Адам өлтіру қылмыстарын саралау (Paragraph 2022)



Дата04.03.2023
өлшемі22,16 Kb.
#71470

14.03.2020
Адам өлтіру қылмыстарын саралау
Өмір сүру құқығы - әрбір адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкімнің де өмірі еріксіз қиылуға тиіс емес. Бұл тұжырым Азаматтық және құқықтар туралы саяси халықаралық пактінің 6 бабында көрсетілген.
Адам өлтіру - жеке адамға қарсы қылмыстың ең ауыры, басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру. Бұл қылмыстың обьектісі - адамның өмірі.
Қылмыстың обьективтік жағы - адам өлтіру әрекетінде, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Әрекет, яғни адамды күш қоданып жарақаттау, улау немесе тұншықтыру, қорқытып, үрейлендіріп, жалған жала жабу болмаса тағы да басқа психикалық ықпал жасау арқылы да адам өмірінен айыруға болады. Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру - өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамау нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы.
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау актісінде, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс.
Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар көбіне сотталушылармен негізінен спирттік ішімдік ішкен күйде, маскүнемдікке шалдыққан адамдармен және бұрын жазасын өтеп шыққан адамдармен, қылмыстың қауіпті қайталануымен жасалатыны анықталды. Сонымен қатар бұндай аса ауыр құқық бұзушылыққа әйел адамдардың да баратыны және құқық бұзушылықты спирттік ішімдік ішкен жағдайда жасайтыны көрінеді.
Осы орайда сот үкімдерінде сотталушыларға жаза тағайындау кезінде олардың жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларға, жасаған қылмыстарының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп және не себепті бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалғаны көрсетіледі.
Сонымен қатар, қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселенің бірі бұл сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен айыпталушының іс-әрекетінің дұрыс сараланбауы болып табылады.
ҚР ҚК-нің 99 бабы бойынша саралантын басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуды ҚК-тің 106 бабымен дәрежеленетін абайсызда адам өлтіруден ажырату қажет, өйткені қылмыстық менмендік (әрекетті жасай отырып адам жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біліп, бірақ еш негізсіз, жеңілтектікпен оны болғызбайтынына сенгенде) немесе қылмыстық немқұрайлылық (алайда, кінәлі істің мән-жайы бойынша өзінің әрекетінен жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алатын және білуге тиіс бола тұра, алдын ала білмеуі) нәтижесінде жасалады.
Адамның өміріне қарсы аяқталған қылмыс тікелей де, жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін, ал оларды жасауға оқталғандық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналық болып сипатталады. Сондықтан қылмыс жасау сатысын айқындаумен қатар кінә нысанын да ескеру, кінәлінің ниеті неге бағытталғанын, қылмыс нәтижесінде қандай зардап туындағанын және нақ осындай нәтиженің туындауына кінәлінің субъективті қатысын анықтау және белгілеу керек. Егер қылмыс оны аяқтағанға дейін үзілген болса, онда кінәлі өз әрекеттерін не себепті тоқтатқанын, бұл оның еркіне тәуелді болған-болмағанын, бұл ретте қылмысты жалғастыруға оның нақты мүмкіндігі болған-болмағанын, қоғамға қауіпті зардаптың туындауына қандай мән-жайлардан кедергі болғанын анықтау қажет.
Осыған байланысты, ҚК-нің 99-бабында көзделген адам өлтіруге оқталған кезде кінәлі оның қоғамға қауіпті сипатын сезгендіктен, жәбірленушіге құқыққа қарсы қаза келтіру мақсатында әрекет жасаған, оның іске асатынын алдын ала білген және соны қалаған, бірақ оған қатысты емес жағдайлар бойынша қаза іске аспаған қасақана әрекеттерді тану керек.
2007 жылғы 11 мамырдағы ҚР Жоғарғы Сотының «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» нормативтік қаулысының 30 тармағына сәйкес қылмыстың субъективті жағы мен кінә нысанын айқындай отырып, жасалған қылмыстың барлық мән-жайының жиынтығын, атап айтқанда, кінәлінің және жәбірленушінің өзара қатынасының сипатын, қылмыс жасаудың тәсілі мен қаруын, жарақаттардың және өзге де дене зақымдарының санын, сипатын және жойылуын, қылмыс субъектісінің заңға қарсы әрекетін тоқтату себебін және тағы сол сияқты, сондай-ақ оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын ескеру қажет.
Кінәлі қасақана қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің құқыққа қайшы екендігін және жәбірленушінің қазасының туындауы мүмкіндігін алдын-ала білсе, алайда оның осындай зардапқа қатынасы абайсыздықпен сипатталса, онда кінәлінің әрекеті абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК-нің 106 бабының үшінші бөлігі бойынша саралануға жатады.
Ақтөбе облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының
бас маманы А.Алимжанова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет