9-сыныптардың негізгі мектепті бітіру емтихан қорытындысы, 11-сыныптардың орта мектепті бітіру емтихан қорытындысы туралы анықтама



бет1/4
Дата06.07.2022
өлшемі28,7 Kb.
#37524
  1   2   3   4

9-сыныптардың негізгі мектепті бітіру емтихан қорытындысы,
11-сыныптардың орта мектепті бітіру емтихан қорытындысы туралы анықтама


Қайда қаралды: педагогикалық кеңес
Мерзімі: 11.06.2022 ж

Мектебімізде 11-сыныптарда 26 оқушы, 9-сыныптарда 52 оқушы аяқтайды.


Мемлекеттік қорытынды аттестаттау бойынша бұйрық шығарылып, емтихандар кестелері мен кезекшілік кестелері құрылып, бекітілді.


11-сыныптарды мемлекеттік қорытынды аттестаттау
Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар мен күтілетін нәтижелер әрбір пән мен оқыту тілі бөлінісіндегі ерекшелікпен реттеледі.
Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын мектептер дербес әзірлейді.
Қорытынды аттестаттауды қайта тапсырған 9 (10) сыныптың білім
алушыларына № 125 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.
№125 бұйрықтың 39 тармағына сәйкес 11 (12) сынып білім алушыларын
қорытынды аттестаттау бекітілен нысандарда өткізілді.
9 (10)-сыныптың білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балл қою схемалары) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы дайындады. 11 (12) -сыныбының білім алушылары үшін – ҚР БҒМ дайындады.
Мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтиханында таңдау пәні ретінде
9 «А» сыныбы таңдау пәні ретінде – 25 оқушы «биология», 2 оқушы «физика» пәнін таңдады.
9 «Ә» сыныбы таңдау пәні ретінде – «информатика» пәнін таңдады.
11 «А» сыныбы таңдау пәні ретінде- «дүниежүзі тарихы» пәнін таңдады
11 Ә сыныбы таңдау пәні ретінде- «биология» пәнін таңдап отыр.


Емтихан тапсырмалары емтихан өткізілетін күні таңертең жіберіліп отырды. Балл қою кестесі емтихан аяқталған соң жіберіліп отырды.
Емтихан тапсырмаларын жауапты тұлға ДОІЖО С.Т.Даулетбаева, комиссия мүшелері ашып, оқушы санына қарай көбейтіп, пакетке салып, печать басылып, сейфке салынды. Емтихан тапсырмалары 9-сыныптағы алгебра, 11-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары пәнінен 1 сағат бұрын, басқа пәндерде 15 минут бұрын ашылды. Емтихандар №125-бұйрыққа сәйкес сағат 10:00-де басталып отырды.
9 А сыныптың оқушысы Тоғанай Ерболат ауырып қалуына байланысты емтихандарды жіберіп алды. Мектепішілік бұйрық шығарылып, оқушы жазылғаннан кейін тапсыратын кундері анықталып, кесте жасалды. Қалған оқушылар түгел емтихандарға қатысты. Емтиханға себепсіз келмей қалған, кешігіп келген оқушылар болған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет