95. Жазудың жалпы даму тарихы және қазақ жазуы туралы айт



Дата04.11.2023
өлшемі17,7 Kb.
#121897

95.Жазудың жалпы даму тарихы және қазақ жазуы туралы айт.
Жазу сурет өнерінен бөлініп шықты.Алғашқыда адам тек өз басындағы ой, сезімді табиғат құралдарына белгілеп,сыртқа шығарды.Уақыт өте келе бұл туындыларды өзгелерде қарап,оқиға,құбылыстарды түсініп,қабылдай алатын болды.
Қазақ халқы өзге түрік халқы сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды.19 ғасырдың екінші жартысынан бастап зиялылар, оның ішінде Ы.Алтынсарин қазақтың ұлттық жазба тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін толық бере алатын жаңа алфавит қабылдауды бастады.
Қазақ тіліне яғни орфографиясына араб жазуының кемшіліктері байқала бастап,қазақ жазуын орыс ( кириллица ) графикасына көшіру идеясын қызу талқылады.

96.Араб графикасы:Орта Азия,Жетісу,Шығыс Түркістан аймақтарында таралуы жөнінде айт.
Қазақтың араб алфавиті 29 әріптен және бір цифрдан тұрады.Алфавит жазылған бағыт оңнан солға қарай.
Қазір Қытай,Пәкістан, Ауғанстан,Иран және Таяу Шығыстың басқа елдерінде тұратын қазақтар араб жазуын қолданады.Қазақстанда араб графикасы 10-20 ғасыр аралығында 900 жыл қолданылды.1912 жылы А.Байтұрсынов араб жазуына негізделген қазақ жазуын реформалап,оны шетелде тұратын миллиондаған қазақтарға қолдануға мүмкіндік берді.
Ол қазақ тілінде қолданылмайтын таза араб әріптерінің бәрін алып тастады, қазақ тіліне тән әріптерді қосты.

97.Еш,бір,кей,қай,әлде,әр сөздерінің бірге,бөлек жазылуы туралы айт.
Бұл сөздер зат есімдермен тіркескенде,бөлек жазылады.Мысалы, еш адам,әр бала,қай үй,кей адам.
Бұл сөздермен біріккен есімдік,үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей,бірге жазылады.Мысалы,әркім,әрбір,ешқандай.

98.Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері, олардың түрлері мен қызметі жайында айт.
Нүкте,сұрау,леп белгісі,көп нүкте.
Нүкте сөйлеуге қатысты бір сөйлемді басқа сөйлемдерден ажыратып,бір ойды екінші оймен шатастырмау үшін қолданылады.
Сұрау белгісі ойдың,сөздердің байланыстарының аяқталғандығы сұрау белгісімен белгіленеді.
Леп белгісі одағай,қаратпа сөздерден кейін қойылады.
Көп нүкте айтылмаған көп сөз бар екенін білдіру үшін,аяқталмаған ойдан соң,тосын,күтпеген сөз қосылғанда қойылады.

99.Қазақ емлесінің өзекті мәселелері туралы айт.
Қосымшалардың жазылуында шалағайлықтар кездесіп жатыр.Мысалы,М.Әуезовтың (дұрысы М.Әуезовтің) , Жұлдыздыкы (дұрысы Жұлдыздікі) т.б
Орфографиялық сөздікте орфоэпиялық норманы сақтап жазған (қыргүйек,көгөніс,көгет,зауыт,тауар,нөл,рөл,нөмір,шегара,пайыз,пойыз) т.б.
Сөздердің орфографияға сай жазылмай қате кетуі де өзекті мәселелерге жатады.


100.Салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілеріне шолу жаса.
Құрмалас сөйлемнің құрамында жалғаулық шылаулар бір не бірнеше рет кездессе де,жай сөйлемдер арасына үтір қойылады.Бірақ және немесе шылауларымен байланысқан сөйлемдер арасында үтір қойылмайды.
Түсіндірмелі салалас жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады.
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас жай сөйлемдері арасына үтір мен сызықша қойылады.Мысалы,Тұрайын деп еді,-тұра алмады (С.Мұқанов).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет