Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының бастауыш өзбек бөлімінің 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебі



Дата02.06.2023
өлшемі12,14 Kb.
#98280
түріСынақтар

Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының бастауыш өзбек бөлімінің 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебі.
1 жарты жылдық
Бастауыш өзбек сыныптрында 9 мұғалім жұмыс істейді. Еңбек стаждары: барлығы 20 жылдан жоғары. Жоғары санатта 5 мұғалім, 1санатта 4 мұғалім жұмыс істейді.
Бастауыш өзбек сыныптарында мұғалімдер қыркүйекке дейін жылдық жоспар жасады. Әр тоқсан үшін сынақтар дайындады.
Қыркүйек айында «Тіл мерекесі» 15 мен 25 аралығында болып өтті. Барлығы мерекеге жақсы қатысты.Қала күніне арнап сурет байқауы өткізілді.
«Көркем жазу» байқауына 1-4 сыныптардан 10 оқушыдан қатысып, 3 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды
Қараша айында мектепшілік алтын күз байқауы болып өтті. Бұнда барлық сынып оқушылары жақсы қатысты.
1-2 тоқсан аралығындағы демалыс кезінде «Рухани жаңғыру» бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып альбом жасалынды.
Бастауыш сыныптар аралығында «Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекесі болып өтіп, оқушылар көтеріңкі көңіл күйде ерекше әсерге ие болды. Олар сахнада өздерінің биі, тақпақтары, әндері, әртүрлі сайыстары арқылы басқалармен бөлісті. Аязата өнер көрсеткен оқушылардың барлығын өзінің әдемі сыйлықтарын ұсынды. Оқушыларға мұғалімдер ізгі тілектерін білдірді . Бұл мереке Сайдуаниева және Нурушевалардың ұйымдастыруымен болып өтті.
Басатуыш сынып оқушылары қашықтық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға иеленді, дипломдармен марапатталды.
3 -4 сынып оқушылары «Самурық» олимпиадасына қатысып жүлделі орын алуға үміт артып отыр.
Әр тоқсанға арналған білім сапасы шығарылды, оқу шапшаңдықтары тексерілді, сынақтар алынып, мониторинг жасалынды. Сынып журналы өз уақытында толтырылып барылды.
Дәптер және күнделік толтырылуы қадағаланды.
Әдістемелік бірлестік отырыстары өз уақытында болып, түрлі баяндамалар оқылды. Мұғалімдер өз пікірлерімен бөлісті.
Дайындаған : Нурушева Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет