Зерттеу жұмысы «№63 Мектеп-гимназиясы» Орындаған: Сейлхан Дильназ, 11 б біртектілік пен бірлік. Қазақстан тарихы: III тоқсан Жетекшісі : Ыбырай Гүлжаухар Құлахметқызы Астана қ. 2023 Мазмұны
Мазмұны: I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Біртектілік пен бірлік бөлімі, оның мақсаты.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясы.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Біртектілік пен бірлік еліміздегі этностардың ынтымағы мен достығын нығайтады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жария еткен. Ұзақ мерзімді қамтитын Ұлт Жоспарындағы бес реформаның бірі – Біртектілік пен бірлік болып табылады.
Негізгі бөлім Біртектілік пен бірлік бөліміне назар аударсақ, нақты тәуелсіз толерантты қазақ елінде бірнеше этикалық топтардың еркін өмір сүріп жатқандығы, сондай-ақ «Мәңгілік ел» аясында патриотты қазақстандықты қалыптастыра отырып, елді ақпараттық технологиялармен толықтай қамтамасыз ету,білім сапасын одан жақсарту барысында «Нұрлы болашақ» негізін атап көрсетеді. Қазақстан жастары жаңа заман құндылықтарына жасампаздықпен, мобильділік және талғамдықпен ерекшеленеді. Бұл өзіне тән дүниеге көзқарасымен және өтіп жатқан оқиғалар мен құбылыстарға көзқарасымен ерекшеленетін жаңа мәдени түр болып саналады. Жастарға жеке және қоғамдық табысқа жету үшін жаңа құндылықты мақсаттар тән, жаңа экономикалық және саяси түрленуге белсенді қатысу шабыты бар. Біз бейбітшілікте, достық пен ынтымақтастықта, демократикалық мемлекетте өмір сүреміз. Елімізге тұрақтылық қажет. Қазақстан - әмбебап көп ұлтты республика, көптеген жетістіктерге жетті, даму қарқының жоғалтпауымыз қажет.Мемлекет жалпы ұлттық идея қалыптасқанда және қоғам бірлікте болғанда белсенді түрде дамиды. Қазақстандық ұлттық идеяны құрастырушы болып алғашқы Президент Нұрсұлтан Назарбаев табылады. Бұл идея - тәуелсіздік, бәсекеге жарамдылық, гүлдену идеясы. Бүкіл халықтық қолдауға сүйене отырып, ҚР Бірінші Президенті ғаламдық деңгейде Тәуелсіз мемлекеттің мойындалуына қол жеткізді. Оның бастамасымен Конституция - ҚР Бас Заңы әзірленіп қабылданды, нышандар - ҚР Елтаңбасы, Байрағы және Әнұраны қабылданды, мемлекеттік тіл мәртебесі көтерілді. Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, тұрғындардың тең құқықтығы және олардың Отан тағдырына, абыройына жауапкершілігі XXI ғасырда Қазақстанның табысты алға басуын қамтамасыз етеді.
Еліміздің этностары бірлігінің символы ретінде: 1-мамыр халқымыздың бірлігі күнін атап өте аламыз. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде бұл күн тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Барлық қазақстандықтарға ортақ «Мәңгілік ел» идеясына ерекше мән берілген. Соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел -Үлкен отбасы» жобасы халық арасында кеңінен таралып, қазақстандықтардың қолдауына ие болған. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы заңға ұйымның институттық рөлін күшейтетін, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік үшін жағдайлар жасайтын түзетулер енгізілді. Сондай-ақ, «Қайырымдылық туралы» жаңа заң ілеспесімен бірге қабылданды. Онда Ұлт жоспарының осы қадамын жүзеге асыруды көздеп, қайырымдылық істерді жүзеге асырудың құқықтық негіздері халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Біртектілік пен бірлік қадамын іске асыруға берік құқықтық негіз болатын өзгеріс «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңға енгізілген толықтыруларда айқын көрінді.
Қорытынды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы - біздің ұлттық тарихымыздың жоғары дәрежеге жету жылы: Қазақ хандығы іргетасының қалануының 550 жылдығы, Конституция қабылдауының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Бұл жетістіктеріміздің негізгі тарихи кезеңдері және оның негізінде келесі ұрпаққа табыстауымыз қажет мұра - ұлттық бірлік жатыр.
Елбасымызбен жарияланған «Мәңгілік ел» идеясы XIII ғасыр бұрын қаланған қазақстандық мемлекеттіліктің тарихи түкпірі екенін жете түсінуіміз қажет!
Мәңгі және ең жақсы құндылықтарды, дәлірек айтқанда зейінділік, еңбекқорлық және мақсатқа талпынушылықты нығайтуға және Қазақстан игілігіне қызмет етуіміз қажет. Міне осындай нақты міндеттер 30 дамыған елдер қатарына кіру жолында мемлекет және қоғам алдына қойылған. Ұлт жоспарының төртінші бағытын іске асыру жүйелікпен жүргізіліп келеді. Оның нәтижелері бүгінгі күні жаппай көрініс беріп, елдің тұтастығы мен тыныштығына елеулі үлес қосуда.
Пайдаланылған әдебиеттер: 4. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзі 23.04.2015. // akorda.kz