Абай атындағы Қазақ


ҚАЗАҚСТАНДА ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДЫҢ ТАБИҒИ АЛҒЫШАРТТАРЫ



Pdf көрінісі
бет417/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   464
ҚАЗАҚСТАНДА ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДЫҢ ТАБИҒИ АЛҒЫШАРТТАРЫ 
 
Есенғабылова А.Қ. – Л.Н. Гумилев атындағы. ЕҰУ, PhD докторанты, aiman_13_90@mail.ru 
Омаров Қ.М. – аға оқытушы, п.ғ.к. Абай атындағы ҚазҰПУ, kairat62@bk.ru, 
 
Берілген  мақала  отандық  емдік-сауықтыру  туризмі  саласын,  оның  ішінде  курорттық  қызметтер  нарығын 
дамытудың табиғи алғышарттарын бағалауға бағытталған. Мақалада Қазақстанның рекреациялық əлеуетінің емдік-
сауықтыру жүйесін талдау негізінде емдік-сауықтыру туризмінің даму перспективалары қарастырылған. Емдік-
сауықтыру  туризмінің  рекреациялық  ресурстарын  бағалау  табиғатты  пайдалануды  оңтайландыру  мен  курорттық 
кешенді дамыту үшін қажетті алғышарт болып табылады. Осы мақсатта Қазақстанның бірнеше аймақтарының 
табиғи  рекреациялық  ресурстарын  бағалай  отырып,  аймақтардың  рекреациялық  əлеуетін  салыстыру  мақсатында 
аудандастыру  жүргізілді.  Берілген  аймақтарда  бальнеологиялық  жəне  климаттық  ресурстарды  талдау  барысында 
рекреациялық тартымдылығы мен емдік-сауықтыру туризмін дамыту мүмкіндігін бағалау үшін 20 гидро-мине-
ралды  аудан  бөлініп  алынды.  Жасалған  талдаулар  негізінде  Қазақстанның  табиғи  рекреациялық  ресурстарының 
карта-сызбасы  құрастырылды.  Сонымен  қатар  гидомнералды  аудандардың  рекреациялық  ресурстарының  сандық 
жəне  сапалық  сипаттамасы  берілді.  Нəтижесінде,  Қазақстанның  гидроминералды  аудандары  өте  жоғары  жəне 
жоғары, орташа жəне төмен рекреациялық əлеуетке сəйкес 4 топқа топтастырылған. Зерттеу нəтижелері жоғары 
рекреациялық  əлеуетке  ие,  бірақ  əлеуметтік-экономикалық  рекреациялық  ресурстар  тарабынан  аз  игерілген 
аудандарда емдік-сауықтыру туризмі саласының дамуын тежейтін мəселелерді анықтауға жəне берілген аудан-
дарды дамыту бойынша ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет