9 тақырып. Желдету және ауа баптау жүйелері
Желдету және ауа баптау жүйелері – бӛлмелерде адамдардың ӛзін жақса күйде
сезінуіне қажетті микроклимат (ауа температурасы, ылғалдылығы және қозғалыс
жылдамдығы) және технологиялық процестердің тиімді ӛтуіне қажетті санитарлық-
гигиеналық жағдайлар туғыза алатын, ғимараттар мен құрылымдардың инженерлік
жүйелерінің бір түрі.
Желдету мен ауа баптаудың санитарлық-гигиеналық негіздері
Желдету және ауа баптау жүйелерінің кӛмегімен мынадай зиянды заттардың
әсерлерін жоюға болады: 1) бӛлмелердегі артық жылу; 2) ауаның артық ылғал құрамы; 3)
жалпы улы әсер ететін химиялық заттар булары мен газдар; 4) улы және усыз шаң; 5)
радиоактивті заттар.
Артық жылу бӛлінуі – адамдардан және технологиялық жабдықтардан түседі.
Тыныштық күйіндегі үлкен адам қалыпты микроклимат жағдайында 1150 Вт жылу
бӛледі, оның 20 % конвекциямен, 55 % сәулелену арқылы, ал қалған 25 % буландыру
арқылы бӛлінеді. Адамнан бӛлінетін жылу мӛлшері оның механикалық жұмысы мен
микроклиматқа байланысты болады.
Ӛндірістік бӛлмелерде жылу кӛзі пештер, станоктар, технологиялық жабдықтар,
электрлік қозғалтқыштар, жылутасымалдағышты құбырлар және т.б. болып табылады.
Ауаның артық ылғал құрамының кӛзі адамдар (қалыпты температурада,
мардымсыз физикалық жүктемелі адам сағатына 40-75 грамм су буын бӛледі; ауа
ортасының температурасы жоғарылағанда сағатына 150 грамм және одан да артуы
мүмкін), және түрлі технологиялық жабдықтар (булау камералары, ванналар және т.б.)
болып табылады.
Адам организміне зиянды әсер ететін газдар мен булар (аммиак, кӛміртегі тотығы,
күкіртті сутек, кӛмірсутек және т.б.) бӛлме ауасына түрлі технологиялық процестер
нәтижесінде бӛлінуі мүмкін. Тыныштық күйіндегі адам 500 литр ауамен дем алып,
шығарады, дем алғаннан кейін ауа құрамы ӛзгереді – оттегі құрамы 20,9 %-тен 16,4 %-ке
дейін тӛмендеп, кӛміртегі құрамы 0,03 %-тен 3,6 %-ке дейін артады.
Ауа құрамындағы шаң концентрациясы артып кететін болса, ол адам организміне
кері зиянды әсерін тигізеді. Дем алу органдарына тереңдеп ӛткен шаң созылмалы
аурулар, мысалы, силикоз және т.б. аурулар туғызады. Әсіресе, ауада улы шаңдардың
(кремнийдің, асбестің, қорғасынның және оның қосылыстарының қос тотықтары)
концентрациясы артуы қауіпті.
Радиоактивті заттар ӛте улы болады, және олардың ауаға таралуы адамдар мен
жануарлардың радиоактивті зардап шегуіне әкеліп соқтырады.
Бөлмедегі ауа алмасу және желдету жүйесінің жіктелуі
Қажетті тазалықты және адамдардың жұмыс істеуіне, тұрмысына қолайлы жағдай
туғызу үшін желдету және ауа баптау жүйелері бӛлмелерде тиімді ауа алмасуды
қамтамасыз етуі тиіс.
Ау алмасу – бӛлмедегі «қызған» немесе лас ауаны жартылай немесе толығымен
таза атмосфера ауасымен алмастыру.
Бӛлменің ішкі кӛлеміне шаққанда бір сағатта ішке берілетін немесе одан әкетілетін
ауа мӛлшері ауа алмасу еселігі деп аталады.
Бӛлмелерде талап етілетін саитарлық-гигиеналық жағдайларды ауа алмасу
қамтамасыз ететіндіктен, яғни бӛлмеден лас ауаны әкетіп, таза ауа беретіндіктен, желдету
жүйелері жұмыс түріне байланысты ауа беру және ауа шығару жүйелері болып бӛлінеді.
Бӛлмеден әкетілетін және бӛлмеге берілетін ауа қозғалысын тудыру тәсіліне
байланысты желдету жүйелері табиғи (ұйымдасқан және ұйымдаспаған) және
механикалық желдету жүйелері болып бӛлінеді.
Ұйымдаспаған табиғи желдету кезінде бӛлмедегі ауа алмасу ішкі және сыртқы ауа
тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен қоршау конструкцияларының
саңылаулары, ойықтар арқылы жүреді.
Ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен, бірақ,
сыртқы қоршауларда арнайы орнатылған, ашалып-жабылуы реттелетін фрамугалар
арқылы орын алатын ауа алмасу түрі – табиғи ұйымдасқан желдету жүйесі немесе аэрация
деп аталады.
Бӛлмеге ауа беру немесе одан ауа әкету механикалық қозғалыс туғызатын
қондырғылар, яғни желдеткіштер кӛмегімен жүргізілетін болса, ондай жүйелерді
механикалық желдету жүйелері деп атайды.
Бӛлмелерде ауа алмасуды ұйымдастыру тәсіліне байланысты желдету жүйелері
жалпы алмасу, жергілікті, локализациялық, аралас және апатты жағдайдағы желдету
жүйелері болып бӛлінеді.
Жергілікті желдету жүйесі бӛлменің белгілі бір жерлерінде, атап айтсақ жұмыс
орындарында (мысалы, жұмыс орнына бағытталған ауа ағыны - «ауа себезгісі») қажетті
санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызады.
Локализациялық желдету жүйесі – бӛлме ауасына зиянды зат тарамауы үшін
ӛндірістік қондырғылардың зиянды зат бӛлінетін жеріне орнатылатын, арнайы
жабындармен, шатырлармен жабдықталған ауа шығару жүйесі.
Желдетудің аралас жүйесі деп – жалпы алмасу жүйесінің жергілікті немесе
локализациялық жүйемен бірге қолданылуын айтады.
Апатты жағдайдағы желдету – кенеттен зиянды заттар бӛлінуі мүмкін
ғимараттарда орнатылады. Апатты желдету жүйелерін тек зиянды заттарды тез шығару
керек болған жағдайларда іске қосады.
Желдету жүйесінің түрін бӛлменің арналуына, ондағы зиянды заттар түріне, ауа
ағындары қозғалысының схемасына қарай таңдайды. Мысалы:
- «Ыстық» цехтарда аэрация, жергілікті ауа шығару және ауа себезгілері кеңінен
қолданылады;
- «Салқын» цехтарда ауа беру және шығарудың жалпы алмасу схемаларын, ал қақпаларға
ауа перделерін қолданады;
- Қоғамдық ғимараттарда (театр, мәжіліс залдары, дүкендер және т.б.) ауа беру және
шығарудың жалпы алмасу жүйелерін таңдайды;
- Мардымсыз ғана ауа алмасуды қажет ететін бӛлмелерде ауа шығару жүйелерін ғана
қарастырады, ал сыртқы ауа ішке ашық терезелер, фрамугалар және ойықтар арқылы
кіреді;
- Тұрғын үйлерде, әдетте, ас бӛлмелер мен әжетханалардан ауа шығару жүйелерін ғана
қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |