Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі.
Алғашқы қауымдық құрылыста алғашқы адамдардың өмір сүру деңгейі, адамның пайда болуы, шығу тегі, алғашқы пайда болған жері туралы мәселелерді археология, антропогенез және антропология ғылым салалары зерттейді.
Антропология – адамдардың шығу тегін, дамуын зерттейтін ғылым. Антропология ғылымы адамның бет пішінін, түр-түсі, бойы, сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейді.
Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы.
Қазіргі ғылыми ортада адамның пайда болуы жөнінде негізгі үш көзқарас (теория) бар 1. «Жаратушылық» немесе «Теологиялық» теория. Адамды құдай жаратқан. Діндердегі қасиетті кітаптарға сүйенеді.
2. «Сыртқы себептердің ықпалы туралы теория». Әлемдік гуманоидтер жөніндегі пікірлер. Адамбаласы жер бетіне басқа планетадан келген.
3. «Эволюциялық теория» Чарльз Дарвин теориясы
Тарихи үдерістер:«Епті адам» (ерте тас дәуірі) → Питекантроп пен синантроп (орта ж/е кейінгі тас дәуірі) → «Неандерталь адамы» (100-35мын жыл бурын) → Кромоньон (б.з.б 40-50к жыл)
ҚР аумағындағы ошақтар:Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен 1 млн жыл бұрын пайда болған. Қазақстанға алғашқы адамдар Оңтүстік Шығыс Азиядан және Еуропадан қоныстанған деген пікірлер бар. Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жоталарынан, Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойын мекен еткен. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары болған.
Глотогенез – (гр. glotta – тіл, genesis - шығу тегі, пайда болу) — адамның табиғи дыбыстық тілінің, тілдік отбасының және жекелеген этностардың тілдерінің пайда болуы, қалыптасуы мен қалыптасуының тарихи процесі. Культурогенез - кез-келген халық пен ұлт мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасу процесі, жалпы алғанда, қарабайыр қоғамда мәдениеттің пайда болуы
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
Тас ғасырындағы археологиялық ескерткіштер. Тас ғасыры үш кезеңге бөлінеді: палеолит,мезолит, неолит.