Абай үшін толық адам рухани жетілген, жан-жақты дамып



Дата25.11.2023
өлшемі14,6 Kb.
#127112
Байланысты:
Саламат.Е ЭССЕ философия


Абай үшін толық адам – рухани жетілген, жан-жақты дамып
жеке тұлға болып қалыптасқан, кеміліне келген адам. Ғалым Абайдың толық
адам ілімі жайлы танымын тереңінен түсіндіріп, бүгінгі және келешек
ұрпаққа рухани азық ретінде мол тағылым қалдырып отыр.
Абайдың толық адам ілімінен ұстаздық, ғылым-білімді игеру, өнерге
ұмтылу мәселелері де көрініс табады. Адамзат баласын білм мен ғылымға
жетелеудің сан түрлі жолдарын көрсеткен. Білімді алу, меңгерген білімді
өмір тәжірибесінде қалай қолданып жүзеге асыру жайлы астарлы терең
философиялық қанатты сөздер қалдырған. Абай: «Білімдіден шыққан сөз,
талаптыға болсын кез», - деп білімнің терең сырын ұғатын, көкірегі ояу,
ынталы шәкірттерді іздейді. Адам болам деген талантты, тәрбиелі жастардың
бойынан ізгіліктің дәні мен адамгершіліктің нәрінің көріністерін «Ғылым
таппай мақтанба» деген өлеңінде даралап, саралап көрсетіп береді. «Бес
нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - деп толық
адамның кәміл сипатын айқындап берді.
Сонымен, Абай өмірді, адами құндылықты жан-жақты, жүрегінің түбіне
терең бойлап зерделеген сыншыл ақын. Адамгершіліктің, әділеттіліктің
негізгі моральдық ұстанымдарын өз поэзиясында кең шеңберде көрсетіп
отырған. Ғылымға, білімге ұмтылған адамды жоғары бағалап, дүниенің
барлық сырын ұғынуда ақылды таразы етіп, ой елегінен өткізген. Осы кең
өрісті адами құндылықтарды толық адамның танымымен түсіндерген. Яғни,
Абай үшін дүниенің басты құндылығы жәй адам емес, кемеліне келген адам.
Абайдың арманындағы толық адам – біліммен, ғылыммен және дінмен
ұштасып дамып, жетілген адам. Адамзат өркениетінде рухани тұрғыда игі
қасиеттерді – иман, ғылым, білім, тәрбие, өнер, құқық, тапқырлық,
қайраткерлік, жомарттылық, азаматтық, адамгершілік құндылықтарды
бойыңа сіңіріп, жетілдірген адам – Абай зерделеп, ұсынған «толық адам»
ілімі. Толық адам ілімі – қазақ халқының ұлттық санасын оятып, рухани
жаңғыртудағы қазақ халқының рухани жаршысы болып табылады.


Абай қара сөздерін публицистикалық стильде жаза отырып, оқырманмен сырласады, пікірлеседі, кеңескен түрде мазмұнды да мағыналы өзіндік ой-пікірін білдіреді. Абайдың өзі қара сөзін жазар алдында оқырманға «керек кісі болса алсын, алмаса, өз сөзім өзімдікі» деген болатын. «Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп, Жүрмесін деп аз ғана сөз шығардық,» – дей отырып, «Атымды адам қойған соң» үндемей қалмайын, өмірден көрген- түйгендерімді кейінгі жастарға айта отырайын, егер де шалыс басып жүрген жастар болса, келеңсіз іс-әрекеттерін түзетер, ой-елегінен өткізер дегенді айтқысы келеді. Абай қара сөздерінің барлығы да сол замандағы әлеуметтік күрделі мәселелерді сөз еткенімен, бүгінгі таңда да қара сөздеріндегі ғибратты ойлары мен ақыл-кеңестері әлі де маңыздылығын жойған жоқ, керісінше, Абайдан алар өсиетті кеңестері нағыз осы дәуірге лайықталып жазылғанға ұқсайды. Соған қарағанда Абайдың: «Дүние – үлкен көл, заман − соққан жел», «Алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезектене бөлінер, баяғыдай көрінер» деген сөздерінен-ақ Абай тұжырымдамаларының қазіргі жастар үшін де берер тәрбиесі орасан зор болары анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет