9 Тақырып. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі
Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні, түрлері және пайда болу шарттары
Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі
Кәсіпкерлердің қылмыстық жауапкершілігі
Кәсіпкерлердің өз міндеттемелерін қамтамасыз ету шарттары мен тәсілдері
1. Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні, түрлері және пайда болу шарттары
Кәсіпкерлердің жауапкершілігі деп мемлекеттің, қызметкерлердің, клиенттердің, шаруашылық жүргізу субъектілерінің құқықтарын бұзуға, орындалмаған ( келесімшарттық) міндеттемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс- әрекеттерді жасау қажеттілігін, міндетін түсінеді.
Келесімшарттарды дұрыс орындамау немесе мүлдем орындамау жағдайында және заңмен белгіленген міндеттер мен міндеттемелер орындалмаған кезде жауапкершілік пайда болады.
Келесімшарттарды дұрыс орындамау немесе мүлдем орындамау жағдайында және заңмен белгіленген міндеттер мен міндеттемелер орындалмаған кезде жауапкершілік пайда болады.
Кәсіперлік – құқықтық жауапкершілік мынадай функцияларды орындайды:
Превентивтік функция. Ол кәсіпкерлік қызметке қатысушылар тарапынан болашақ ;санкцияларды қолдану қаупінің пайда болғанын ескертеді;
Конпенсациялық функциясы. Ол заңды бұзушы – кәсіпкерлік қызмет субъектісінен зардап шегуші қатысушының пайдасына ақшалай соманы өндіріп алумен байланысты болып келеді және оның жоғалтуларының орнын толтыру, сондай- ақ бұзылу орны алғанға дейінгі бұрынғы жағдайды қалпына келтіру мақсатын көздейді.

Айыппұлдық ( репрессивті) функция. Мұнда ықпал етудің қарастырылған шаралары кәсіпкерлік сферасында заң бұзушылықтардың орын алуына жол берген тұлғалар үшін жазалаудың өзіндік нысаны ретінде көрініс табылады.