Жүргізуші: балалар мен сендерге қазір қызыл, көк, сары немесе жасыл түстерді көрсетемін. Қай балаға жасыл түс кездессе, ол жасыл түсті 3 заттың атын атау керек. Айтқан затты қайталап айтуға болмайды. Мысалы, жасыл түсті алған оқушы жапырақ деп айтуға болады.
«Зейінді бол!» жаттығуы Жүргізуші: Балалар қазір мен сендерге сөздер оқимын, сол сөздердің ішінен сендер жануарлардың атын естігенде қол шапалақтауларың керек, ал құстың аттарын естігенде аяқтарыңмен топырлатасыңдар, балықтардың атауларын айтқанда, балық ұқсап жүзулерің керек.Қарақат, алабұға, алма, түлкі, сандық, көгершін, сауысқан, шортан, жолбарыс, теледидар, қарға, аю, гүл, тотықұс, кит, акула, бауырсақ, қоян, ақ шағала, шабақ, арыстан, қарлығаш. 1. "Шатасқан сызықтар" әдістемесі
Зейін тұрақтылығын бағалау Балаға 10 шатасқан сызық бейнеленген сурет ұсыныңыз(1 сурет). Әр сызықтың басында (сол жағында) және соңында (оң жағында) өзінің нөмірі бар.Бірақ та бұл нөмірлер сай келмейді.
Баланы әр сызықтың басынан соңына дейін мұқият қадағалауын сұраңыз. Бұл жағдайда қалам, қарындаш немесе саусақ қолдануға болмайды.Бала сызықтың сол жағындағы, сосын оң жағындағы нөмірді дауыстап айтады.
Барлық тапсырманы орындауға жұмсалған уақытты, жіберілген қателерді, жаңылыстарды және т.б. белгілеп отырыңыз. 6-7 жасар балалардың көпшілігі бұл тапсырманы 1-2 минут ішінде мүлде қатесіз орындай алады.
1-сурет
Қабылдауды зерттеу әдістемесі 1. "Не аяқталып салынбаған?" әдістемесі
Қабылдаудың тұтастығын бағалау Балаға таныс заттар бейнеленген суреттерді ұсыныңыз. Оның әрбір суретке мұқият қарауын және жетіспей тұрған бөлігін атауын сұраңыз (2 сурет. не аяқталып салынбағанын айту).
2-сурет
2. "Бұл не, танып ал" әдістемесі Алдымен балаға суреттің бөлігі, фрагменті көрсетілетіндігін, сол бойынша тұтас бейнені анықтау қажет, яғни бөлік немесе фрагмент бойынша тұтас суретті салу керек.
Балаға а) дан басқа барлық фрагменттері қағазбен жабылған 3- суретті көрсетеді. Осы фрагмент бойынша бұл бөлшектер жалпы қандай суретке тиісті екенін айту керек.
Есепті шешуге 10 секунд уақыт беріледі.Егер бала дұрыс жауап бермесе, онда оған 10 секундқа келесі толығырақ фрагмент көрсетіледі, тағы сол сияқты,бала суретте не бейнеленгенін аңғарғанша жалғаса береді.
Жалпы 6-7 жасар балалар фрагмент бойынша тапсырмамен 20 секундта орындай алады.