Ф-ӘД-001/046
8 Тақырып. ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау. Лекция мазмұны:
Ғылыми – техникалық жобаларды экологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық экспертиза жасау.
Сцентизм және антисцентизм. Ғылым және паранаука, жалған ғылым.
Ғылымның мәдениеттегі жаңа функциялары. Ғылымның жаһандық контексті.
Лекция мәтіні:
Философия тарихында адамзат өркениеттерiн, тарихты зерттеуде, талдауда әртүрлi тәсiлдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Олардың қатарына экономикалық, географиялық, биологиялық, дiни, гуманистiк детерминизмдердi жатқызуға болады. Олардың арасында қазiргi қоғам өмiрiндегi бүгiнгi өзгерiстердi неғұрлым толық бейнелейтiнi технологиялық детерминизм болып табылады. Технологиялық детерминизм
– бұл қоғамдық дамудағы техниканың анықтаушы рөлi туралы көзқарастардың, постулаттардың бiрiккен жиынтығы. Шындығында да қазiргi өмiрде теника мен технологияның маңызы және рөлi орасан зор.
“Адаммен бетпе-бет келген бұл мәселенiң маңыздылығы сонша, - деп жазады К. Ясперс, - қазiргi уақытта техника бiздiң ахуалымызды түсiнудiң басты мәселесiне айналды. Қазiргi техниканың өмiрдiң барлық салаларына енгiзiлуiн және оның бiздiң өмiр сүруiмiздiң барлық қырларына тигiзген салдарын қайта бағалау мүмкiн емес. Мұны түсiнбей және ойлау барысында дәстүрлi тарихи таңбаларды қолдана отырып бiздiң қазiргi және өткен өмiрiмiздiң арасында салыстыру жүргiзу мүмкiн емес. Өткен мен бiздiң заман арасында параллель жүргiзу үшiн мiндеттi түрде қазiргi техникамен байланысты орын алған радикалды өзгерiстердi ескеру қажет” (Смысль и назначение истории, М. , 1991, 113-бет).
Техника мен технология бүгiнгi қоғамның жедел дамуының маңызды факторына айналды және техника ықпалын тигiзбеген адам өмiрiнiң бiрде-бiр саласы қалмады. Қазiргi коммуникация құралдарының арқасында мемлекеттiң еркi оның ең шалғай аудандарына дейiн қамтып, кез-келген уақытта әрбiр үйде өзiн бiлдiре алады. Техниканың әсерiмен терең процестер орын алады, еңбек өнiмдiлiгi өте шапшаң өседi. Оның мазмұны өзгередi. Қоғамның әлеуметтiк құрылымы өзгередi. Оның үстiне адам да өзгередi. Қазiргi техника тiптi адамның терең тылсымдық жақтарына да ықпалын тигiзедi. Егер ертеректе адамға табиғаттағы да, әлеуметтiк саладағы да өмiр сүрудiң өзгерген жағдайларына бейiмделуi үшiн жеткiлiктi дәрежеде уақыт бөлiнсе, ал қазiр табиғат пен қоғамдағы техника мен технологияның ықпалмен болатын өзгерiстердiң жылдамдығы сонша, қазiргi адам өмiр сүрудiң өзгерген жағдайларына бейiмделiп үлгiре алмайды және әрқашанда таусылмайтын жаңа мәселелердiң үнемi туындап отыруына әкеледi. Осыған байланысты қазiргi философияда адам мәселесiн зерттеудiң техника философиясы түрiндегi жаңа қырын қою қажеттiлiгi туындайды.
Техника философиясы—бүгiнгi күнi өзiнiң гүлдену кезеңiн бастан кешiп жатқан батыс философиясының қазiргi бағыттарының бiрi. Батыста техника философиясының қалыптаса бастауын И. Бекманның есiмiмен және 1777 жылы басылып шыққан оның “Технология бойынша жетекшiлiк, немесе қолөнердi, фабрикалар мен мануфактураларды тану” деп аталатын еңбегiмен байланыстырады. Бiрақ көпшiлiктiң пiкiрiнше, бұл саладағы негiз қалаушы еңбек 1877 жылы жарияланған және жүз жылдан кейiн Германияда қайта басылып шыққан Э. Капптың “Техника философиясының негiзгi белгiлерi” деп аталатын жұмысы болып саналады.
Техника философиясы—қазiргi әлемдегi техника феноменiн философиялық- методологиялық және дүниетанымдық тұрғыда зерттеуге негiзделген қазiргi философиядағы бүтiндей бiр бағыт. Бұл бағыт бастапқыда Батыс Европа мен Солтүстiк
Америкада, кейiнiрек 60-80 жылдары Жапонияда кеңiнен таралды. Батыстағы қазiргi техника философиясының бастапқы өкiлдерi қатарына Э. Капп және Ф. Дессауэрмен қатар О. Шпенглердi, Ортега-и-Гассеттi, Мэмфордты, К. Шиллингтi және т.б. жатқызуға болады. Бiрақ, сонымен қатар техника ұғымы ертедегi ойшылдарда да кездеседi. Мысалы, еңбектiң табиғи және жасанды органдары арасындағы анология туралы ой Платон мен Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель қолды “құралдың құралы” деп атаса, Гегель де осы идеяны қайталайды. Гегель техника табиғатын түсiнуде бiрқатар идеялар ұсынады. Гегельдiң пiкiрiнше техникалық жабдықтар объекттiң табиғатымен анықталады, ал екiншi жағынан жабдықтар техникалық құралдар арқылы iске асатын мақсаттың тасымалдаушысы болып табылады. Гегель былай деп жазады: “адам өзiнiң мақсатында сыртқы табиғатқа бағынышты болғанымен, өзiнiң құралдары арқылы үстемдiкке ие болады”. Антикалық авторлар мен Гегельдiң бұл идеяларын Батыстың кейiнгi философтары Э. Капп және Л. Нуаре жалғастырды. Олардың негiзгi идеясы техника феноменiн “органопроекция” негiзiнде түсiнумен сипатталады. Олардың пiкiрiнше техника жасанды орта болып табылады, бiрақ ол адам органдарының табиғи материалға проекциясы ретiнде көрiнедi, яғни техниканың бүкiл дамуы адамның табиғи еңбек органдарын көшiру арқылы, оларды сыртқы әлемге “проекциялау” арқылы жүзеге асады.
Техника феноменiн түсiндiруде өзге, қарама-қарсы позицияны ұстанған философ- неотомист Ф. Дессауэр болды. Ф. Дессауэр Э. Капптың және Л. Нуаренiң техниканың биологиялық концепциясымен келiспедi. Ол техника табиғат заңдарымен байланысты және оның шектерiнен тысқары шықпайды деп есептейдi. Алайда бұл да еш нәрсенi айқындамайды, техниканың автономды да мәнi бар. Оның пiкiрiнше техникалық идеялар адамның ақылында пайда болмайды, ол ақылдың көмегiмен ауланады. Техникалық идеялар құдайдың ойы, жаратушының құдiреттi ақыл-ойының көрiнiсi.
Техника мәселесi Хайдеггер философиясында негiзгi орындардың бiрiн алады және оның көптеген шығармаларында үнемi кездесiп отырады. Бiрақ бұл тақырыпқа арналған оның ең маңызды шығармасы“Техника туралы мәселелер” деп аталады. Бұл жұмысында М. Хайдеггер техниканы пайымдауды жаңа iргетасқа қойды. М. Хайдеггер былай деп жазады: “техниканың мәнi белгiлi мағынада техникалық емес. Сондықтан да бiз ол туралы жәй ғана ойлағанда, оны қолданғанда, оны басқарғанда немесе одан қашқақтағанда техниканың мәнiне деген өз қатынасымызды ешқашанда сезiне алмаймыз. Барлық осы жағдайларда, оны қызығушылықпен қолдасақ та, терiске шығарсақ та бiз техникаға құлдар секiлдi ажырамастай таңылғанбыз. Бiз техниканы бейтарап нәрсе деп есептеген кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазiргi кезде кең өрiс алған мұндай көзқарас оның мәнiне деген мүлде көрсоқырлықты туындатады” (Вопрос о технике // Новая технократическая волна на Западе. М. , 1986, 119-бет).
Хайдеггерге дейiн техника Ақыл-ой мен Қайырымдылықтың салтанатты шеруi ретiнде бағаланып келдi. Кейбiр жағдайларда техниканың өзiне қарсы шығу емес, оны қолдануға қарсы шығу өзектi сөз болды. Мысалы, О. Шпенглер “түстi” нәсiлдер европалықтардан техниканы тартып алып, оларды үстем жағдайынан айырады және түбiнде техниканы жояды деп қорықты. Хайдеггер керiсiнше, техниканың өзiн адам үшiн үлкен қауiп-қатер деп есептедi. Техниканы түсiндiрудегi Хайдеггердiң тағы бiр жаңалығы, оған дейiн техника адамзат тарихы мен мәдениет дамуының байланысындағы көптеген факторлардың бiрi ретiнде қарастырылып келсе, ал бұл немiс ойшылының пiкiрiнше техника қазiргi дәуiрдiң болмысы болып табылады. Және Хайдеггерге дейiн техника ең алдымен мәдениет философиясы мен тарих философиясының және тек кейiн ғана антропологияның мәселесi болып келсе, ал М. Хайдеггер онан метафизиканың мәселесiн шығарды.
М. Хайдеггер де техника болмыстың терең қасиеттерiн пайымдаудың маңызды тәсiлi болып табылады. Ол болмыстағы табылуға және өзiнiң нағыз, бүлiнбеген кейпiнде көрiнуге тиiс жасырын жағын ашып көрсетуге мүмкiндiк бередi. Техниканың мәнi
арқылы адам болмыспен тiлдесiп, оның үнiн естидi. Бiрақ импульс дұрыс табылмауы мүмкiн, өйткенi техника адамды өзiндiк ашылудың жалған жағына қарай итермелейдi.
Техника философиясының тұтқиылдан пайда болуының себебi неде? Неге бүгiн адамзатты техниканың келешегi мазалайды? Х. Сколимовскидiң пiкiрiнше философиялық зерттеулердiң бұл саласының пайда болуы европалық өркениеттiң пайда болуы мен жойылуындағы техниканың рөлiн кеш мойындауды байқатады. Оның ойынша техника философиясы таза схолистикалық пән емес. Техника философиясын ең алдымен бiздiң өркениеттi сыни тұрғыдан бағалаудың нәтижесiнде пайда болғанын ескеру қажет. Ол аналитикалық тұрғыда ойлаушы философтар үшiн талдау жасайтын алаң ретiнде қалыптасып, дамып отырған жоқ.
Бiздiң өркениет шексiз көп техникаларды өндiрiп шығарды, бiрақ оның лингивистикалық-аналитикалық алуан түрi техника мәселесiн шешiп бере алмайды. Философтардың, ойшылдардың, тарихшылардың, инженерлердiң және көзi ашық азаматтардың парызы—“өркениет ретiнде бiз тудырған мәселелерге” жауап табу.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн техника философиясында өзге мәдени құндылықтарға ғана емес, қандай да болмасын бөтен өркениеттiк болмысқа деген сағыныш күшейе түстi. Батыстық философтарды мынадай сұрақтар мазалай бастады: Европа жалған жолмен жүрiп өткен жоқ па, батыстық рух мәдени-өркениеттiк баламаны таңдауда қателескен жоқ па? Батыстың бүгiнгi қасiреттерi әуел баста адамзаттың өркениеттiк даму жолын дұрыс таба алмаудың себебiнен емес пе екен?
Қазiргi батыстық философияда адамзаттың бастапқы кезеңiнде тарихи перспективаның әр түрлi варианттары болған деген идея қалыптасты. Оның бiрi бүкiл iшкi ресурстарды адамзат рухын өзiндiк тануға шоғырландыру. Ертедегi шығыс халықтары осы жолмен жүрдi, оның дәлелi ретiнде олардың дiндерiн алуға болады. Шығыс дiндерi адамның абсолютпен, болмыспен толық бiрiгуiн уағыздайды. Адамды табиғаттан тыс құбылыс емес, оның бөлiгi ретiнде қарастыру, әлемге сiңiп кетуге ұмтылу, рух кеңiстiгiнде барлық Ғаламның үнiн есту—мiне, ежелгi шығыстық iлiмдер мен дiндердiң насихаттары осындай. Егер де европалық өркениет осы жолмен жүргенде, батыстық философтардың пiкiрiнше, онда ол антропологиялық және рухани ресурстарын дамытып, ғарышқа, Ғаламның универсумына жақындай түсер едi.
Бiрақ батыстық өркениет өзге жолмен жүрдi. Оны таным мен әлемдi қанау құмарлығы иектедi. Адамзат жан мен тәндi жаттықтыру қабiлетiн жоғалтып, техниканың көмегiмен бүкiл әлемдi өзiне бағындыру пиғылына берiлдi. Адамдар өзiнiң табиғатына сенуден қалып, рухты дамыту мен жетiлдiруден бас тартты. Техникамен қарулана отырып, олар өздерiнiң күш-жiгерiн iшкi әлемге емес, сыртқы әлемге бағыттады. Хайдеггердiң терминiмен айтқанда техника адам Болмысына айналды.
Техника философиясы өзiнiң күрделi құрылымы бар жеткiлiктi дәрежеде күрделi философиялық ағым болып табылады. Техникалық өркениеттiң динамикалық процестерiн пайымдауға ұмтылған жаңа концепциялар пайда болды. Техника философиясындағы әр түрлi ағымдардың, көзқарастардың, позициялардың молдығына қарамастан барлығына ортақ нәрсе олардың технологиялық детерминизмге негiзделуiнде болып табылады, яғни қоғам өмiрiндегi техниканың анықтаушы рөлi мойындалады.
Техника философиясы ең алдымен қарама-қарсы екi бағытқа бөлiнедi—техницизм және антитехницизм.
Техницизм техника дамуының адамзат үшiн сөзсiз игiлiктiлiгiне деген сенiмге негiзделедi.
Техницизм қоғам өмiрiндегi техниканың рөлiн тек қалыпты құбылыс ретiнде, адамзаттың игiлiгi ретiнде ғана қарастырады.
Неотехницизм өзiнiң алдыңғы формаларынан ерекшеленедi. Мұнда техникаға бұрынғысынша қоғам өмiрiндегi негiзгi орын берiледi, бiрақ оның өзiндiк дамуы, өзiндiк реттелу мүмкiндiгi терiске шығарылып, қоғамдық бақылау қажеттiлiгi туралы мәселе қойылады.
Антитехницизм—технофобияның көрiнiсi, пайда болып, таралып және өсiп келе жатқан жаңа технологиялардың жұмбақ қауiп-қатерiнiң алдындағы үрей мен қорқыныш, сенiмсiздiк. Антитехницизмнiң әр түрлi варианттары бар. Оның iшiндегi ең кеңiнен таралғаны “батырлық пессимизм” (Ф. Ницшенiң терминi) деп аталады. Ол бойынша техника мен зұлымдықтың тегеурiнi техниктер мен технократтардың үстемдiгiн, басқаруын тудырады. Антитехницизмнiң тағы бiр көрiнiсi адам өзi игере алмайтын рационалдық бiлiмнiң әуел бастапқы агрессивтiлiгiмен сипатталатын, мәнi “билiкке деген ерiкке” негiзделген техникаға радикалды дұшпандықты бiлдiретiн позицияны ұстанады (Маркузе, Адорно, Хоркхаймер). 60-шы жылдардың соңында бұл көзқарастар контрмәдениет идеологиясына жүйелендi (Т. Розак). Контрмәдениет бойынша барлық қазiргi саяси күштер—мейiлi ол “солшылдар”, “оңшылдар”, “орталық” болсын, технократиялық қоғамның бiрыңғай құндылықтарына, техникалық рационализмге деген дiни сенiмге негiзделген билiк үшiн күреске әкеледi.
Техниканы философиялық зерттеу өте күрделi құбылыс және әр түрлi қырлардан тұрады; методологиялық, әлеуметтiк, саяси, эстетикалық, аксиологиялық және т.б. Қай мәселенi алға тартқанына байланысты техника философиясы не ғылым философиясымен жақындайды, не әлеуметтiк философияның немесе антрапологиялық философияның бөлiмi ретiнде қарастырылады.
Техника философиясы негiзiнен екi басты дәстүрдiң ықпалында: неопозитивизммен әсерi және байланысы бар сциентистiк методологизм және мәдениеттанымдық антропологизм. Техниканы философиялық зерттеулер осы екi дәстүрдiң бiрiне бағдар ұстануына байланысты не логикалық-методологиялық мәселелермен айналысады, не техниканың гуманистiк құндылықтық қырларынан зерттейдi. Бұл дәстүрлер кейде қиылысып жатады, ал бұл аталған зерттеулердiң синтезiне деген тенденцияны туғызады.
Сонымен, алғашқы әлеуметтiк технологиялық революция аграрлық-қолөнерлiк болып табылады. Оның соңғы нәтижесi өндiрiс саласының негiзiне егiншiлiк және қолөнер технологиялары жататын тарихи тұрғыда алғашқы өркениеттiң қалыптасуы болды. Меншiктiң әр түрлi формалары, алғашқы мемлекеттердiң пайда болуы отырықшылыққа көшудiң алғышарттары болды.
Екiншi әлеуметтiк технологиялық революция индустриалдық болып табылады. Ол ХVII ғасырдың басына дейiнгi кезеңдердi қамтиды, ал кейбiр елдер мен аймақтарда онан да кешiрек жүзеге асты. Оның нәтижесi индустриалдық және урбанистiк өркениеттiң пайда болуы деп саналады.
Соңғы бiздiң көз алдымызда өтiп жатқан әлеуметтiктехнологиялық революция ақпараттық-компьютерлiк революция болып табылады. Ол қоғам өмiрi мен адам өмiрқамының бүкiл саласын ақпараттандырудың негiзiнде iске асады.
80-жылдары техницизм идеологиясы күшейе түстi. Бұл бағыттың негiзгi тұжырымдары О. Тоффлердiң атақты “Үшiншi толқын” еңбегiнде жарияланды. О. Тоффлер қоғам дамуын толқынның қозғалысы ретiнде қарастырады. Ол адамзат қоғамының бүкiл дамуын үш кезеңге бөледi:
Аграрлық революция (“бiрiншi толқын”)
Өнеркәсiптiк революция (“екiншi толқын”)
Ақпараттық-компьютерлiк революция (“үшiншi толқын”).
Ол қоғамдық өзгерiстердi техникалық прогрестiң тiкелей рефлексi ретiнде қарастырады. Ол қоғамдық өмiрдiң әр түрлi қырларын талдайды, бiрақ негiзi ретiнде энергетикалық база, өндiрiс және бөлiнiс құрамына кiретiн техносаладағы өзгерiстер алынады.
О. Тоффлер болашақ қоғамдық дамуды талдай отырып, оның экономикалық қаңқасын электроника және ЭЕМ, ғарыштық кеңiстiк және биоиндустрия құрайды деп есептейдi. Оның пiкiрiнше, өндiрiс, отбасы, ғылыми ойдың бағытының өзi, коммуникация жүйесi орталықтанудан орталықсыздануға, шоғырланудан шашырауға, кәсiпорынға жиналудан “электрондық коттедждегi” үй жұмысына ауысады. Тоффлер жаңа өркениетке
дәл анықтама беруге тырыспайды, оның айтуынша “постиндустриалдық қоғам”, “ғарыштық дәуiр”, “ғаламдық деревня”, “ақпараттық қоғам” және т.б. қолдануға келмейдi, өйткенi “олар жүзеге асып жатқан өзгерiстердiң нақты динамикасы, оның салдары барысындағы қайшылықтар мен қақтығыстар туралы дұрыс болжам бере алмайды”.
Жаңа өркениетке анықтама беруге көптеген ғалымдар ұмтылды. Дж. Литхайм— постбуржуазиялық, Р. Дарендорф—посткапиталистiк, А. Этциони—постмодернистiк, К. Болдуинг—постөркениеттiк, Г. Кан—постэкономикалық, С. Алстром— постпротестанттық, Р. Сейденберг—посттарихи, Р. Барнет—постмұнайлық қоғам туралы айтады.
Мұнан ары қарай постиндустриалдық қоғам теориясы ақпараттық қоғам концепциясында нақтылана түседi. Ақпараттық қоғамның әр түрлi варианттары Д. Белл, А. Кинг, Дж. Мартин, А. Нормен, С. Нора, Дж. Нейсбит, Й. Масуда, Дж. Пелтон, М. Понятковский, Ж. -Ж. Серван-Шрайбер және т.б. сияқты теоретиктермен даярланды. Жалпы алғанда, олар ақпараттық қоғамды постиндустриалдық қоғам ретiнде түсiндiредi.
Жаңа өркениетке өтуге байланысты адамзаттың тарихи тағдырларындағы түбiрлi өзгерiстер болып жатқан жаңалықтарды пайымдау қажеттiлiгiн тудырды. 20-жылдардың өзiнде-ақ мұны алғаш сезiнген О. Шпенглер өзiнiң атақты “Европаның дағдарысы” еңбегiнде бүгiнгi индустриалды өркениеттiң ақырының жалпы нобайын трагедиялық формада белгiледi. Онан кейiн 40-жылдары австралиялық экономист К. Кларк жаңа қоғамның келе жатқанын айқын баяндап, оны жаңа экономикасы мен технологиясы бар ақпарат және қызмет көрсету қоғамы ретiнде сипаттады. 50-жылдардың аяғында американдық экономист Ф. Махлуп жаңа қоғам туралы идеяны дамыта отырып, ақпараттың маңызды тауарға айналатыны және ақпараттық экономиканың келетiнi туралы тезисiн жариялады. Және тек 60- жылдардың соңында ғана постиндустриалдық қоғам теориясының
негiзiн қалаушылардың бiрi американдық әлеуметтанушы Д. Белл алдыңғыларымен салыстырғанда өзiнiң ақпараттық қоғам теориясында бұл қоғамның мәнi мен сипаттамалық белгiлерiн ашуға тырысты.
Әсiресе, өзiнiң “Ақпараттық қоғамның әлеуметтiк шеңберi” деген еңбегiнде Д. Белл қоғамның негiзгi салаларын жан-жақты қарастыра отырып, индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту барысында қазiргi қоғамның қандай өзгерiстерге ұшырайтынын сипаттап жазады. Д. Беллдiң пiкiрiнше: “Келесi жүзжылдықта экономикалық және әлеуметтiк өмiр үшiн, бiлiм өндiрiсiнiң тәсiлдерi үшiн, сонымен қатар адамның еңбек әрекетiнiң сипаты үшiн телекоммуникацияларға негiзделген жаңа әлеуметтiк үрдiстiң қалыптасуы шешушi мәнге ие болады” (Нова технократическая волна на Западе, 330-бет). Онан ары қарай ол индустриалдық қоғамға тән үш сипаттамалық белгiнi анықтайды:
индустриалдық қоғамнан сервистiк қоғамға өту;
технологиялық жаңашылдықтарды жүзеге асыруда кодификациялық теориялық ЁЁбiлiмнiң шешушi мәнi;
жаңа “интеллектуалдық технологияны” жүйелiк талдау мен шешiм қабылдау теориясының негiзгi құралына айналдыру.
Д. Белл индустриалдық және постиндустриалдық, дәлiрек айтқанда ақпараттық қоғамның арасындағы принципиалды айырмашылықтарды айта келе, мына нәрселерге көңiл аударады: индустриалдық қоғам үшiн машиналы технология қандай маңызға ие болса, интеллектуалдық технология ұйымдар мен кәсiпорындарды басқарудың негiзгi құралына айналатындықтан постиндустриалдық қоғам үшiн сондай маңызды мағынаға ие болады. Осыған байланысты индустриалдық қоғамда еңбек пен капитал негiзгi ауыспалылар болса, постиндустриалды қоғамда бiлiм сондай шешушi ауыспалыға айналады. Оның үстiне Д. Белл ақпарат пен теориялық бiлiмдi ақпараттық қоғамның стратегиялық ресурстарына жатқызады.
У. Дайзард өзiнiң “Ақпарат ғасырының қадамы” деген еңбегiнде ақпараттық қоғам дамуының үш кезеңiне көңiл аударады: ақпаратты өндiру мен тарату бойынша негiзгi экономикалық салалардың қалыптасуы; өнеркәсiптiң өзге салалары мен өкiмен үшiн ақпараттық қызмет номенклатурасының кеңеюi; тұтынушылық деңгейде ақпарат құралдарының кең торабының қалыптасуы.
Трансформацияның бастапқы кезеңiн М. Порат “алғашқы ақпараттық сектор” деп атады. Мұнда ұлттық ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымды құрайтын техника өндiрушiлер мен менеджерлер ғана, яғни ат төбелiндей корпорация иелерi ғана үстемдiк етедi. Мұндай корпорацияның ең iрiлерiнiң бiрi—“Америкэн телефон энд телеграф”—70-жылдардың аяғында әлемнiң 118 елiнiң ұлттық өнiмiн (ВНП) барлығын қосып алғандағыдай кiрiске ие болды.
Жаңа ақпараттық экономиканың екiншi кезеңi де толығымен ене бастады. Бұл кезеңде жаңа ақпараттық технологияның негiзгi пайдаланушылары жеке және қоғамдық салалар болып табылады. Осы кезден бастап олардың ақпараттық технологияға деген сұранысы күшейе түседi. Мысалы, банк iсi уақыт өткен сайын қағаз ақшаның негiзгi бөлiгiн алмастыратын “электронды ақшаның” универсалды жүйесiн қалыптастыру бағытына қарай жедел қарқынмен дами бастайды. Әдетте бұл процесс үй компьютерлерi және өзге күрделi техникамен жүзеге асады. Әрбiр үйдегi екi құрылғының—телефон және теледидардың көмегiмен қызмет көрсетудiң жаңа түрлерiнiң басым көпшiлiгi атқарылады. Бұл жүйелер ақпараттық қызметтiң жаңа базаларының эффективтi каналдары бола алады.
Т. Стоунвер ақпараттық қоғамның ерекшелiктерi туралы былай деп жазады: “Байлықты адамдар жасайды. Адамдық капитал—постиндустриалдық қоғамның маңызды ресурсы”. Байлық техника құралдарының көмегiмен технологиялық бiлiмдi және ұйымдастырушылықты жетiлдiру арқылы қалыптасады. Сондықтан Т. Стоунвердiң пiкiрiнше “индустриалдық экономикадан постиндустриалдық экономикаға өтудiң ең тиiмдi стратегиясы—бұл бiлiмдi, ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды кең ауқымды дамыту”. Сондықтан ақпараттық қоғамда ұлттық байлықтың өсуi ең алдымен бiлiм мен технологияның прогресiне бағынышты болады. Осыған байланысты “постиндустриалдық қоғамда ұлттық ақпараттық ресурстар - негiзгi экономикалық құндылық, байлықтың ең үлкен потенциалды көзi” деген Стоунвердiң пiкiрiмен келiспеуге болмайды.
Жоғарыдағы айтылғандарды түйiндей отырып, мына мәселелерге үлкен көңiл қою керек: ақпараттық қоғамның мәнi неде, ақпараттық қоғамның қандай негiзгi сипаттамалық белгiлерi бар, қоғам дамуының өзге этаптарынан түбiрлi айырмашылықтары неде, ақпараттық мемлекет қатарына жататын мемлекет бар ма?
Профессор А. И. Ракитовтың пiкiрiнше, егер қоғам төмендегi параметрлерге сәйкес келсе, онда оны ақпараттық деп есептеуге болады:
егер кез келген адам, ұжым, кәсiпорын немесе ұйым өзiнiң өмiрқамы және жеке немесе әлеуметтiк маңызы бар мiндеттердi шешу үшiн кез келген уақытта елдiң кез келген нүктесiнен кез келген ақпаратты ала алатын жағдайда;
егер қоғамда индивидке, ұжымға немесе ұйымға қажеттi қазiргi ақпараттық технология қызмет ететiн өндiрiлетiн болса және жоғары пункттегi талаптарды өтей алатын болса;
егер ғылыми-технологиялық және әлеуметтiк-тарихи прогрестiң үнемi жедел қарқынын ұстап тұруға қажеттi мөлшердегi ұлттық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды қамтамасыз ететiн дамыған инфрақұрылым болған жағдайда;
егер өндiрiс пен басқарудың барлық салаларында автоматтандыру мен роботтандырудың жеделдетiлген процесi жүзеге асса;
егер ақпараттық әрекет пен қызмет салаларын кеңейтуге мүмкiндiк беретiн әлеуметтiк құрылымда радикалды өзгерiстер жүзеге асса.
Бұл салада тұрғылықты халықтың басым көпшiлiгi, еңбекке жарамды халықтың 50
%-дан астамы қызмет етедi. Д. Белл мынадай көрсеткiштер келтiредi: АҚШ-та 1970 жылдың өзiнде-ақ қызмет көрсету саласында жұмыс күшiнiң 65%-ы, өнеркәсiп пен құрылыста —30%-ы, ауыл шаруашылығында—5%-ы еңбек еттi. Белгiлi американдық профессор Дж. Мартиннiң айтуынша 80-жылдардың басында Батыстың дамыған елдерiнде АҚШ және Жапонияда ақпараттық қоғам орнады.
Жаңа ақпараттық өркениеттiң қалыптасуы көптеген жаңа мәселелердi де туғызады. Әлеуметтiк-экономикалық табыс бүгiнгi күндерi бiлiм мен технологияға бағынышты болғандықтан ақпараттандыру жолына дер кезiнде түсе алмаған елдердiң ақпаратты дамушы елдерге бағынышты болып қалатыны күмән туғызбайды. Осыған байланысты дамушы елдердiң шикiзат және энергетика көздерi болып келген елдер ақпараттық отар елдерге айналуы мүмкiн. М. Хайдеггердiң пiкiрiнше индустриалдық қоғамда техника мен техницизм үстемдiк етсе, болашаққа ақыл-ойдың экспансиясы қатер төндiредi. Кейбiр батыстық философтар ақпараттық процестердiң қарқынды дамуы жағымсыз салдарларға да әкелуi мүмкiн деген ой айтады. Мысалы, М. Маклюэн дүниетанымның стереотиптiлiгi, индивидуалдылықты жоғалту, адамның үнсiздiк пен бейсаналық тұңғиығына батуы сияқты құбылыстарды болжайды. Белгiлi американ әлеуметтенушысы О. Тоффлер өзiнiң “Футурошок” еңбегiнде қазiргi адамның қоғам мен техниканың шапшаң өзгерiстерiне дайын еместiгiн айта келе, болашақпен қақтығыстың адамға ауыр тиетiнiн ескертедi.
ХХ ғасырдағы индустриалдық қоғамның ең күштi сыншыларының бiрi Л. Мэмфорд болды. Бастапқыда ол болашақты өркениеттiң технологиясына негiзделген гуманистiк прогресс ретiнде елестеттi. Кейiнiрек өзiнiң позициясын түбiрiмен қайта қарап, ақпарат саласын өз қолына шоғырландырған және күштi репрессивтi бюрократиямен басқаратын әскери-өнеркәсiптiк истеблишмент тарапынан келетiн қауiп-қатер туралы ескертедi. Болашаққа қатысты эйфорияға қарсы Питер Штернс және Майкл Харригтон сияқты сыншылар өз пiкiрлерiн айтты.
Қоғамды ақпараттандыру процесi техникалық және технологиялық процестердi өз бойына бiрiктiре, жинақтай және қорыта отырып, тек технологиялық мәселе болудан қалады.
Сондықтан “…ақпараттық қоғам адам болмысының мәнiмен қатар құрылымын өзгертетiндiктен мыңдаған жылдар бойы философияның жұмбақ құбылыстары болып келген шығармашылықтың құпиялары мен адамзат ақыл-ойының терең тылсымдарына ену мүмкiншiлiктерi мен оны адами игеру деңгейлерiн, тұлға жүйесiн түбегейлi өзгертетiн болғандықтан философияның көкжиегiндегi зерттеу аймағы болып қала бередi” (Ракитов А. И. Философия компьютерной революции. М. ,1991).
Болашақта адамзат өркениетiнiң дамуы қандай болмасын, мейлi ол ғарыштық дәуiр, компьютерлiк немесе ақпараттық және т.б. болсын, мұның бәрi адам үшiн, адамның игiлiгi үшiн жасалып жатқандығын ескеруiмiз қажет. Бұл мағынада техника философиясы ең алдымен адам философиясы деген американ философы Х. Сколимовскидiң пiкiрiмен келiсуге болады.
Болашақты болжау, не оны білуге ұмтылу – адазаттың ежелгі арманы. Ертеңгі күнім қандай болады, мені не күтіп тұр, деп ойламайтын адам болмайды.
Кейбір идеологтар қоғамның даму заңдылығы бар екенін мойындамаған соң түрлі болжамдар жасайды, Нақтылы социологиялық әдістер қолдананды.
Қазір ғылымда болашақты болжаудың бірнеше әдістері қолданылуда. Оған жататындар экстрополяция, тарихи аналогия, компьютерлік модельдеу, болашақты сценариге салу т.б. Бұлар негізінен бір - біріне жақын ғылыми болжау әдістері. Мәселен, экстрополяция (лат. Тіліндегі ехіга - сырттай, жоғары, роІі - өзгерту, бастау деген сөздерден тұрады) - қазіргі кезде көбірек қолданылып жүрген әдіс. Бұл әдіс, бір нәрсенің құбылысына қарап басқа нәрсені болжауға, оның келешегін, даму жолын кесіп айтуға болады. Бұл әдіс көбінесе талдауда, диагноз жасауда қолданылады.
Тарихи аналогия әдісі де осы әдіске жақын. Ол грек тіліндегі сәйкестік, ұқсастық деген сөздерден алынған. Бұл әдіс бойынша белгілі бір зерттелмген, әбден анықталған құбылыстардың қасиетін, ұқсастығын негізге ала отырып, басқа зерттелмеген құбылыстарды болжауға болады.
Аналогия тарихта қолданылады, бірақ көбінесе ол нақты емес, жалпы ұқсастықты пайымдау үшін ғана қажет. Компьютерлік модельдеу, "обьектіні" белгілі үлгіге түсіріп, сол үлгіні зерттеу арқылы болар істі түсіну. Модель - өлшем, үлгі, мөлшер деген ұғымдардан алып арнайы жасалған белгілі бір әлеуметтік құбылыстар. Модель біздің болашақ жөніндегі ойымызды нақтылайды, оның суреттерін, жобаларын, көкжиегін белгілейді. Бірақ модель қашанда анықталып отырады.
Осы айтылаған барлық ғылыми әдістердің басын біріктіріп жаңа ғылым - прогностика дүниеге келді. Оның ілгері дамуында әлектрондық есептеу техникасын қолданудың маңызы өте зор. Бұл техника қысқа мерзім ішінде ғажап фактілерді, цифрларды реттеп, есепке салып, тиісті қорытынды шығарып, даму бағытын пайымдайды, қажетті тұжырым жасайды. Статистикалық материалдарды электрондық есептеу машинасына салып белгілі қорытынды жасау әдісі АҚШ - та кеңінен қолданылады. Одан соң болашақты болжауда қоғамды бүтіндей алып, жан - жақты зерттеу қажет. Ол кешенді, жүйеленген әдіс қолдану арқылы жүзеге асырылады. Келе-шекті болжап, одан ғылыми қорытынды жасаудың басты құралдарының бірі - диалектикалық ілімнің методологиялық мәнісін, теориялық прин-циптерін негізге ала білу.
Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, ғылым да шындықтың адам санасында бейнеленуі. Ғылымның мәніне түсіну үшін оның шығу себептерін, шындықты бейнелеу ерекшеліктерін және қоғам дамуындағы рөлін білу қажет. Ғылым дегеніміз- табиғат және қоғам құбылыстары мен процестері жайында теория түрінде бір жүйеге келтірілген білімдер.
Болжау ұғымы (гректің тілінен- «алдын ала болжау айту» деген сөзінен шыққан) қайсы бір табиғат не қоғам құбылыстарының болашақта болатын-болмайтыны жайында ықтимал пікір айтуды білдіреді. Әлеуметтік өмір саласында ғылыми көрегендік білдірудің бір формасы ретінде болжау алдына мақсат қоя білуге, жоспарлай білуге тығыз байланысты.
Ғылыми- болжамның дүниежүзілік практикасында қолданылатын әдіс -тәсілдер көп. Солардың ішінде тарихи аналогия, компютерлік моделін жасау сияқты әдістер де бар. Қазіргі кезде әлеуметтік болжам жасау барған сайын кеңінен қолданылуда- оның ішінде нақты тарихи процестің болашағын эксперттік (сараптаушылық) баға беру әдісі ең сенімді әдіс деп есептеледі. Әлеуметтік болжамды бірнеше ғылымдар тұрғысынан интеграциялық, экологиялық, демографиялық дамуының ғылыми тех-никалық прогресс, мәдени және халықаралық қатынастар дамуының болашағын жан-жақты есепке алмайынша дәлелді әлеуметтік болжам жасау мүмкін емес. Қоғам болашағын болжау жаратылыстану- ғылыми, техникалық білімдер мен қоғамдық ғылымдарды біріктіре қолданғанда ғана жемісті нәтиже береді.
Әлеуметтік болжам мен әлуметтік прогресс уайымдары іштей бірлікте, өйткені біріншісін мойындау екіншісін мойындауды міндеттейді. Ғылымның ерекшелігі ең алдымен оның пәнімен анықталады. Адамды қоршаған сыртқы дүние - табиғат пен қоғамның, сондай-ақ ойлаудың да обьективтік заңдары бар.
Ғылым қоғамдық өндірістің дамуында қуатты күш болып табылады, өйткені ғылымның күші, адамның ақиқатты танып білудегі күш-қуаты практикада ғана айқын көрінеді. Ол өндіріс құрал, техникасының дамуында, қоғамның бүкіл өндіргіш күштерін жетілдіруде аса зор роль атқарады.
К. Маркс ғылымды өндірістің және тұтас алғанда, бүкіл қоғамның дамуының рухани күш - қуаты деп деп атайды. Ол өзінің бір қол жазбасында былай деп жазды: "Табиғат машиналар, темір жолдар, әлектр телеграфтарын т.б. жасамайды. Мұның бәрі- адам миының адам қолымен жасаған органы, білімінің затқа айналдырған күші. Ғылым -
қоғам өмірінің жетекшісі және шешуші күші, өндірістер де, экономика мен саясатты да айқындап беретін сол, ғылым мен техникалық құдыретті күші адамдарды дәрменсіз әлсіз тобырға айналдырды. Қоғам-дамуының белгілі бір тарихи дәуірінде ғылым өндіріс дамуының қажетті бір шартына айналды. Ол - капиталистік ірі машина өндірісінің дәуірі. Ірі индустрияның дамуына байланысты», деп атап көрсеткен Маркс, онда машинамен қатар, барған сайын бу және әлектр сияқты нәрселердің маңызы артады, ал олардың еңбек өнімділігі ғылымның жалпы даму және өндірісте қолданылу дәрежесіне байланысты.
Еңбек өнімділігін арттырып, адамдардың түрмыс жағдайларын жақсартуға өлшеусіз мүмкіндіктер ашуға тиісті ғылыми-техникалық революция мен экономиканы милитарландыру арасында шиеленіскен қайшылық туып, мұның өзі жаңа техника жасаушы миллиондаған адамдардың еңбегін олардың өз өміріне төнген, қауіп-қатерге айналдырады. Демек, ядролық қару түсында әскери күш көрсету катего-риялары мен ойлану азаматты өзін - өзі өлтіруге итермелеу деген сөз.
Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде туған дүниежүзілік атомдық қауіп-қатермен қатар, табиғат пен қоғамның қатынасында туған басқа да дағдарыстар бар. Ол дағдарыстың ішіндегі ең бастылары экологилық, энергетикалық т.б. дағдарыстар болып отыр.
Биоәлеуметтік жан ретінде адам табиғатқа бейімделіп қана қоймайды, керісінше, ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйене отырып, оны өз қажеттеріне сәйкес өзгертеді осы іс-әрекеттің нәтижесінде адамның өз басына экологиялық қауіп төніп келеді: табиғат байлықтарын есепсіз тұтынудың салдарынан алдағы ғасырларда олардың қорының біртіндеп таусылу қауіпі бар.
Оларға ең алдымен қазба байлықтар, минералдық шикізаттар жатса, екіншіден, өзін- өзі қалпына келтіріп толықтырып отырады деп есептеліп келген ауыз су, таза ауа, тірі организмдер, т.б. биосфералық заттар жатады.
Ғылыми-техникалық революция табиғаттың мұндай байлықтары таусылмайтын шексіз еместігін өлшеусіз, есепсіз өндіре беруге болмай-тынын дәлелдеді. Қазір Каспий теңізінің астындағы мұнай қорын бес жағынан бес мемілекет жанталаса өндіріп жатыр. Осы бәсекелесте өндірудің нәтижесінде түбінде ол мұнай қоры таусылып, Каспий теңізінің астында орасан зор үңгір пайда болып, сол үңгірге теңіздің суы сіңіп кетіп, екінші бір Арал теңізінің пайда болмасына кім кепіл бере алады!
Кейде мамандар мұндай экологиялық проблемалардың себебін казіргі ғылыми- техникалық революцияның ішкі мәнінен іздеп, оның бірден-бір себебі РТР деп санайды. Алайда мұндай пікірмен келісуге болмайды, өйткені ғылым да, оның негізінде жасалған техника да айналадағы табиғи ортаға өздігінше елеулі әсер етпейді. ҒГР- дың экологиялық жағдайларға тигізетін әсері, оның жетістіктерін практикада қолданудан басталады. Қазіргі заманғы өндіріс ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін қолдана білмейді, тек шамалы бөлігін ғана қолдана алады. Технологияның негізгі бөлігінің айырмашылығы баяғы XIX ғ. өнеркәсіптік революция кезіндегіден шамалы ғана- олар сол, кезде-ақ өндірістің үздіксіз әдісін қолдану шикізатты өлшеусіз талап етті, табиғатқа адамның ықпал жасауын арттырды.
Қазіргі заманғы экологиялық дағдарыстың себептері ғылыми-техникалық революция пайда болудан әлдеқайда бүрын шыққан еді. Оның басты себебі капиталистік товар өндірісінің табиғатынан туатын аз уақыт жүмсап мүмкіндігінше мол пайда табу заңында жатыр. Адамның табиғатқа енгізетін өзгерістері оның қоршаған сыртқы ортамен қарым-қатынасына игі әсерін тигізетіндей болуы тиіс.
Қазіргі кездегі тағы бір маңызды проблема- энергетикалық проблема. Адамзатты энергетикалық жағынан қамтамасыз ету негізінен ғылым мен техниканың прогресіне, энергетиканы өндіру мен тұтынудың арақатынасын дүрыс үйлестіруге, олай болса, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Энергетикалық проблема да, түптеп келгенде, экологиялық проблеманың негізгі бір тармағы болып табылады. Энергетика бүгінгі таңда - экономиканың да, техниканың да,
адамдардың да тұрмыс жағдайының да негізгі, жалпы алғанда осы заманғы цивилизацияның деңгейін айқындаушы фактор. Өмірдің бұл саласында жақындап келе жатқан дағдарыстың себептері де табиғи энергия көзінің дағдарыстың себептері де табиғи энергия көзінің шексіз еместігінде, ол оны тұтыну барған сайын өскен үстіне өсуде.
Болашақ қоғамдық прогрестің тағдыры қазіргі кезде шиленісіп отырған дүниежүзілік проблемаларды, 1-ден, жеке дара емес комплексті түрде және 2-ден мемлекет аралық тіпті бүкіл планетарлық стратегиялық тұрғыда шешуге байланысты. Мұндай страгетиялық жоспар әлі жасалған жоқ, бірақ халықаралық әлуметтік дамудың дүниежүзілік ерекшеліктерін жан-жақты талдамайынша мемлекеттердің әкономикалық және саяси мақсат мүдделерімен іс әрекеттер тисінше анықтап, қоғам мен табиғаттың қарым- қатынасының біртұтас адамгершілік нормалары мен принциптерін белгілемейінше, барлық мемлекеттің бірлесе әрекет ету стратегиясын тұжырымдау мүмкін емес- мүнда әр бір мемлекеттің мүддесі бүкіл адамзаттың ортақ мүддесімен үндесіп жатуы тиіс. Бүл стратегиясы әр мемлекет өз бетінше дара жасай алмайды. Ол барлық мемлекеттер ақылға сала отырып келіскенде, мәдениет аралық байланыстарды ескере отырып, аман-есен алға қарай дамудың жеке елдер мен бүкіл адамдық мүдделерін дүрыс ұштастырғанда ғана жасалуы мүмкін.
Адамзаттың жер бетіндегі болмысын сақтап ілгері қарай прогресивті түрде дамуын қаматамасыз етудің талаптары дүниеге жаңаша көзқараспен қарау жаңаша ойлау логикасын қалыптастыру міндетін үсынады.
Адам бір түтас дүние жүзілік тарихтың нағыз субьекті болу жолын іздеуі, табуы қажет.
Қоғам өмірі дамуының аса қажетті жағдайларының бірі -халық санының өсуі. Елсіз, жұртсыз, халықтың белгілі біржиынтығынсыз өндіріс те болмайды, табиғаттың байлығын меңгеру де, ілгері басып, даму да мүмкін емес. Адамның кісілік қасиетке ие болып, кемелденуі де жұрттың арасында өмір сүріп, бірге еңбек етіп, қарым-қатынас жасауында. Қазақтың "жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас" дейтіні тегін емес. Шынында да, ел-жұрттың, халықтың көп немесе аз екені, оның орналасуы, тығыздығы, өсу қарқынының жылдам немесе баяу болуы қоғамның, нақты елдің дамуын тездетеді немесе баяулатуға себепші болады.
Бірақ осыған сүйеніп, халық саны қоғамды дамытуда шешуші рөл атқарады десек дұрыс па? Әрине, олай емес. Халықтың орналасу тығыздығы және өсу қарқыны өте жоғары бола тұрып, кейбір елдердің, мемлекеттердің экономикалық, саяси және мәдени дамуы жағынан халық артта қалған реттері тарихта кездесіп отырады. Батыстық социологиядаел-жұрттың, халық орналасуының, өсіп-өнуінің қоғам дамуындағы рөлін сыңаржақ бағалайтын ағымдардың ХҮІІІ да бар екенін, олардың көп жағдайда кертартпалық пиғылды дәріптеуге ұмтылатынын айта кеткен жөн. Соның бірі - ғасырдың аяғында пайда болып, күні бүгінге дейін қолдаушылар тауып отырған мальтусшілдік деп аталатын ағым.
Ағылшын экономисі, әрі дін өкілі Т. Р. Мальтус (1766-1834) мынадай тұжырымға келген болатын: халық санының өсуі геометриялық прогрессиямен, ал күнкөріске қажетті заттар арифметикалық про-грессиямен өседі, яғни өмір сүруге қажетті тамақ, киім-кешек, т.б. заттарға қарағанда халық саны әлдеқайда тез өседі. Кедейшіліктің, жоқшылық пен аштықтың, жұмыссыздықтың себебі осында деп уағыздаған еді Мальтус. Оның ойынша, бұл кесапаттар қоғамның табиғатынан туындап жатқан жоқ. Сондықтан адамдардың санын азайтып, бала тууды тежеу керек, бұл ағымның кертартпа сипаты осындай. Қоғам болмысына шаң тигілгенін, халықтың өсіп-өнбегенін теріс көрмейді.
Халық санының артуы әлеуметтік мәселе, оны шешу қоғамдық қатынастарды түбірімен өзгертуді талап етеді. Халық санының тоқтаусыз артуын реттеуге болады. Ол қоғамның даму мәдениетіне жатады.
Адамзат пайда болумен бірге биосфера өзінің келесі сапалық сатысына - ноосфераға (гректің ноос - ақыл, ой деген сөзінен шыққан) өтеді. Ноосфера туралы ілімнің негізін
қалаушы орыс ғалымы В. И. Вернадскийдің (1863-1945) пікірінше, ноосфера - адамның ақыл-ой өрісі, ойланып істеген әрі дәйекі басқарып отыратын әрекетінің көрінісі, табиғатты жоспарлы, жүйелі әрі саналы түрде пайдалануының, өзгертіп, түрлендіруінің жемісі.
Достарыңызбен бөлісу: |