Ахмет Байтұрсынов



Дата25.06.2022
өлшемі1,08 Mb.
#37290
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынов


Ахмет Байтұрсынұлы (1872 жылы 5-қыркүйек,Жанкелді ауданы,Ақкөл ауылы –8 желтоқсан 1937 жыл,Алматы)- қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым,түркітанушы,публицист,педагог,аудармашы, қоғам қайраткер.Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі,мемлекет қайраткері,қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Ахмет Байтұрсынов пен әйелі Бәдрисафа

((1873-1938жж))


•Ұлыстың ұлы ұстазы
•Ағартушы ұстаз
•Тілші ғалым
•Аудармашы
•Ақын
•Ауыз әдебиетін үлгілерін жинаушы
•Өз халқын сүйген патриот адам

Білімдіден не пайда, Білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, Қайырымы қайтпаса!

Өлеңдері Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

Аудармалары Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармалары.

Шығармашылығы Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И. Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан - ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазды.


Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И. Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан - ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазылып, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. 

Хронологиясы:1882—1884 жж. ауыл мектебінде оқыды.1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.1912 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.1918-19 жж. Алаш Орда қатарында болады.1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.

Ахмет Байтұрсыновтың Әліппесі

Қазақ даласына халықаралық һәм бүкілресейлік, сондай-ақ ел ішіндегі жаңалықтардан уақтылы хабар таратып тұратын басылым.... А.Байтұрсынұлының 1913 жылдың 2 ақпанында жарыққа шыққан «Қазақ» газетінің алғашқы санындағы мақаласы жарияланды. Ахмет Байтұрсынов осы Қазақ газетінің дамуына үлкен үлес қосты!

«Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға келмейтін ерекше тұлға» (Әбіш Кекілбаев)

А.Байтұрсынұлының құрметіне салынған Алматыдағы ең керемет мұражай үйі


(1998 жыл,12 қыркүйек-Алматы)

Бұл жобаның жасалуындағы мақсаты мен міндеттері:Ұлы ғұлама Ахмет Байтұрсынов туралы мағлұматтарды жинап,жүйеге келтіру, Ахмет өмірі мен шығармашылығы жайлы алынған білімді қалпына келтіруге, толықтыруға,ізденуге,зерттеуге ықпал жасау,бағыт беру...


Назарларыңызға рақмет ...

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет