«Абай жолы» туралы «Абай жолы»роман-эпопеясы



бет1/3
Дата03.02.2023
өлшемі31,82 Kb.
#64871
  1   2   3

«Абай жолы» туралы
«Абай жолы»роман-эпопеясы  - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романы, қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Төрт том 26 тараудан, 2 эпилогтан тұрады.Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген ат бермек болды. Бас кейіпкер қазақтың кемеңгер ойшыл ақыны – Абай Құнанбайұлы. Роман-эпопеяда оның 13 жастан бастап, қайтыс болғанға дейінгі өмір жолы тұтас баяндалады.
Сондықтан да бүгінде Л. Н. Толстойды оқымай орысты, О. Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын. «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр. «Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.

«Көксерек» әңгімесі  — адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған. «Көксерек» повесі 1929 жылы жазылған. Ал фильмы 1974 жылы жарыққа шыққан. «Көксерек» әңгімесі мажар, поляк, монғол, неміс, эстон, голланд тілдеріне аударылған. 1977 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. Шығарма бойынша «Көксерек» фильмі түсірілді, қазақ, неміс, орыс тілдерінде спектакльдер қойылды. Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің тақырыбын таңдап алуының бір себебін жазушының жұбайы Валентина Әуезова былай деп еске алады: «Бірде мен қабырға күнтізбесін (1929 жылдың) сатып алдым. Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді. Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын – қысқы түн, қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай деревняның оттары көрінеді. Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр. Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан естіген әңгімелерін есіне түсірген болуы керек, енді міне, күн сайын көз алдынан осы суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек» әңгімесін жазған болатын», — дейді.
Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады. Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтамайтұғын.
Құрмаштың нағашысы қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмайды. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды. "Көксерек" деп шақырады.
Ауылда бір аңшы бір төбет итті асырайды. Ол ит қасқыр алатын ит екенін ауыл адамдары мойындайды. Ол бір қасқыр ұстайды. Өзі көкжалдай болады. Ол Көксеректі іздеуге бірнеше адам болып шығады. Жаңағы тайыншадай итті бірге алып шығады. Олар Көксеректі бір сайдың жотасынан кездестіреді. Сол мезетте үлкен төбет көксерекке арыстандай атылып, жолбарыстай бақырып тұра ұмтылады. Екеуі біраз арпалысады. Екеуінің күші тепе-тең болады. Екеуі бір-бірімен тістесіп, екеуінін ауыздары қарысып қалады. Сол кезде ит иесі мен ауыл тұрғыны келіп Көксеректі бауыздап жібереді. Төбет ит сол кезде зорға демалады. Олар ауылға Құрмаштың апасына Көксеректі алып келеді. Сол кезде апасы "Менің баламның жазығы не?" деп айтады. Апасы қайғыдан құса болады .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет