А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасы



бет1/2
Дата22.12.2023
өлшемі260,58 Kb.
#142629
  1   2

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: «Қазақ әдеби тілінің сөздігіндегі» түсіндірмелер (дұрыс және қате түсініктер)


Орындағандар: Темірхан Аяжан
Іңкәрқызы Жансая


Қабылдаған: Тымболова А.О.
Алматы, 2023
Он бес томдықтағы кемшіліктер мен қайшылықтар
15 томдықта кемшіліктердің түрі көп.
1) Солардың ең сорақысы - бір сөзді немесе бір сөз тіркесін екі рет алып, екі рет анықтама беру. Мәселен, сөздікте күзе етістігі екі рет алынып, екеуіне де «жылқының жал-құйрығын қырқу» деген анықтама берілген. Мұндайлардың саны әжептеуір. Көп орын алдырмас үшін екі рет алынған атау сөздердің өздерін ғана тізіп берелік: бұрын-соң (3,742; 4,7) бисымақ, кәні, кәніки, кюри, күмп, қисын, қисындасу, қоналқы', қоналқы", мойныса, мұхлис, мұхтарам, нәбатат, омпа', омпа', сіре, томыртқала т.б. Екі рет қайталанып алынған сөздердің мағыналарында ешкандай айырмашылықтар жоқ. Кейбіреулерінің (мұхлис) бір ғана мысалы бар.
2) Жетесіне жетті тіркесі де екі рет алыныпты. Біріншісіне «Түсінді, айқын болды» деген анықтама беріліп, оған Ә.Нұрпейісовтен мысал келтіреді. Осы сөз тіркесі екінші жерге тағы алынып, оған «Бір нәрсенің байыбына барды, мәніне түсінді» деген анықтама беріледі де, Ә.Нұрпейісовтан алынған әлгі мысалды тағы келтіреді. Осы сияқты жүрек жылыды тіркес де екі рет алынып, екі рет анықтама берілген.
3) «Бір ғана тілдік бірлік екі рет алынған» дегеннен шығады, 15 томдықтағы сөз тіркестерінің біразы бірде бөлек, бірде бірге жазылып, екі жерге алынғандығы туралы біз осының алдындағы тақырыпта айтып, мысалдар келтіргенбіз. Сондықтан оларды қайталап жатпай-ак бір ғана мысал келтірумен шектелелік.
Киіз үй, керегесіне байланысты қолданылатын торкөз сөзі 15 томдықта бірі - біріккен күйінде, скіншісі – бөлек жазылған күйінде екі реталыныпты. Бөлек жазылған тор көзге «кереге көздендіріп жасалған» деген сын есімдік анықтама берілген. Ал біріктіріліп жазылған торкөзге «он төрт көкті (?) керегенің төртбұрыш, төрт көз тесігі делінген зат есімдік анықтама берілген. Бірақ бұлардың мысалдарында ол сөз «торкөз кереге» деген тіркестік тұлғада тұр. Яғни бұл да сын есім деген сөз.
4) Он бес томдықта алақарға, жанқалта, төс қалта, көтен ішек, мұртсыз деген сөздер алынған. Ал осылардан ешқандай айырмашылықтары жоқ қара қарға, сағатқалта, сыртқалта, ішқалта, тікішек, сақалсыз деген сөздер онда алынбаған.
5) Вариант сөздерді сөздікке алудың ең дұрыс жолы олардың дұрыс еместерін дұрыстарына сілтеу. Көпшілік жағдайда солай істелінген. Алайда дұрыс сілтенбеген жерлер де аз смес. Айталық, 15 томдықта таж сөзі тәж сөзіне сілтенген, Тәжге барғанда ол қайтадан тажға сілтенеді. Нәтижесінде тәж сөзі анықтамасыз қалған.
Муәзин де, муәзін де жеке-жеке муазинге сілтенген. Ал муазин болса азаншы сөзіне сілтеніпті. Бүйтіп сатыламай-ақ, бұғынбақ ойнатпай-ақ оларды топтап, бірден азаншы сөзіне сілтеуге болатын еді гой.
6) Ең жаманы ҚӘТС-те дұрыс вариант дұрыс емес вариантына сілтенеді. Мәселен, жоғарыда айттық, 15 томдықта пірәдар пірадарға, пірадар бірадарға сілтенген. Бірәдәр деген жіңішке варианты да жеке алынып, ол да бірадарға сілтеніпті. Бұлардың ішіндегі дұрысы - пірәдар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет