Adobe Photoshop Интерфейсі. Құралдары. Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді.
Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді.
PhotoShop бағдарламасы негізінен цифрлік бейнелерді өңдеуге, сақтауға, құруға және т.б. орындауға арналған.
Бағдарлама ашылғаннан кейін, экранда Welcome Screen (Амандасу экраны) шақыру терезесі көрініс табады, Close (Жабу) нүктесін басып, оны жауып тастау керек. Егер сіз бұл шақыру бұдан әрі қарай ешқашан пайда болмауын қаласаңыз, онда нүктені басар алдында Show this dialog at startup (Қосу кезінде терезені көрсету) жалаушасын түсіріңіз. Осыдан кейін бағдарламаның терезесінде сол сәттегі жұмыс үшін қажетті ақпарат қана қалады.
Photoshop бағдарламасы панелдер мен палитраларды, сондай-ақ әралуан көмекші ақпаратты құзырға ұсынады. Бұл стандартты панелдер Option (Қасиеттер панелі), Tools (Құралдар панелі) және сіз жұмыс жасай алатын палитраның құралдарының қосымша көрсеткіштерінен құралған Photoshop. Ең алдымен бас мәзірді (Меню) қарастырайық.
Бас мәзірден бұйрықты шақыру
Windows-қосымшалардың көпшілігі сияқты, Photoshop бағдарламасының терезесінде тақырыптың астыңғы жағында бас мәзір жолы орналасқан, ол әралуан бұйрықтарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Photoshop-та бұйрықтар өте көп. Бұйрықтарды мәзірден шақырудың жалпы тәсілдерін қарастырайық.
1. Мәзірден атаулардың біреуін, мәселен, Help (Көмек) басу керек. Ол ашылғанда, бұйрықтардың тізбесін көруге болады – бұйрықты шақыру үшін оны тышқанмен шертсе, жеткілікті. Көпнүктемен аяқталатын бұйрықтар диалогтық терезелерді ашуға арналған, ал атауларының оң жағында қара жебелер орналасқан бұйрықтар мәні бойынша жақын бұйрықтардан құралған панелдерді ашуға қызмет етеді.
2. File (файл) мәзірін ашу қажет. Бұл мәзірде бірқатар бұйрықтардың атауларынан оңға қарай оларды жылдам шақыруға арналған пернелер көрсетілген. Осылайша, Open (Ашу) бұйрығын екі тәсілмен шақыруға болады: оны тышқанның сол жақ нүктесімен шерту арқылы немесе Ctrl+O пернесін басу арқылы.
Мәзір бұйрықтары кескінмен жұмыс барысында қажетті операциялардың көпшілігін жасауға мүмкіндік береді.
Көптеген қимылдарды бағдарламаның терезесінің сол жақ бөлігінде орналасқан Tools (Құралдар панелін) қолдана отырып, орындайсыз. Егер панель экранда жоқ болып шықса, Windows ► Tools (Терезе ► Құралдар) бұйрығын шақыру арқылы оны шығарып алыңыз. Осы бұйрықтың көмегімен палитраны экраннан жоюға болады.
Құралдары панелінде Tools (Құралдар панелі) қызмет белгісі бойынша топтарға біріктірілген Photoshop бағдарламасының құралдарының нүктелері орналасқан.
Тышқанның көрсеткішін құралдар панелінің нүктелерінің біріне қою қажет.
1. Бірер уақыттан соң көрсеткіштің қасынан құралдың атауы бар ескертпе қалқып шығады, ал оның жанынан жақшаның ішінде осы құралды белсенді етуге мүмкіндік беретін пернеге жөн сілтейтін латынша бас әріп көрініс береді. Артынан тышқанның көрсеткішін құрал нүктесінен орнын ауыстыру керек те, жақшада көрсетілген әріпке сәйкес келетін пернені басу қажет. Осыдан кейін құрал жұмыс жасауға әзір болуға тиіс.
2. Назар салып қарасақ, құралдың әрбір дерлік нүктесінің оң жақтағы төменгі бұрышында шағын қара жебе бейнеленген. Ол осы нүктенің көмегімен құралдар, ереже бойынша, тобына сәйкес келетін тағы бірнеше нүктені шақыруға болатындығын көрсетеді. Тышқанмен осындай нүктені шерту керек те, оны қалған нүктелер кескіні жеке панелде қалқып шыққанша басылған күйде ұстау қажет. Белсенді етілген нүкте осы панелде пайда болады.
3. Енді белгілі бір топтың әрбір құралына жалғыз бір әріптік белгілеу сәйкес келетіндігіне назар аударған жөн. Бұл бір топтың барлық құралдары үшін жылдам шақырудың бір пернесі қарастырылғандығын және дәл сол сәтте құралдар панелінде көрініс беріп тұрған құрал белсенді етілетінін білдіреді. Ал осы топтың басқа құралын шақыру үшін Shift пернесін басылған қалыпта ұстай тұрып, сол топтың жылдам шақыру пернесін басу қажет.
4. Жылдам перненің көмегімен құралды белсенді етуге және топтың басқа құралына ауысуға талаптанып көруге болады. Мұндай қимылды мәселен, Техт (Мәтін) құралымен жасап көруге мүмкіндік бар. Бұл үшін ең алдымен, пернетақтаның ағылшындық жинағы қосылып тұрғандығына көз жеткізіп, тек содан кейін Т пернесін басу қажет. Техт (Мәтін) құралы белсенді етілуге тиіс. Енді Shift пернесін ұстай тұрып, қайтадан Т пернесін басу керек. Бұл жерде құралдың шартбелгісі өзгергендігі байқалады, өйткені басқа құрал таңдалды. Ары қарай алғашқы құралға қайта оралу үшін Т пернесін тағы үш рет басу керек. Басқаша айтқанда, бұл топ төрт құралдан тұрады, оған көз жеткізу қиын емес. Техт (Мәтін) құралында тышқанның сол жақ нүктесімен шерту және шамалы күте түру қажет – қалқып шыққан панелде төрт құрал көрініс табады, олардың барлығы жылдам шақырудың жалғыз бір пернесімен белсенді етіледі.
Сипатталған қимылдар, үстірт қарағанда, уақытты босқа шығындау сияқты көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде жылдам шақыру пернелерін қолдану уақытты көп үнемдейді. Оның сыртында, «жылдам пернелерді» қолдану қабілеті кәсіби маман үшін қажет болып табылады.
5. Әйткенмен, құралдардың барлығы бірдей «жылдам пернелермен» белсенді етіле бермейді. Олардың қатарына, мәселен, Pen (Қалам) тобының құралдары жатады. Р пернесін басып, құрал таңдап алу қажет және Shift пернесін ұстай тұрып, Р пернесін бірнеше рет басуға талпынуға болады. Осы топта ондайлар шын мәнінде көбірек екендігіне қарамастан, басқаға қосылу екі құрал арасында жүретіндігін көруге болады. Қалған құралдарды тышқанның сол жақ нүктесі көмегімен қалқып шығатын панелді белсенді етіп, көрсетуге болады. Қалқып шығатын панель бес құралдан тұрады, бірақ олардың екеуіне ғана жылдам шақыру пернесінің белгісі сәйкес келеді, қалғандарын тек қолмен белсенді етуге болады.
Енді бағдарламаның бас терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан элементтерді қарастырайық. Мәзірдің жолының астында Option (Қасиеттер) панелі бар. Ол құралдар мен нысандардың қасиетін өзгертуге және қаруға мүмкіндік беретін басқару элементтерінен құралған. Бұл панелдегі ақпарат дәл сол сәтте қандай құралдың белсенді етілгендігіне байланысты өзгеріп отырады. Бұл өте қолайлы, өйткені әрбір құрал үшін қасиеттер панелін қайта-қайта ашып отыруға қажеттілік болмайды. Әралуан құралдарды таңдай отырып, қасиеттер панелінің шынымен өзгергендігіне көз жеткізіп отырыңыз.
Интерфейсті қысқаша суреттеуді қорыта келе, оның палитралар сияқты элементін атап өткен жөн. Олар үнсіздік бойынша бағдарламаның терезесінің оң жақ бөлігінде орталасады. Кейбір палитралар бағдарламаны қосқанда автоматты түрде көрініс табады, қалғандарын қолмен ашу керек. Палитраны экранда көрсету үшін және оны жасыру үшін Window (Терезе) мәзірінің бұйрықтары пайдаланылады. Палитралар көмекші құрал болып табылады.