“Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты” КЕ АҚ “Жеткіншектің жеті жарғысы” Жоба қорғаушылар тобы: Мусанова Назгул Адамбековна Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары “Шілікті орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі . Чонаева Маншук Кахарманқызы Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары “Көгедай орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі . СмагуловаАйнур Мейрамкановна Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары “Х.Мұстафина атындағы”коммуналдық мемлекеттік мекемесі . ШҚО бойынша академиялық бөлімнің аға оқытушысы: Машаева А.Б.
Мақсаты: “Өзін- өзі басқару” ұйымы арқылы білім алушыларды Отанға деген , өз халқының тарихи мұрасына, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық пен адамгершілікке баулу. Міндеттері: - Құқықтық сана туралы түсінік беру; - Ізгілікке, адамгершілікке, сүйіспеншілікке баулу, ұлтжандылық дағдыларын қалыптастыру; - “Ар - ұждан”ілімдері жөнінде кеңінен түсінік қалыптасу;. - Сөзіне берік ісіне адал болу,достарына сыныптастарына,отбасы мүшелеріне қамқор болу,мейрімділік таныту; - Әдеп нормаларын ұстану; Өзектілігі: Оқушыларға ұлттық құндылықтар туралы мағлұматтар беріп,рухани -адамгершілік қасиеттерін дамыту.Тарихын сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеу. Жоба жоспары: 1. Кіріспе. 2. Негізгі бөлім: 2.1. Жеткіншектің жеті жарғысы. 2.2. «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасына арналған іс-шаралар. 3. Қорытынды.
«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық пен адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылады. Білім алушының бойында қоғам мен ата-ана алдындағы жауапкершілік пен Отанына деген рухты, патриоттық сезімді қалыптастыруда Алып Ер Тоңғаның «Ақи немесе жомарттық», Әл-Фарабидің «Парасатты адам», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Яссауидің хәл туралы, Абай Құнанбаевтың «Толық адам», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ар-ұждан» ілімдерінде және басқа да қазақ халқының ағартушыларының еңбектері негізгі алғы шарт болып табылды. Әл-Фараби баланың ақылды, парасатты болуы үшін оқу және оқығанды бойға тоқу, жақсылардан үйрену маңызды екендігіне мән берген. Ол ақыл-парасат адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді, ізгілікті ұғынуына ықпал етіп, бақытқа жету жолында жетекші рөл атқаратындығын көрсетеді. Ал, Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» шығармасында қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білімі, ақыл-парасаты қандай болу керектігін сипаттайды. Білімсіз адамда ақылдың болмайтындығын тілге тиек етіп, адам тек біліммен ғана жетіліп, ақылмен талай түйінді мәселелерді шешіп, мұратына жететіндігін тұжырымдайды.