Қабылдаған: Көшенова Тоты Орындаған:Қожахмет Аружан Тобы



бет1/2
Дата24.11.2023
өлшемі21,71 Kb.
#125354
  1   2

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Табиғатты жырлаудағы Абайдың ақындық шеберлігі

Қабылдаған:Көшенова Тоты
Орындаған:Қожахмет Аружан
Тобы:ФҚӘ-112


Жоспар

І.Кіріспе


ІІ.Негізгі бөлім
1. Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңі
2. Қыран бүркіт не алмайды салса баптап өлеңімен салыстыру
ІІІ.Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.


Кіріспе:
Абай табиғат лирикасының шебері болып саналады. Оның табиғатты суреттеу шеберлігімен сөз саптауы жасандылық пен сыртқы әсемдікті жоққа шығарады. Ақын табиғаттың өзінен сұлулықты іздеді,аңғара білді және тапты. Ол күздің жабыраңқы,көңілсіз суық даласы мен жаздың толық суретін оқырманның көз алдынан судыратып өткізердей қазақ жайлауындағы көріністі шынайы жеткізе білді. Халық поэзиясында Абайға дейін аңшылық,саятшылық туралы өлеңдерді хас шеберлікпен суреттеу жоқтын қасы.
Абай өлеңдерінде қазақ даласы біздің көз алдымызға өзінің ұлылығымен және әр түрлі реңктілілігімен даланың ызғарлы да, жас баладай жайсаң да,кемпір шалдай көңілсізде кейпін анық көре аламыз.
Абайды тек дала табиғаты ғана баурап алмайды. Бұл далада оның халқы тұрады. Сондықтан табиғат туралы өлеңдеріңде бір уақытта қарама-қайшылықтар мен ертегідей керемет сезімдерге толы халық өмірі туралы өлеңдер болып табылады. Қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет дала өзінің алуан түрлілігінде пайда болды, алғаш рет табиғат суреттері қазақ халқының өміріндегі күрделі, терең әлеуметтік қайшылықтарға толы көрініс болды.
Абай поэзиясында даланың шексіз кеңістігі, қазақ ауылының өмірі мен тұрмысы, жазғы жайлауға қоныстану, қысқа дайындық,бүркіштілердің саят құруы көрініс тапты.


Негізгі бөлім:
Табиғат лирикасының ішінде өзгелерден тақырыбы жағынан оқшаулау тұрған өлең - саятшылық өнерді өте көркем, келісті бейнелейтін «Қан сонарда бүркітші шығады аңға».
Бұл өлең мен үшін Абайдың шоқтығы биік суреттеп жеткізуші өлеңі ғана емес менің саятшылық туралы ізденістерімнің бастаушысы.Осы көпшілікке белгілі өленнің мазмұнына, ондағы оқиғаның баяндау тәсіліне аз-көп зер салсак, кейбір жайларға көніл аударуға болар еді. Алдымен өлеңді көрнектілігі, айтылған жай, оқиғаны айқын көзге елестетерліктей нақтылығы жағынан алғанда сөзбен салынған әдемі сурет дерлік екенін айтсақ болар.Бірақ бұл қимыл-қозғалыссыз тұрған сурет емес, әрекетке толы, талас-тартыска, бетпе-бет айқасқа құрылған драмалы оқиға. Өлеңде сол оқиға бірден басталып, саятқа шығатын қансонар дейтін жана кар жауғаннан кейін аңның басқан ізі айқын көрінетін кезді күтіп жүрген бүркітші баптаған құсын алып, атына мініп, тауға карай беттегені баяндалады. Міне, ол ақша қардың үстінен тастың арасында жүретін түлкінің кайтқан ізін аңдып,көзі шалған соң қыран құсын, томағасын сыпырып алып, ұшырып коя береді. Бүркіт түлкіні аңдып, төмен ұшсам өрге қашар деп, жоғарылап барып, туралап түсетін тұсын бағдарлайды. Енді қашып құтылатындай жағдай жоқ екенін анғарған түлкінің не де болса қарсы келіп қарсыласып көрмекші болып, «аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап» соңғы айбат шегіп тұрған калпын көреміз. Окиғаның осы бір әбден шиеленісіп шегіне жеткен тұсында акын тыңдаушысын тежеп, қызықтыра түсіп, енді аңшының сол айкас болғалы тұрған жерге жанталасып асыққанын айтады.Осы азғана шегіністен кейін барып, бүркіттің екпіндете,
зуылдап келіп түлкінің үстіне түсіп, екеуі жарқ-жұрқ етіп шайқасқаны бейнеленеді. Бірақ акын бұл айқасты екеуі адам үшін қызыл қанға батысты деген сөздермен ғана қыска қайырып, не болғанын көбінесе салыстырма көрініс - тұспалды сурет аркылы андатады.
Өлеңнің басында-ақ аңшының Қансонарды күтіп сол кез саятшылыққа тиімді екенін көрсетіп,аңшы киімінің де,жайлы ықшамды болуын,жақсы ат пен тату жолдастың серік болуы да бір ғанибет екенің 1 қатар өлең шумағымен айта білді.
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Ақынның қызыл түлкімен көк тағысы бүркітті сипаттауы осы жердегі тапқырлықпен суреткердің байқағыштығын белгісі мына өлең жолдарынан байқай аламын:
Жеке батыр шыққандай қан майданға.
Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды хасса сұлу шомылғанға.
Қара шашын көтеріп екі шынтақ,
О да бүлк-бүлк етпей ме сыйпанғанда,
Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш,
Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда.
Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып,
Және ұқсар тар төсекте жолғасқанға.
Арт жағынан жаурыны бүлкілдейді,
Қыран бүктеп астына дәл басқанда.
Абай осы өлеңде өзі айтатын жайларды аса жақсы біліп, оны үлкен дәлшіл шындықпен жырлайтындығын танытады. Өлеңнің композициясын алсақ, ауызша поэзияда жиі кездесетін, ілгерілі-кейінді аттап түсіп отыратын, бірі ілгері, бірі кейін орынсыз жүретін ауыспалы хал жоқ. Өлең жазушы-ақынның шығармасы. Оны барлық мезгіл мен іс-әрекетті бастан-аяқ ретімен бұлжытпай бергендіктен көреміз. Алдын-ала ойланып алған ретті жоспар барлығы даусыз. Шындыққа, нақтылы деректілікке ерекше мән берген ақын, реалистік дәстүр бойынша, өз шығармасының барлық бұйымын, бар түрманын түтас ету керек. Соның белгісін бұл шығармада Абай өзінің сөздігінен де айқын танытады. «Сонар», «қағушы», «қайтқан із», «Бүркіттің қайқаң қағып аспанға шығуы», «Түлкінің көре тұра қалуы», «үйірімен үш тоғыз» десу - бәрі де аңшылықтың өзіне тән тілі. Сол өзгешелікпен қатар ақын қиялын да өткірлеп, сол асығыс, қарбалас, тайталастар үстінде шебер түрдегі соны теңеуді де табады. «Қар - аппақ», «бүркіт - қара», «түлкі - қызыл» дей келіп, сол бір қайнаған қимылдарды қымсынған ұяң сұлудың асығып шомылған қозғалыстарына ұқсатуы да шеберлік айғағындай. Бұнда натуралдық үлгіде екі жайды «ананы көр де, мынаны көр» деп ұқсата салу жоқ. Табиғатты, түлкі мен бүркітті түгел қосып, бір бейне етіп, әқетті сұлудың динамикалық әрекетіне ұқсатуда көп ассоциация туғызатын терең де кең метафора танылады. Шын шебер реалистің ғана қаламына оралатын өзгеше үлгі. Осындай белгілеріненде әрі мазмұн, әрі түрі түгел қабысып келіп, ірі табысқа айналған ақындық туыс танылады.
Ақын қыран құстың бетінен кайтпайтын батылдығын, және түлкінің өзінен басым жауынан қаймықпайтын қайсарлығын, айлалылығын көтере, сүйсіне сипаттаған. Өлеңдегі Абайдың тебірене айткан авторлык тұжырымдама сөздері де осы әсем суреттемеге тотық сәйкес шыққан:
Таудан жиде тергендей ала берсе
Бір жасайсың құмарың әр қанғанда.
Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,
Аң болады кеңесің құс салғанда.
Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген
Бір қызық ісім екен сұм жалғанда.
Бұл сөздер Абайдың бүркіт салып түлкі алуды өзі соншалық ұнатқанын, әуестенуге лайық адамның көңілін сергітетін іс деп карағанын ғана емес, сонымен бірге қазақ арасында саятшылықтың үлкен өнер саналып келгенін де айқын аңғарта алады. Абайдын «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап»
деген өлеңінде «Қансонарда бүркітші шығады аңғадағы» секілді әдемі табиғат та, жарқын көрініс те жок.Бұл тұспалды өлеңге, мысалға көбірек ұксайды. Халықтың ұғымында құстың асылы, ерліктің, батырлықтың символындай болған қыран бүркітке мұнда күйкентай мен қарға қарама-қарсы қойылған. Олар бүркіт ұшса қалмай қабаттасып, бірге ұшып, оған кедергі жасап, өздері де ештеме бітірмей әуреге түседі.Акын ықшамды ғана суреттеме береді де, сөз салмағын күйкентай мен қарға ұшырдық деп мәз болған кұс иелерін сынауға ауыстырған. Өленнің аяғында жұрттың қылып жүрген мұндай істерінін берекесіздігі жайлы түйін жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет