91 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологының оқушылар арасындағы кибербуллингтің алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстарының есебі



Дата15.11.2023
өлшемі14,82 Kb.
#123941
Байланысты:
91 мектеп мәлімет


91 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологының оқушылар арасындағы кибербуллингтің алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстарының есебі

2022-2023 оқу жылының І-ІІ тоқсанында 3-11 сынып оқушыларының арасында кибербуллингтің алдын алу мақсатында диагностика жұмыстары жүргізілді. Диагностика қорытындысы бойынша оқушылар арасында кибербуллингке тап болған оқушылар анықталмады.


5-11 сынып оқушылары арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, сынып жетекшілер бірігіп кибербуллингтің алдын алу мақсатында «Кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында іс-шара өтілді. Іс-шарада оқушыларға кибербуллинг деген не екенін, ондай жағдайға тап болған жағдайда не істеу керектігін, кімге жолығу керектігі жайлы айтылды. Телефонды пайдаланғанда белгісіз сайттараға кірмеу керектігі жайлы айтылды. Кибербуллингке қатысты видеороликтер көрсетілді.
ІІІ тоқсанда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог бірге әр сыныпқа кіріп кибербуллинг, буллинг жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өмірге жағымды көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Бақыт деген не?» тақырыбында семинар тренинг өтілді. 7-8 сынып оқушыларына «Мен өмірді сүйемін», «Жақсы көңіл-күй – жан азығы» атты тренинг сабақтар өтілді. 9-11 сынып оқушыларына аралығында «Маған өмір керек, мен өмірге керекпін!», 11 сыныптарға «Өзің таңдаған өмір», бастауыш сынып оқушыларымен «Біз бәріміз әртүрліміз, өз-өзімізді танимыз және бағалаймыз» тақырыбында тренингтер жүргізілді.
Оқушыларға үнемі сенім жәшігі мен сенім телефонының жұмыс істеп тұрғандығын және кез-келген уақытта педагог-психологқа жүгінуге болатынын ескертіп айтып отырамыз.
Ата-аналарға да ата-аналар жинасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, кибербуллингтің алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп директоры: А.А.Тагаев
ДТІОЖ: А.Б.Атыкулова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет