Абайдың қара сөздерін талдау
Абайдың 1890-1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз»деп аталады. Ол сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларында Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Ол «Адамды ,Алланы әділетті сүй» деп артына өсиет қалдырды. «Әкенің баласы ғана емес, Адамның баласы бол», «Біріңді қазақ бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген қасиетті нақылдары қай заман, қай қоғам, қай адамзатқа болмасын ортақ тағылым. Абай өзінің психологиялық көзқарасына талдау жасай отырып, халқына мұра қылып қалдырып кеткен еңбектерінде болашақ жастарды тәрбиелеуге деген ынта - ықыласын көрсете білді.
Жетінші қара сөзінде.Жас бала анадан туғанда екі түрлі болып туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, хәм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр – жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай – керней болса, даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенінде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген.
Абай бұл қарасөзінде адам баласы өмірге түрліше келетінін, адамда тән мен жан құмарының болатынын сипаттайды. Тән құмары деп жалқаулық, еріншектікті сипаттайды. Тән құмарына құныққан адамдарды ішсем, жесем, ұйықтасам деп сипаттап, бір күндік өміріне мәз келешектен хабары жоқтығын көрсетеді. Екіншісі жан құмары бұл өмірде білсем, көрсем деп көрінгенге қызушылығы. Яғни адам өмірінде жақсыны көрмек, жақсылыққа ұмтыл дегенді ұғындырады.
31-ші қара сөзінде. «Естіген сөзді ұмытпастыққа 4 түрлі себеп бар: әуелі –көкірегі байлаулы, берік болмақ керек, екінші сол нәрсені көргенде иә естігенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек; төртінші ой-кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой-кеселдері кез болып қалса, салынбау, иә бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді». Есте сақтаудың, ұмытпаудың 4 түрлі себебі бар екендігіне тоқталған : сену керек, үлгі алу керек, бірнеше рет қайталап оқу керек, ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек.Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық,, ойыншы — күлкішілдік, қайғыға салыну, қызығу (құмарлану). Психология ғалымы Т.Тәжібаев «...Абай тек қана асқан кемеңгер ойшыл ақын ғана емес, сонымен қатар ірі философ, психологиялық білімдер жүйесін насихаттаумен айналысқан. Ол ұлттық психологиялық ұғымдардың негізін қалады...» деп тұжырымдайды. Абай қара сөздерінде адамның бойында кездесетін жақсы және жаман қасиеттерді де саралай білген.
38-ші қара сөзі. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екіншісі еріншектік, үшінші залалдық деп білесің. Надандық-білімнің-ғылымның жоқтығы.дүниеден еш нәрсені, оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса ,адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хибасына қосылады. Сонымен қатар Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік сөздерінің бірі адамның ақылды, білімді болуы оның тұрмысынан емес,айналасындағы дүниені сезіп-біліп, үйренуінен, еңбектетуінен деп қарайды. «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек. Пайда залалды айыратұғын қүаттың аты-ақыл,-деиді». Сонымен қатар : «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез нәрселерімен озбақ»-деп адамның өзара байланысына тоқтаған. Ғалым Абайдың “Қарашы өз бойыңда түгел ме екен, ыстық жүрек, оң шырай, қуат 391 пен күш” деген пікірін ұстаздардың өзін-өзі тәрбиелеуде үлгі етіп алуға болатындығын айтып өткен.
Абай өзінің қарасөздерін жазудағы мақсатын бірінші сөзінде былай баяндайды: «Ақыры ойладым: осы ойыма кірген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры, осыған бел байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ақынның қоғамдағы тіршілік, біте қайнасқан өмірге өз көзқарасын айқын, кемел философиялық тұрғыда жинақтауы, о топшылауы, бейқам қарамауынан туындаған.