ОӘК 37.016:514
Ә.А. Оразбаева
МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯСЫНЫҢ ҰҒЫМДЫҚ АППАРАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
(Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті)
Главным требованием для изучения курса геометрии является наличие пространственного воображения. В данной статье рассматриваются методы развития воображения ученика, точнее изучение курса геометрии с помощью 3d графики.
The main requirement for studying the course of geometry is imagination. This article describes the methods of developing pupil’s imagination, namely studying geometry with the aid of r graphics.
Жаңа технологияның маңыздылығы – оның көп түрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында. «Ақпараттық төңкерістің» негізінде басымыздан өткеріп отырған қазіргі кезеңде микропроцессорлық техника мен оның технологиясының қарқынды өсуі жатады. Көшірме машиналардан бастап телекске дейін, электронды-есептеуіш машиналардан бастап байланыс серіктеріне дейін әр түрлі техниканы өндіретін ақпараттық индустрия және де қоғамдағы казіргі кездегі қайта кұрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылған талаптарды түбегейлі өзгертті.
Өмір ағынының жылдамдауы, автоматтандыру нәтижесінде өндіріс процесін интенсификациялау, білімді үш есе артық жинақтау – осының бәрі А.Тоффлердің айтуынша жіберіп алған уақыттың экономикалық маңызын арттырады.
Осы тұрғыдан алғанда ғылым мен техниканың дамуына лайықты, өркениеттің көшінен қалмайтын жастарды тәрбиелеп, оларға жоғарғы деңгейінде сапалы білім беру – ол ұлағатты ұстаздардың алдында тұрған ең басты міндет.
Озық технологиялары мен автоматтандырылған ақпараттары дамыған қазіргі заманымызда геометрия өзінің маңыздылығын арттыра түскені ақиқат. Қоғамның қай саласын алсаңыз да бұл пәнді меңгеруді талап ететін тұстары көп. Сондықтан мектеп курсында берілетін геометрия пәнін дамытуды, оған жаңаша көзқараспен қарап, қазіргі оқушылар санасына жақынырақ келетін жолдарды іздеуді қазіргі қоғамның өзі талап етіп отыр. Геометрияның ерекшелігі тек математика бөліктері арасында емес, сондай-ақ, басқа да ғылымдар арасында байқалады. Ол ең қатал логиканың өзін көзге елестетумен байланыстыра алады.
Соңғы жылдардағы қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер білім ордаларының алдына көптеген талаптар қойып отыр. Осындай талаптардың бірі – оқушылырдың ұғымдық аппаратын қалыптастыру.
Өкінішке орай, ұғым тарапына келгенде көптеген қарама-қайшылықтар жиі байқалады. Мектеп практикасы көрсеткендей математикалық ұғымдарды қалыптастыру үнемі толықтыруды қажет ететін әдістеме екені даусыз. Дегенмен де бұл мәселе мүлдем шешімін таппай жатыр деуден аулақпыз. Себебі, көптеген диссертациялық жұмыстардың нысаны осы тақырыптың төңірегінде болып отыр.
Республикамызда мектеп оқушыларының ұғым туралы түсініктерін қалыптастыру және дамыту әдістемесін құру және жетілдірудің айтарлықтай тәжірибесі жинақталған.
Ұғым-өте күрделі логикалық және гносеологиялық категория. Ол, біріншіден, жоғарғы материяның жемісі; екіншіден, ол шындық дүниесін бейнелейді; үшіншіден жалпылау құралы; төртіншіден, ұғымның қалыптасуы сөзбен, жазумен және белгілеулермен тығыз байланыста болады. Сонымен ұғым-ойлаудың жоғарғы түрі, шындық дүниесін сипаттайтын «қару» болып табылады. Кез келеген ұғым, оның ішінде математикалық ұғым да, табиғатта бар заттардың елеулі белгілерін абстракциялау арқылы пайда болады. Бірақ математикалық ұғымдар заттар мен құбылыстардың нақтылы мазмұнын елемей, олардың барлығына ортақ мөлшерлік қатынастар мен формалық қатынастарды ғана бейнелейді. Академик Ә. Нысанбаевтың сөзімен айтқанда «математика заттардың өзін емес, сол заттардың бейнесі болатын белгілерін және абстрактілі құрылымы мен функцияларын зерттейді».
Ұғымдардың қалыптасуы күрделі психологиялық процесс. Ұғымдардың қалыптасуы мына сүлбе бойынша жүреді:
Достарыңызбен бөлісу: |