Құю өндірісі Жоспары



бет1/5
Дата27.11.2023
өлшемі8,47 Mb.
#128735
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жасұзақ Асылзат срсп



Құю өндірісі
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім

ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған əдебиеттер

Құю өндірісі


Құю өндірсінде қара жəне түсті металдар мен олардың қорытпаларын арнаулы қалыптарда құю арқылы құймалар алынады.
Құйма жасау үшін балқытылған металл ішкі кеңістігінің түрі жасалынатын бұйымның сыртқы түріне сəйкес етіп жасалған қалыпқа құйылады. Металл қалыпта тұрып салқындағаннан кейін түрі қалыптың ішкі кеңістігіне ұксас құймаға айналады.




Үлгі жасау


Белгілі формалы деталь құю үшін сол детальдың алдымен үлгілері жасалады. Үлгі жасау үшін: үлгі плитасы, өзекше, жəшіктері, опока, үлгінің өзі жабдықтар пайдаланылады. Үлгінің сыртқы көрінісі құйманың формасына ұқсас, өлшемдері құйма өлшемдерінен артық болады. Үлгінің өлшемдері металдың отыру коэффициенті мен құйылған құйманы механикалық өңдеуден өткізуге арнап қалдыратын сапасының шамасына байланысты есептелінеді.

Төменде құйма құюдың технологиялық сызбасы көрсетілген:

Үлгі, өзекше жəне опока жасау


Опока дегеніміз – қоспаны салып, қалып жасауға арналған рамка. Құю қалыптары бір немесе екі опокалы етіп жасалуы мүмкін, көбінесе, екі опокалы етіп жасалады. Опока ағаш, шойын, болат жəне түсті металдар қорытпаларынан жасалады. Ағаштан жасалған опокалар аз сериялы құю өнімдерін алу үшін, ал металдан жасалған опокалар көп сериялы құю өнімдерін алу үшін пайдаланылады.

Өзекше жасауға арналған қоспалар


Қалып, өзекше қоспаларын дайындау. Кұйылатын құйманың түріне байланысты құю өндірісінде бір тонна құймаға 2,5-6м3 қайталама қалып, өзекше қоспалары мен
600-2000 кг таза қалып қоспасы жұмсалады. Сондықтан қалып өзекше қоспаларын дайындау құю өндірісінің жауапты кезеңдерінің біріне жатады. Қалып қоспасын дайындау үдерісі үш кезеңнен тұрады.

  1. Ескі қайталама қалып қоспасын өңдеу.

  2. Жаңа қалып қоспасын өндеу.

  3. Дайындалған ескі (қайталама) жəне жаңа қоспалардан қалып қоспасын жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет