Достар, жер бетін жасыл кілемге орайтын, өзіміз асыға күткен көктем мезгілі барша тіршілік иесін қуанышқа бөлеп отыр. Көктемнің басын ауа райын зерттеушілер 1-наурыздан басталады десе, аспан әлемін зерттеушілер күн мен түн теңелгенде, өсімдік танушылар үйеңкі ағашының бойынан шырын жүре бастағанда басталады дейді. Сондықтан да көктем мезгілі 3 кезеңге бөлінеді. Ол қандай кезеңдер?

Көктемнің 1-кезеңі—ерте көктем. Бұл кезең наурыз айынан басталып, сәуір айына дейін созылады. Бұл кезеңде қар еріп-суға айналып, су топыраққа сіңіп, топырақ жұмсарып, жер бетін жасыл шөп басады. Күн жылынып, аспандағы қою бұлттар сирей бастайды.

Көктемнің 2-кезеңі—ортаңғы көктем. Бұл кезең мамыр айына дейін созылады. Бұл кезеңде қара мойыл ағашы гүлдеп, жәндіктер тіріле бастайды. Жәндіктерге көбелек, бал арасы, құмырсқа, қанқызы, шыбын жатады. Сондай-ақ бүршік жарған ағаштардың жапырағы жайқалып өсе бастайды.

Көктемнің 3-кезеңі—жай көктем. Бұл көктем маусым айына дейін созылады. Бұл кезеңде жеміс-жидек ағаштары гүлдеп, табиғат тамашасын көркейте түседі.Көктемде табиғат құлпыра түседі. Қалай санасақ та наурыз—көктем мезгілінің алғашқы айы.

Өлі табиғатқа нелер жатады?
Өлі табиғатқа нелер жатады?
Қар мұз жаңбыр тас құм
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Көктемнің алғашқы гүлдерінің аттары қандай?

Ауыл мен қалаға ең алғаш қандай жыл құсы ұшып келеді?