Сабақтың тақырыбы. Жаңа материал Жаттығу тапсырмалары Бақылау Мерзімі



Дата07.01.2022
өлшемі79,02 Kb.
#20053
түріСабақ
Байланысты:
6 сын Жазғытұры қалмайды қыстың сызы


Сабақтың жоспары

Қазақ тілі 6-сынып (орыс мектебінде)



Сабақтың тақырыбы.

Жаңа материал

Жаттығу тапсырмалары

Бақылау

Мерзімі

№2 сабақ

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы

Оқу мақсаттары:

6.2.6.1 Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.


Бағалау критерийлері:

Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады.




Бейне роликті тыңдай отырып, мазмұнын ашу.

Оқушыларға сұрақтар қою.

-Жазғытұры қандай мезгіл?

-Ауа райы қандай?

-Табиғатта қандай өзгерістер болады?
Жаңа сөздер:

Жазғытұры-весна

Масатыдай құлпырып-расцвести как плющ

Елжіреу- умиляться

Сыз-сырость

Шаттан – веселись

Жаңа сөздерді дәптерге жазып орыс тіліне аудару.




Жаңа сөздерді қолдана отырып жазғытұры тақырыбына әңгіме құр.
86-бет 1- тапсырма

Сурет бойынша бірнеше сөз не сөз тіркесін ата. Барлық суретке ортақ сөздерді тап. Осы сөздерді пайдаланып, сөйлем құра.

87- бет

4- тапсырама

Өлеңді мәнерлеп оқы. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайында.


Күнделік, ватсап арқылы.

Үй жұмысы

89- бет 9- тапсырма.

Сөздердің мағынасына қарай сәйкестендір.




08.04.20

№5 сабақ

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Сабақтың мақсаты:

6.4.3.1 Жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу.


Бағалау критерийлері:

Жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазады.



Мәтінді тыңдай отырып ,суреттер арқылы сабақтың тақырыбын ашу .

Мұғалім мәтінді оқиды.

Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай! Әне-міне дегенше күз де келді. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа-райынан байқадым. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Көрерміз…



Сөздерді аудар.

Жаңа сөздер:

Дымқыл-влажный

Тұман- туман

Ертеден – с раннего


Берілген мәтіннен эпитет, теңеу сөздерін тап.

93-бет


2- тапсырма

Сурет бойынша мәтін құра.


94- бет 5- тапсырма


Күнделік , ватсап арқылы.

Үй жұмысы

Абай Құнанбайұлының өмірбаянын оқып, мазмұндау.


10.04.20

№6 сабақ

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан


Сабақтың мақсаты:

6.4.1.1 Мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу.


Бағалау критерийлері:

Мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазады.




Өткенді қайталау.

Үй жұмысын тексеру.

Абай Қ.ның өмірбаянын сұрап шығу.
Оқушылар бір- біріне сұрақтар ойластырады:

Мысалы:



  1. Абай Құнанбаев кім?

  2. Қандай өлеңдерін білесің?

  3. Туып өскен жері?

  4. Абай неше тіл білген?



Абай Құнанбайұлының өмірбаянын үлгі ретінде алып, өз өмірбаяныңды жаз.

Оқулықпен жұмыс:

93- бет 1- тапсырма

Мақал- мәтелдерді оқып, сөйлем мүшесіне талда.




94- бет

3- тапсырма



Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайында.

13.04.20


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет