Binom school «saryarqa» мектеп-лицейі ТӘрбие сағат тақырыбы: «Ынтымақ, бірлік жарасқан



Дата30.03.2023
өлшемі31,57 Kb.
#77460
Байланысты:
1 мамыр 6 ж


BINOM SCHOOL «SARYARQA» мектеп-лицейі

ТӘРБИЕ САҒАТ
Тақырыбы:
«Ынтымақ , бірлік жарасқан
Мәңгілік ел Қазақстан !»

6 «Ж» сыныбының жетекшісі А.С.Абдиманова
Нұр-Сұлтан 2022
Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ынтымақ , бірлік жарасқан Мәңгілік ел Қазақстан !»
Тәрбие сағаттың мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Міндеті:
- сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;
- өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту;
- өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, жүрекше, бейбітшілік құсы, күн, әртүрлі гүлдер суреттері, https://youtu.be/PXEwVWKvGAg
https://youtu.be/IKHeqV73ltU
https://youtu.be/4kYf0mZ2WYI 1-мамыр мерексінің тарихы
Әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері», «әңгімелеу», «Дәйек сөз», «шығармашылық жұмыс», «сергіту сәті», «тыныштық сәті», «жүректен-жүрекке».


І. Мұғалім сөзі:
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты
Жарқырайды күніміз
Жадырайды жанымыз.
-Сәлеметсіздер ме, балалар бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты .Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге жылы лебізімізді арнайық. Осы жерде барлығы «Шаттық шеңберін» құруға ортаға шығады. Қолдарына жүрекшені алып бір-біріне жақсы тілек айтып, т аратып шығады.
Мұғалім сөзі:
- Балалар жаңа біз бір-бірімізге тілек арнағанда «бақыт» деген сөзді айттық.
- Шынымен «бақыт»деген не, қалай ойла йсыңдар?
.....................
- Дұрыс Отан, Ана, Туған жер т.б.
Балалар әр кез жадымызда болсын, ата-аналарыңның бақыты сендерсіңдер. Сондықтан да ата-анамыздың тілін алып, оларға қолқанат болу сендердің міндеттеріңде екені ешқашан есімізден шықпасын. Қай кезде болмасын, өздеріңе үміт артып отырған ата-аналарыңды, ұстаздарыңды да ренжітпеуге тырысыңдар.
- Балалар біз қандай елде тұрамыз?
- Елімізде қандай ұлттар тұрады?
(Қазақстанда тұратын ұлттар суреттері презентациядан көрсетіле)
- Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады. Біз Қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз. Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге, салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады. Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта, ынтымақтастықта өмір сүруі тиіс.
«Әңгімелеу»
Ә.Табылдиевтің «Қасиетті шар»әңгімесін оқып беріп,мазмұнын түсіндіреді
- Шарды неліктен құрмет тұтты?
- Жер шарын,Жер ананы ардақтап көтеру дегенді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар балалар Жер шары ол біздің мекеніміз, тұратын жеріміз, суымыз көліміз, орманымыз тауымыз. Әркім өз Отанын құрмет тұтып қадірлеуі тиіс.
«Сергіту сәті»

  • Дөңгелене тұрайық

Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Шаңырақ болып киіліп
Достық үйін құрайық
«Дәйек сөз»
«Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал сөз бар.
Ынтымақ деген таулық, достық, бірілік
Жер бетіндегі халық бір-бірімен дос, туыс, бауыр
Біздің елімізде 1-мамыр ынтымақ, достық, бірілік мерекесі болып тойланады.
«Шығармашылық жұмыс»
«Туған еліме тілегім»
Қазақстанның картасын, жалпы Қазақстан, көп ұлтты мемлекет, татулық туралы сурет салады. Оған түсініктеме береді.
Рефлексиялық «Тыныштық сәті»
- Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып терең тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа,махаббатқа толы таза ауаның бойларыңа толғанын сезінесіңдер.
Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
«Жүректен-жүрекке». «Мен өз Отанымды мақтан тұтамын»
«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» сөзін қолдарын жүрек тұсына қойып бірнеше рет қайталайды.
Соңында хормен Ә. Дүйсенбиевтіңсөзіне жазылған М. Әубәкіровтің «АҒАЙЫНБЫЗ БӘРІМІЗ» әні орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет