Қабылдаған: Токбергенова Ж. А. Орындағандар: Рахыш Ажар, Сарсенбаева Жұлдызай, Оразбаева Аружан Тобы : бб 21-06



Дата15.09.2022
өлшемі3,42 Mb.
#39196

Қабылдаған: Токбергенова Ж. А.

Орындағандар: Рахыш Ажар, Сарсенбаева Жұлдызай, Оразбаева Аружан

Тобы : ББ 21-06


Тақырыбы: Биоэтика, қоршаған ортаны қорғау түсініктері мен терминдері

Биоэтика және қоршаған ортаны қорғау

  • адамның қазіргі заманғы биомедициналық технологиялар мен экологиялық ортаның қауіпсіз қолданылуының моральды-этикалық және құқықтың негіздерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығы.
  • Биоэтика – биомедициналық зерттеулерде жалпы тірі ағзаларға соның ішінде, адам денсаулығына адамгершілік қарым қатынасты орнатуға бағдарланған моральдық нормалардың жиынтығын зерттейтін пән практикалық этика деп аталады.
  • Қоршаған ортаны қорғау - табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, Қазақстанның әртүрлі аймағында тұрып жатқан азаматтардың қауіпсіз өмір сүру жағдайына байланысты мәселелер өзекті болып табылады.

«Вios» сөзі «тіршілік» деген мағынасы белгілі. «Этика» терминін грек философы Аристотель ұсынды (грек тілінен аударғанда ethos – әдет, ғұрып, мінез) және отбасы , қоғам , өмір мен жұмыстың адамдар арасындағы қарым-қатынасты анықтау моральдық, адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелерін ілімі болып табылады. Цицерон Аристотельдің еңбектерін грек тілінен латын тіліне аударғанда, ол «мораль» сөзін (лат. mor – ғұрып, мінез құлық) қолданды. «Мораль» сөзінің орысша баламасы – бізге әдет ғұрыпты еске салады.

Биоэтика— биологиядағы этикалық мәселелерді қарастыратын ғылым .1969 жылы Поттер В.Р. ұсынған. Боэтика пәні адамдардың қарым –қатынасындағы мораль және өнегелі аспектілерін үйретеді.. Адам ғұмырын ұзарту, жасанды адамдарды өмірге келтіру және бейімдеу, талантты тұлғаларды генетикалық тәсілдермен сұрыптау, тұқым қуалайтын сырқаттармен күрес, адам ағзаларын дәрігерлік мақсаттарға пайдалану, т.б. қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналып отыр.. Биоэтиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар: Г. Спенсер, Тейяр де Шарден, Д. Козловский, т.б.


Биоэтика ұғымының тар мағынасы әртүрлі алдын алу шаралары мен клиникалық-диагностикалық зерттеулерде дәрігер мен пациенттің қарым-қатынасының этикалық мәселелерін білдіреді. Биоэтика терминінің кең мағынасына тек адамға ғана қатысты емес, сонымен қатар адамды қоршаған барлық тірі организмдерге қатысты әлеуметтік, медициналық және құқықтық мәселелерді зерттеу жатады. Бұл мағынада биоэтиканың философиялық бағыты бар, жаңа технологиялардың даму қорытындысын бағалай отырып , медицина мен жалпы биологияға қатысты мынандай мәселелерді қарайды:
• Эвтаназия • Клондау және бағаналы жасушаларды жасау айласы •Адамдарға клиникалық зерттеулер және жануарларға биомедициналық зерттеулер жүргізу.
Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.  Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген.
Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек. «Қоршаған ортаны қорғау» қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) бойынша ғылымдардың бірі болып табылады. Бұл мәселелермен экология, медициналық география, химия (аналитика, қалдықтарды тазалау), экономика (ортаның ластануынан келетін шығынды бағалау), санитарлық техника сияқты биологиялық ғылымдар шұғылданады.
Сондықтан табиғат пен қоғамның өзара қатынасының жаңа түрін анықтау қажеттігі пайда болды. Бұл жаһандық мәселелерді шешу жолдарын іздеу үшін БҰҰ шеңберінде қоршаған ортаны қорғау мен дамыту бойынша бірнеше рет конфренциялар жүргізілді. Қазіргі жағдайда қоршаған ортаның нысандарының сапасын жақсартуда мемлекеттің экономикалық өсуімен қатар, қоршаған ортаға экологиялық жүктеміні төмендету де маңызды. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Оспанова Ж. Б.Биоэтика және құқық: оқу құралы / Ж. Б. Оспанова. - Алматы : Эверо, 2017. - 127 б. 2. Оспанова , Ж. Б.Биоэтика и право: учеб. пособие / Ж. Б. Оспанова. - Алматы : Эверо, 2017. - 183 с. 3. Асқарова, Ұ. Б.Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқу құралы / М. А. Асқарова ; Нұр-Пресс. - Электрон. текстовые дан. 26,4 МБ. - Алматы : Заң əдебиеті, 2004. 4. Нуркеев Самат Сагиевич.Охрана атмосферного воздуха от загрязнений: - Алматы : КазНТУ, 2003 5. Қуатбаев Асхат Тезекбайұлы.Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А. Т. Қуатбаев ; Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2011.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет