9 сынып Қазақстан тарихы бжб №1 «Қазақстан Республикасының дамуы



Дата16.05.2022
өлшемі29,12 Kb.
#34672

9 сынып Қазақстан тарихы БЖБ № 1

«Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Тақырыптар

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан.

Қазіргі кездегі Қазақстанның дамуындағы басым бағыттары.



Оқу мақсаты

9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау

9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау



Бағалау критерийі

Білім алушы

Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдайды



ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут


1 - тапсырма. Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарына мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз.


2 - тапсырма. Дерек негізінде тапсырманы орындаңыз.


IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

85-қадам.

"МӘӉГІЛІК ЕЛ" патриоттық актісі жобасын әзірлеу.

86-қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫӉ "ҮЛКЕН ЕЛ - ҮЛКЕН ОТБАСЫ" КЕӉ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН ИЗІРЛЕУ ЖәНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардыӊ біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамныӊ бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасыныӊ туристік саласын дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және "Астана - Еуразия жүрегі", "Алматы - Қазақстанныӊ еркін мәдени аймағы", "Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер", "Алтай інжулері", "Ұлы Жібек жолын қайта жаӊғырту", "Каспий қақпасы" өӊірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.

87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудыӊ "МЕНІӉ ЕЛІМ" ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оныӊ аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соныӊ бірі - "ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ" КЕӉ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ - ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдіӊ тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардыӊ өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдіӊ "сапарнама карточкасына", ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.

Дереккөзі: www.kt.kz


Берілген үзіндінің қандай құжаттан алынғандығын анықтаңыз.






Бұл құжаттың қабылдануның себебін анықтаңыз.




Құжаттың мазмұнына қысқаша сипаттама жазыңыз.





3 - тапсырма. Қазақстандағы ұзақ мерзімді стратегиялардың маңыздығын дәлелдеңіз:
1_________________________________________________________________________

2_________________________________________________________________________



3_________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдайды


1

Қазақстанның аймақтық ұйымдарымен байланыстарына 1-мысал келтіреді;

1

Қазақстанның аймақтық ұйымдарымен байланыстарына 2-мысал келтіреді;

1

Қазақстанның халықаралық ұйымдарымен байланыстарына 1-мысал келтіреді;

1

Қазақстанның халықаралық ұйымдарымен байланыстарына 2-мысал келтіреді;

1

ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдайды

2

Құжаттың атауын анықтайды;

1

Құжаттың қабылдану себебін жазады;

1

Құжаттың мазмұнына сипаттама жазады;

1

3

1-дәлел келтіреді;

1

2-дәлел келтіреді;

1

3-дәлел келтіреді.

1

Жалпы балл -10


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет