Ағылшын тілінің фонетикалық дағдыларын қалыптастыру



Дата25.05.2022
өлшемі14,56 Kb.
#35560
Байланысты:
Ағылшын тілінің фонетикалық дағдыларын қалыптастыру


Ағылшын тілінің фонетикалық дағдыларын қалыптастыру
Шетел тілінің айтылуын үйреткенде сол тілдегі дыбыстардың ерекшеліктеріне, жергілкті диалектіге де көңіл аудару керек, себебі ағылшын тілінде дыбыстық ерекшеліктер және Англиядағы диалектің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ал қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктер болғанменде олар айқын көрінбейді, ал жергілікті диалектінің адамдардың бірін бірі түсінуне қиыншылық әкелмейді. Қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктерінің өте аз болу себебі қазақ халқы көшпенді өмір сүрген, сондықтан халықтың барлығы бір тілде, бір тілдік бірліктерді және дыбыстарды қолданған.
Ал, қазақ тілінде оқитын оқушыларға ағылшын тіліндегі айтылуды үйреткенде біраз қиыншылықтармен кездесеміз. Ол қиыншылықтар ағылшын тіліндегі кейбір дыбыстардың туған тілдегі дыбыстардан қатты айырмашылығы болуынан.
Құрылымдық лингвистика мен лингводидактиканың өкілдері Л.Ельмсиев, Л.Блумфилд, Ч.Фриз, Р.Ладо өз жұмыстарында былай деп танытқан: «…Шетел тілінің айтылуын дыбыстарға еліктету жаттығуларымен үйрету керек».
Л. Блумфилдтің айтуы бойынша шетел тілінің айтылуын шетел тілі мен туған тілдегі дыбыстарды талдау және салыстыру арқылы үйрету керек десе, Ч. Фриздің айтуынша сөздердегі бір ғана дыбысты өзгертіп бір-біріне қарама-қарсы қойып салыстыра үйрету керек деген, мәселен: nais-naiz, pleis-pleiz. Ч.Фриз алдымен дыбыстардың артикуляциясын суреттеп, еліктеу әдісімен жаттықтыру керек деген.
Тілді үйренуші ағылшын тілінде сөйлегенде кейбір дыбыстарды айтқанда өз тіліндегі дыбыстармен ауыстырып айтуға үйір болады.
Лингвистикалық негізде ағылшын тілінің айтылуын үйрету екі бөлімнен тұрады. Олар: физиологиялық фонетика және фонология.
Физиологиялық фонетика дыбыстардың құрылуын және тіл арқылы айтылуын зерттейді және түсіндіреді.
Фонология, ол тілдің фонетикалық қатарындағы компоненттердің атқаратын рөлін зерттейді және түсіндіреді.
Фонология – функционалды фонетика. Ол үш функцияны қарастырады:
1. Конститутивтік (құрастырушы)
2. Дистинктивтік (айырмашылықты білдіретін)
3. Рекогнитивтік (тану)
Конститутивтік функция, ол қандай да сөйлем тіпті ол бір буынды сөзден тұрса да, ол дыбыстардан құралады. Мысалы: I [ai]- мен, бұл сөз белгілі бір буыннан тұрады, бір екпін бар және белгілі бір тонмен (төменгі немесе жоғарғы) айтылады. Дыбысты немесе сөздің құрамындағы дыбысты айтқанда сөйлеуші немесе дауыстап оқып отырған адам бұл сөзді немесе фразаны басқа дыбыстардан тұратын сөздерден шектетіп айтады.
Рекогнитивтік жаттығулар дыбыстарды және олардың тәртібін ажырату қабілеттерін дамыту үшін арналған. Есту қабілеттерін дамыту үшін мұғалім ауызша естіп тану әдістерін қолдануы керек. Мұғалім бірнеше сөздерді айтады, ал оқушылар жаңа дыбысты естігенде қолдарын көтереді.Сөйтіп мұғалім оқушыларының дыбыстарды ажырата алатынын біледі. Немесе мұғалім екі сөзді айтады да олардың қайсысы етістік екенін оқушылар ажырата алатынындығын білу үшін, олардан етістікті естігенде қолдарын көтеруін сұрайды.
Оқушылардың тілді үйренуі екі жақты процесс екені белгілі. Тілді үйрену жаңа сөздерді меңгеру, сөздерді дұрыс айта білу,фонетикалық қателер жібермеу, дұрыс интонациямен айта білу және оқушының өзіне қоятын талабына, күнделікті дайындығына байланысты. Оқушыны әр түрлі соңғы тәсілдермен еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, алған білімдерін өз ортасында орынды қолдануға дағдыландыру, білімін тереңдету, тілді меңгеруге көмектеседі. Есту қабілетін сөйлеу мен тыңдау, оқу мен жазу әрекеттері кезінде дұрыс пайдаланғанда оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлей алады. Оқушылардың дұрыс интонациямен сөздерді айтуы үшін фонетикалық дағдыларды қалыптастыру қажет. Сөздердің дұрыс дыбысталуына, дауыс ырғағына мән беріліп, арнайы жаттығулар орындатуымыз қажет. Жаңа сөздерді үйрену кезінде олардың айтылуына, сұрақ қойған кезде дауыс ырғағының дұрыс болуын қадағалау керек. Алғашқы сабақтан бастап әріптерді үйрету кезінде жасаған тілдік жаттығуларға аса қатты мән берілуі қажет. Сөздердің дыбысталуы мен дауыс ырғағына жаттығулар жасаған кезде оларды үш топқа бөлуге болады:
1. Ағылшын және қазақ тіліндегі ұқсас дыбыстар мысалы: [m, b, s, z, g, ng] үйренуге аса қиындық келтірмейді.
2. Қазақ тіліндегі айтылуында біршама айырмашылығы бар [t, n, d, l, e, p, k] дыбыстарының қандай айырмасы бар,олардың қалай дыбысталатынын үйрету керек.
3. Бұл дыбыстар қазақ тілінде жоқ болғандықтан[w, h, r, ө, әе] олардың артикуляциясын түсіндіру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет