Қадірменді ұстаздар, ата аналар, оқушылар! Сіздерді бүгінгі



бет1/2
Дата18.12.2023
өлшемі21,72 Kb.
#140710
  1   2

Қадірменді ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Сіздерді бүгінгі «...» атты жалпы орта білім туралы атттестатты тапсыру құрметіне арналған салтанатты жиынмен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білемін. Биылғы мектеп бітіруші түлектердің қадамы мәуелі мекеніміздің 10 жылдық торқалы тойына тұспа - тұс келіп отыр. Бұл да есте қаларлық ерекше оқиға деп айтуға болады.
Биыл мектебімізді 66 түлек бітіріп отыр. Екі түлегіміз «Алтын белгі» иегерлері атанды.
1. 11 «Ә» сынып оқушысы Оспанбеков Мади Талғатұлы
2. 11 «В» сынып оқушысы Мустапа Мерей Алмасқызы.
Ал 4 оқушы «Үздік аттестат» иеленді.
1. 11 «Ә» сынып оқушысы Мырзабек Аида
2. 11 «А» сынып оқушысы Күресбек Айшуақ
3. 11 «Б» сынып оқушысы Алпысбай Дана
4. 11 «В» сынып оқушысы Өмірбекова Амина
Шәкірттеріміз бүгінгі күнге дейінгі әртүрлі деңгейлерде өткен пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорт, көркемөнерпаз жарыстарында толағай жетістіктерге жетіп, мектебіміздің мерейін асырып келеді.
1. 11 «В» сынып оқушысы Мустапа Мерей қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қалалық пәндік олимпиадада 3-орын алса, 11 «Ә» сынып оқушысы Жулекешова Жанар орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша қалалық пәндік олимпиадада 2-орын иеленіп, мектеп қабырғасында алған білімдерінің сапасын көрсете білді.
2. 11 «А» сынып оқушысы Күресбек Айшуақ«АҚБЕРЕН» республикалық өнер байқауының, Қ.Бітібаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды.
3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңінде ағылшын тілі секциясы бойынша ерекше жетістікке жеткені үшін Мырзабек Аида марапатталды.
4. 11 сынып оқушылары арасындағы «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңінде 11 сынып оқушысы Өмірбекова Амина «Үздік оратор» номинациясын жеңіп алды.
5. «Жарқын болашақ» олимпиадасында Алпысбаева Амина I орын иеленді.

Мектебімізде ҰБТ-ның 1,2-кезеңі бойынша 66 оқушы өтініш білдірген. Бүгінгі күнге дейін 1-кезең бойынша ... оқушы, 2-кезең бойынша ... оқушы ҰБТ тапсырса, оның 9-ы 100-ден жоғары балл жинап отыр.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет