Ықтималдықтар теориясы



Дата14.10.2023
өлшемі28,23 Kb.
#114302

Ықтималдықтар теориясы
Сұрақтар:

  1. Ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдары

  2. Оқиға түрлері

  3. Оқиғалардың толық тобы

  4. Оқиғалардың салыстырмалы жиілігі

  5. Оқиғаларға қолданылатын амалдар

  6. Ықтималдықтың қосу теоремасы

  7. Ықтималдықтың көбейту теоремасы

  8. Шартты ықтималдық.

  9. Бернулли формуласы.

  10. Пуассон формуласы.

  11. Лапластың интегралдық формуласы.

  12. Ең үлкен сан және ең үлкен ықтималдық.

  13. Лаплас және Пуассон формулаларының Бернулли формуласынан айырмашылығы.

  14. Лапластың локальдық және интегралдық формулаларының айырмашылығы.

  15. Лапластың локальдық формуласы.

  16. Тәуелсіз қайталамалы тәжірибелердің мағынасы.

Есептер:

  1. Қорапта 5 ақ, 8 кара жане 7 көк бірдей шарлар салынған. Қораптан

кез-келген бір шар алынады. Сонда ақ шар пайда болуынының ықтималдығы қандай?


  1. Қ, А, Ы, Т, Б әріптері бөлек карталарға жазылған. Содан кейін карталар араластырып кез-келген ретпен бір қатарға орналастырылған. Сонда БАҚЫТ сезінін пайда болуының ықтималдығы қандай?



  1. Ұйымда 8 ер адам, 9 әйел адам жұмыс істейді. Табельдегі немірлері бойынша 5 адам таңдап алынды. Тандап алынған адамдардың ішінде 3 әйел бар болуының ықтималдығын табу керек.




  1. Мына 7;5;3;7;7;3 цифрларының көмегімен алты таңбалы қанша сан жазуға болады.

  2. 18 картаның ішінен кез-келген 2 карта алынсын. Осы екі картаның бір түсті болуының ықтималдығын табу керек.



  1. Жәшіктегі 12 детальдің 6- боялған. Деталь жинаушы 3 деталь алды. Алынған үш детальдің ең болмағанда біреуі боялғандығының ықтималдығын табу керек.



  1. Екі ойын сүйегі лақтырылған. Сонда пайда болған сандардың қосындысы 5-тен артық болмауының ықтималдығын табу керек.



  1. Төрт ойын сүйегі лақтырылған. Сонда төрт сүйекте де бірдей сан пайда болуының ықтималдығы қандай?



  1. Жаңа мөлтек ауданда үйлердің кіретін есігіне коды бар 10000 құлып қойылған. Бір ай ішінде құлыптың істен шығу ықтималдығы: а) 0,0002; б) 0,001. Бір айда екі , үш және бес құлып істеп шығу ықтималдығын тап.

Шешуі: а) Пуассон формуласын қолданамыз

  1. Белгілі бір технологиялық процесте барлық өндірілген өнімнің 85 проценті жоғарғы сортты. 150 бұйымнан тұратын партияның ішіндегі жоғарғы сортты бұйымдардың ең ықтимал санын табу керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет