Фонетика Фонетика дегеніміз не? Фонетика – тіл білімі ғылымының тіл дыбыстарын зерттейтін бір саласы



бет1/3
Дата22.11.2023
өлшемі15,21 Kb.
#125100
  1   2   3
Байланысты:
База қазақ тілі


Фонетика
1.Фонетика дегеніміз не?
Фонетика – тіл білімі ғылымының тіл дыбыстарын зерттейтін бір саласы.
2. Фонетика нені қарастырады?
Фонетика дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, буын, екпін, интонацияны қарастырады.
3.Әліпби дегеніміз не?
Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі.
4. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған.
А. Байтұрсынов.
5. Қазақ әліпбиі неше рет өзгерді? 3
6. Қазақ әліпбиі қалай өзгерді:
Алғаш араб әліпбиі, кейін латын әліпбиі, соңында қазіргі пайдаланып жүрген кирилл әліпбиі болған
7. Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29 әріптен тұратын латын әліпбиіне қай жылы көшті?
1929 жылы
8. Қай жылы қараша айынан бастап кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі қолданыла бастады?
1940 жылы
9. Кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән тоғыз әріп бар. Олар: ә, ғ, ң, қ, ө, ұ, ү, һ, і. Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ
10. Тіл дыбыстары екіге бөлінеді қандай қандай?
Дауысты және дауыссыз
11.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы үннен жасалады.
12. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл артқа тартылып, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар тіл ұшының ілгері созылуы арқылы жасалады.
13. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?
1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстыларды айтқанда, жақ кең ашылмай, ауа қысылып шығады.
14. Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай нешеге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет