Ақынның шеберлігі ақын - халықтың төл баласы. Міне, осындай әдебиеттің әртүрлі саласында мол мұраларымен ерекше орын алған ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Ел үні мен ақын дабылы үнемі бірге қалықтайды, ортақ мақсатқа бет түзейді.
Мәшһүр Жүсіп жаңа мен ескі заман әдебиетінің алтын көпірі іспетті. Мәшһүр шығармашылығына қазақ әдебиетінің алыптары аса зор мән бергенін басында айтқанбыз.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімінің ел ішінде аңызға айналуына ақындығы ғана емес, халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры болғандығы да себеп болса керек. Ол ауыз әдебиетінен еліміздің барлық өткен-кеткен жағдайын, тұрмысын, салт-санасын, бай дәстүрін, қилы-қилы тағдырын байқай білген зерделі жан. Өлең-жырдың, басқа да сөз асылының халық өміріндегі рөлін жете түсінген Мәшһүр оны жасынан құлай сүйген, жаттап өскен, хатқа түсіріп сақтай отырып, кейінгі буынға жеткізген.”
Мәшһүр Жүсіптің ел жайына, ұлт мәселесіне арналған өлеңдері азатшылдық, бостандық, еркіндік ұранына толы.
Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы,
Айрылмай жақсы менен жаман парқы.
Баласы дін мұсылман ояныңдар,
Көрінен өз пайдасы жұрттың нарқы.
Мәшһүр Жүсіп поэзиясының үлкен бір тақырыптық саласы - ғылым, білім, өнер жайы. Ел өміріндегі білім-ғылымның алар орнын оның адамға берер мол пайдасын ақын терең пайымдайды.
Ғылым біл, жұмыс істе оған серік,
Жарлыға мал - бұл ғылым -болар көрік.
Ғылым, білім - өнерсіз ғаріпсізді,
Өлік біл, оны жан деп білме тірік, - дейді ақын "Қалмады ойлай-ойлай басымда ми" деп аталатын өлеңінде. Мұнда ғылымның адамды көркейтер, өзіне өзінің қадір-қасиетін танытатын ғажап қасиетін тілге тиек ете отырып, ел азаматына айналар болашақтың тірегі асқарлы өнер, білім екендігін көрсетіп, оны үйренуге, ғылым игеруге шақырады.
Туған халықтың ұлттық тірегіне, тұрмыс-жағдайына ауадай қажет маңызды құндылықтарды сидырған, жақсы болудың негізі - көзі ашықтық, көкірегі ояулық, надандық құрсауынан босанып білім-ғылыммен сусындау, адамдык асыл қасиеттерді бойына жинақтау, діни білім игеру. Ақынның азатшылдық, діни-ағартушылық көзқарастарының мысал өлеңдерінің де арқауынан орайын тауып көрініс беріп жатқандығын аңғара аламыз.