сөз кезегін оқушыларға береміз.


Желтоқсан құрбандары.
1-оқушы. Каусар
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлы қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,


Талай қазақ гүлдерін де солдыра
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына


2- оқушы. Әли
Егемендік- бұл елімнің елдігі,
Егемендік- барлық ұлттың теңдігі
Егемендік-елін, жерін қорғаған.
Ербол мен Қайраттардың ерлігі

Желтоқсаным- тәуелсіздік тірегі,


Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін
Жүректерге сақтау керек үнеміү


3 оқушы Аслан Ж.
Тәуелсіздік- соғып тұрған жүрегім.
Сен бар жерде азаттық бар білемін
Сүрінсем мен абайсызда жығылып,
Тәуелсіздік- қуат берер тірегім.

Қайрат,Ләззат, Сабираның үні бар.


Азаттықтын ұмтылмас жыры бар.
Тәуелсізбіз, азат елміз- отыз бір жы.
Біздер үшін айнымайтын құны бар.


4 оқушы
Отыз бір жылдық мерекең құтты болсын
Қаны таза , жаны таза қазағым!
Желтоқсаншы жастар бастан кешірген,
Ендігәрі болмасын ондай азабың!

5 оқушы. Дәулет


Көк байрағың аспанда күлім қағып,
Жасай берші қазағым, елім менің!
Егеменді, тәуелсіз азаттықта,
Жасай берші кең байтақ жерім менің!

Отыз бір жылда ел жаңа,жаңа далам,


Тұрғызылды Бәйтерек, жаңа қалам.
Бейбіт күнде қазағым жасап жатыр,
Арман еткен күндерде ата-бабам!


Мұғалім : Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.

  • Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.

  • Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

  • Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

  • Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады.

  • Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.

Мұғалім:
Бақтыӊ құсы әр адамға қонып бір,
О, тәӊірім бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтыӊ жүрегі боп соғып тұр

Таӊғажайып атыӊ да дәл табылды


Табылды да талай жұртқа танылды
Қазақ елі көкке жетті көк туыӊ
Сен –тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі


Мұғалім:
Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» Тәуелсіздік құрбандарын еске алу кеші аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет