Оқу сауаттылығы 1 мәтін Нұсқаулық



бет1/3
Дата24.01.2023
өлшемі25,08 Kb.
#62716
  1   2   3
Байланысты:
4-сынып ТЕСТ


Оқу сауаттылығы
1 мәтін
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Қайыңның көз жасы
Қапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта- қайта қарап, таңтамаша. Осы сәтте Күркебай қарт таяп келді. Қапан:
- Ата, айтыңызшы, неге су ағып тұр?- деді қайыңның бұтағын нұсқап.
- Су емес... Қайыңның көз жасы- ол. Біреу бұтағын сындырған. Содан жаны жараланып, жылап тұр. Тілі жоқ. Айтатын. Қайтсін байғұс?! Табиғат перзенті- ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны- осы...
Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесіне жеткендей басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата!» деген сөзді іштей қайталай берді.

1. Мәтінде қандай ағаш туралы айтылған?


А) қарағай
В) қайың
С) қарағаш
Д) қарақат

2. Қарамен жазылған сөздің мағынасын табыңыз


А) санасына
В) ойына
С) басына
Д) жүрегіне

3. Қапан іштей қандай сөзді қайталай берді?


А) Мен сындырған жоқпын, ата.
В) Ағаштың жаны, жүрегі жоқ
С) Мені кешіріңіз, ата.
Д) Енді сындырмаймын, ата!
4. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз А) Табиғат- тал бесік. В) Табиғат- жер байлығы, батырлар- ел байлығы. С) Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ. Д) Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты.
2 мәтін
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Қайырымды балалар
Сәулет көкке қарады. Қарлығаштар төмен құйылып, кеудесімен жер соға жаздап барып, қайта көтерілді. Келбет екеуі біраз қарап тұрды. Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.
- Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап.
- Әне, ана балапанды қарашы.
- Қане, қайсы, қай жерде?
- Әне, байқа, басып кетпе.
Келбет келіп қалды. Кіп- кішкентай тұмсығын жерге тіреп, қызылшақа балапан жатыр. Көздерін ашып- жұмып, дір- дір етеді. Сәулет балапанды алақанына салып көрді.
- Ұядан ұшып түскен ғой,- деді.
- Тірі ме? - Иә, тірі сияқты.
- Бізден қорқып тұрған шығар.
- Онда ұясына салайық,- деді де, сатыны әкеп, үйдің қабырғасына сүйеді. Сатыға шығып, балапанды ұяға салды.
Сәулет пен Келбет сатыны алған соң қарлығаштар ұяға қонды. Манағыдай емес, көңілді. Көкке көтеріліп, балалардың төбесінен екі- үш айналып өтті.

5.Мәтіндегі балаларға тән қасиетті көрсетіңіз


А) мейірімділік
В) өзімшілдік
С) өжеттік
Д) қатыгездік

6.Қарамен жазылған сөздер қай септікте тұрғанын табыңыз


А) атау септік, ілік септік, көмектес септік
В) атау септік, табыс септік, ілік септік
С) жатыс септік, ілік септік, шығыс септік
Д) барыс септік, табыс септік, көмектес септік

7. «Дір- дір» сөзі қандай қос сөздерге жатады?


А) қосарлама қос сөздер
В) қосымшалы қос сөздер
С) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер
Д) қайталама қос сөздер
8.«Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр» сөйлеміндегі етістік қай шақта ғанын табыңыз.
А) келер шақ В) өткен шақ С) осы шақ Д) барлық жауап дұрыс
9.Сөйлемнен буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз. Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап.
А) Сәулет В) сүрініп С) тізесін Д) сипалап
10. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз
А) Сәулет балапанды алақанына салып көрді.
В) Балапандар ұядан құлап түсті.
С) Сәулет пен Келбет балапанды өздерімен алып кетті.
Д) Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет