Ахметов А., Ахметова Г


 бап. Мереке күндеріндегі жұмыс



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет27/36
Дата22.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36

58 бап. Мереке күндеріндегі жұмыс 

Өндірістік-техникалық  жағдайлары  бойынша  немесе  халыққа 

үзіліссіз  тұрақты  қызмет  көрсету  қажет  болуы  себепті  демалыс 

күндері  жұмысты  тоқтату  мүмкін  болмайтын  ұйымдарды 

қоспағанда,  Қазақстан  Республикасында  белгіленген  мереке 

күндері жұмыс жүргізілмейді. 

 

59 бап. Демалыс күндерінде жұмысқа тарту 

Демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда: 

1)  төтенше  жағдайларды  немесе  дүлей  апатты,  өндірістік 

аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін; 



2)  жазатайым  оқиғаларды,  мүліктің жойылуын немесе  бөлінуін 

болғызбау жəне оны тергеу үшін; 

3)  тұтас  алғанда  ұйымның  немесе  оның  жеке  бөлімшелерінің 

одан  əрі  қалыпты  жұмыс  істеуі  тез  орындалуына  байланысты 

болатын  шұғыл,  алдын  ала  көтпеген  жұмыстарды  орындау  үшін 

жол беріледі. 

 

60 бап. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы 

1. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орны 

(қызметі)  мен  орташа  жалақысы  сақтала  отырып,  ақы  төленетін 

жыл сайынғы еңбек демалысына кепілдік беріледі. 

2. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік 

үш күннен кешіктірлмей жүргізіледі. 

3.  Егер  басқа  нормативтік  құқықтық  актілерді,  жеке  еңбек, 

ұжымдық  шарттарда  жəне  жұмыс  берушінің  актілерінде 

қызметкерлердің  жекелеген  санаттары  үшін  өзгеше  көзделмесе, 

қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын 

жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. 

4.  Ақы  төленетін  жыл  сайынғы  қосымша  еңбек  демалысы 

уəкілетті 

мемлкеттік 

орган 

белгілейтін 



өндірістердің, 

жұмыстардың,  кəсіптер  мен  қызметтердің  тізбесіне  сəйкес  ауыр 

дене  жұмыстары  мен  еңбек  жағдайлары  зиянды  жəне  қауіпті 

жұмыстарды істейтін қызметкерлерге беріледі. 

5.  Ақы  төленетін  жыл  сайынғы  еңбек  демалысын  берудің 

талаптары  мен  тəртібі  жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттармен 

белгіленеді. 

6.  Қатарынан  екі  жыл  бойы  еңбек  демалысын  бермеуге  тыйым 

салынады. 

 

61  бап.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалысына  құқық  беретін 



жұмыс  стажын  есептеу  жəне  жыл  сайынғы  еңбек  демалысын 

беру тəртібі 

1.  Еңбек  демалысы  күндеріне  дəл  келетін  мереке  күндерін 

есептемегенде,  жыл  сайынғы  еңбек  демалыстарының  ұзақтығы, 

қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, 

күнтізбелік күндермен есептеледі. 

2.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалысына  құқық  беретін  еңбектегі 

жұмыс өтіліне: 

1) жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыт; 



2)  жұмыстан  заңсыз  босату  кезінде  амалсыздан  бос  жүрген 

уақыт; 


3)  емделуде  болып,  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  парағымен 

расталған уақыт қосылады. 

3.  Жұмыс  беруші  қызметкерге  жыл  сайын  еңбек  демалысын 

беруге міндетті. 

4.  Жұмыс  істеген  бірінші  жылы  үшін  еңбек  демалысы  жеке 

еңбек  шарты  бойынша  бірінші  жұмыс  жылы  өткеннен  кейін 

беріледі. 

5.  Қызметкердің  қалауы  бойынша  жыл  сайынғы  еңбек 

демалысы бөлініп берілуі мүмкін. 

62 бап. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын 

берудің кезектілігі 

1.  Қызметкерлерге  жыл  сайын  еңбек  демалыстарын  берудің 

кезектілігі  жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттарда,  демалыс  кестесінде, 

жұмыс берушінің актілерінде көзделген тəртіппен белгіленеді. 

2.  Өндіріс  қажеттеріне  байланысты  демалыс  кестесі  өзгерген 

жағдайда жұмыс беруші еңбек демалысының басталуынан кемінде 

екі апта бұрын қызметкерге ол жөнінде хабралауға міндетті. 

 

63  бап.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалыстарын  ауыстыру 



немесе ұзарту жағдайлары 

1.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  қызметкер  еңбек  демалысы 

кезеңінде  еңбекке  уақытша  жарамсыз  болған  кезде,  жүкті  болуы 

мен  босануы  бойынша  демалысы  кезінде  толық  немесе  бір  бөлігі 

ауыстырылуы  немесе  ұзартылуы  мүмкін,  бірақ  бұл  орайда  еңбек 

демалысы  кезіндегі  күндерге  еңбекке  уақытша  жарамсыздығы 

бойынша жəрдемақы төленбейді. 

2.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  (оның  бір  бөлігі)  тек 

қызметкердің  келісімімен  немесе  оның  өтініші  бойынша  ғана 

ұзартылуы  немесе  келесі  жұмыс  жылына  ауыстырылуы  мүмкін. 

Ауыстырылған  еңбек  демалысы  тараптардың  келісімі  бойынша 

келесі  жылғы  еңбек  демалысына  қосылуы  немесе  қызметкердің 

өтініші бойынша басқа уақытта жеке берілуі мүмкін. 

 

64 бап. Еңбек демалысынан шақырып алу 

Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  жұмыс  берушінің  ұсынысы 

бойынша  жəне  қызметкердің  келісімімен  үзілуі  мүмкін  (еңбек 

демалысынан  шақырып  алу).  Еңбек  демалысының  осыған 


байланысты  пайдаланылмаған  бөлігі  тараптар  арасындағы 

уағдаластық  бойынша  ағымдағы  жұмыс  жылы  ішінде  беріледі 

немесе  қызметкердің  қалауы  бойынша  келесі  жұмыс  жылындағы 

еңбек демалысына қосылады, не өтемақы төленеді. 

 

65 бап. Жалақы сақталмайтын демалыстар 

Тараптардың  келсімі  бойынша  қызметкерге  оның  өтініші 

негізінде жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. 

 

66 бап. Жүктілігі жəне босануы бойынша демалыстар. Бала 



асырап алған əйелдерге (еркектерге) берілетін демалыстар 

Əйелдерге  жүктілігі  мен  босануы  бойынша  босанғанға  дейін 

ұзақтығы  жетпіс  күнтізбелік  күнге,  босанғаннан  кейін  елу  алты 

(ауыр босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 

жетпіс)  күнтізбелік  күнге  демалыс  беріледі.  Есептеу  жиынтықтап 

жүргізіледі жəне демалыс əйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына 

қарамастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне жəне 

босануы  бойынша  осы  кезеңге  төленген  жəрдемақыны  босанғанға 

дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қарамастан оған толық 

беріледі. 

Жаңа  туған  нəрестелерді  тікелей  перзентханадан  асырап  алған 

əйелдерге  (еркектерге)  бала  асырап  алған  күннен  бастап,  сəбидің 

дүниеге  келген  күнінен  елу  алты  күнге  толғанға  дейінгі  кезеңге 

(ата-анасының біріне) демалыс беріліп, оның ұйымда жұмыс істеу 

ұзақтығына  қарамастан  жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  оған 

осы кезеңге жəрдемақы төленеді. 

 

67  бап.  Бір  жарым  жасқа  дейінгі  балалары  бар  аналарға, 

бала  асырап  алған  əйелдерге  (еркектерге)  жалақысы 

сақталмай берілетін қосымша демалыс 

Жүктілігі мен босануы бойынша демалыстан басқа əйелге оның 

өтініші  бойынша  баласы  бір  жарым  жасқа  толғанға  дейін  оған 

күтім жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі. 

Қосымша  демалыс  уақыты  ішінде  оның  жұмыс  орны  (қызметі) 

сақталады. 

Жаңа  туған  нəрестелерді  тікелей  перзентханадан  асырап  алған 

əйелдердің  (еркектердің)  өтініші  бойынша  сəби  бір  жарым  жасқа  толғанға 

дейін  оған  күтім  жасау  үшін  жалақысы  сақталмайтын 


қосымша  демалыс  беріліп,  осы  кезеңде  оның  жұмыс  орны 

(қызметі) сақталады. 

Бұл  демалыстың  сəби  бір  жарым  жасқа  толғанға  дейін  кез 

келген уақытта толық немесе бөліп пайдалануы мүмкін. 

 

68  бап.  Пайдаланылмаған  жыл  сайынғы  еңбек  демалысы 

үшін жеке еңбек шартын бұзған кезде төленетін өтемақы 

1.  Жеке  еңбек  шартын  бұзу  кезінде,  оның  қандай  негізде  бұзылғанына 

қарамастан, өзінің жыл сайынғы еңбек демалысын алу құқығын пайдаланбаған 

немесе толық пайдаланбаған қызметкерге өтемақы төленеді. 

2.  Егер  жеке  еңбек  шартын  бұзған  күнге  қарай  қызметкер 

жұмыс  жылының  бір  бөлігінде  жұмыс  істесе,  өтемақы  жұмыс 

істеген уақытқа бара-бар төленеді. 

3.  Жеке  еңбек  шартын  бұзу  кезіндегі  пайдаланылмаған  еңбек 

демалысы  үшін  өтемақы  жеке  еңбек  шарты  тоқтатылған  күні 

төленеді. 

 

69 бап. Оқу демалысы 

Білім  беру  ұйымында  оқитын  қызметкерлерге  емтихандар 

тапсыру,  диплом  жобасын  (жұмысын)  дайындау  жəне  қорғау, 

бітірушілер  емтихандар  тапсыру  кезеңінде  ақы  төленетін  немесе 

ақы төленбейтін қосымша демалыс берілу мүмкін. 

 

7  Т А Р А У



  

 

ЖАЛАҚЫ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ

 

 

70 бап. Жалақы 

1.  Жұмыс  беруші  осы  Заңға,  жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттарға 

сəйкес қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті. 

2.  Қызметкерлердің  еңбегіне  ақы  мерзімдік,  кесімді  түрде 

немесе  еңбекке  ақы  төлеудің  өзге  де  жүйелері  ойынша  төленеді. 

Ақы  төлеу  еңбектің  жеке  жəне  немесе  ұжымдық  нəтижелері  үшін 

жүргізілуі мүмкін. 

3.  Қызметкердің  жалақысы  орындалатын  жұмыстың  саны  мен 

сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді. 

Қызметкерлердің  өндіріс  тиімділігі  мен  жұмыс  сапасын 

арттыруға  материалдың  мүдделілігін  күшейту  үшін  жыл  ішіндегі 

жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі 


жəне  материалдың  көтермелеудің  басқа  да  нысандары  енгізілуі 

мүмкін. 


4.  Ұйымдарда  еңбекке  ақы  төлеу  жүйесі ұжымдық  шарттармен 

немесе жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді. 

5.  Қызметкерлерге  қойылатын  біліктілік  талаптары  мен 

жұмыстардың  белгілі  бір  түрлерінің  күрделілігі  жұмыстар  мен 

жұмысшылар  кəсіптерінің  біліктілік  анықтамалығы,  қызметшілер 

лауазымдарының  біліктілік  анықтамалығы  негізінде  белгіленеді. 

Аталған анықтамалықтарды əзірлеу мен қолданудың тəртібін еңбек 

жөніндегі  уəкілетті  мемлекеттік  орган  белгілейді.  Орындалған 

жұмыстарды  белгілі  бір  күрделі  жұмысқа  жатқызуды  жəне 

қызметкерлерге  біліктілік  разрядтарын  беруді  жұмыс  беруші 

жұмыстар 

мен 


жұмысшылар 

кəсіптерінің 

біліктілік 

анықтамалығына 

жəне 

қызметшілер 



лауазымдарының 

анықтамалығына сəйкес дербес жүргізеді. 

 

71 бап. Жалақының мөлшері 

Жалақының мөлшерін жұмыс беруші дербес белгілейді жəне ол 

Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  ең  төмен 

жалақы мөлшерінен кем болмауы керек. 

 

72  бап.  Қызметкерді  қоса  атқару  (қызмет  көрсету 

аймақтарын  кеңейту)  жəне  жұмыста  уақытша  болмаған 

қызметкердің міндеттерін орындау кезіндегі жалақы 

1.  Белгілі  бір  ұйымда  өзінің  жеке  еңбек  шартымен  келісілген  негізгі 

жұмысымен  қатар  өзінің  негізгі  жұмысынан  босатылмастан  басқа  қызмет 

немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеті бойынша қосымша жұмысты 

орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленеді. 

2.  Қызметтерді  қоса  атқарғаны  (қызмет  көрсету  аймақтарын 

кеңейткені)  немесе  жұмыста  уақытша  болмаған  қызметкердің 

міндеттерін  орындағаны  үшін  қосымша  ақылардың  мөлшерін 

қызметкермен келісім бойынша жұмыс беруші белгілейді. 

73  бап.  Мерзімнен  тыс  жұмыстарға,  мереке  жəне  демалыс 

күндеріндегі жұмыстарға ақы төлеу. Түнгі уақыттағы еңбекке 

ақы төлеу 

1. Мерзімнен тыс жұмысқа ақы бір жарым есе мөлшерінен кем 

төленбейді. 

2. Мереке жəне демалыс күндеріндегі жұмысқа екі еседен төмен 

болмайтын мөлшерде төленеді. 


3.  Мереке  жəне  демалыс  күндеріндегі  жұмыстарға  төленетін 

өтемақы  қызметкердің  тілегі  бойынша  қосымша  демалыс  күнімен 

ауыстырылуы мүмкін. 

4. Түнгі уақыттағы жұмыстың əрбір сағатына ақы бір жарым есе 

мөлшерінен кем төленбейді. 

74 бап. Бос тұрып қалған уақытқа ақы төлеу 

1.  Жұмыстың  бос  тұрып  қалған  уақытына  ақы  төлеудің  тəртібі 

мен  талаптары  жеке  еңбек  немесе  ұжымдық  шарттармен 

белгіленеді. 

2.  Қызметкердің  кінəсінен  бос  тұрып  қалған  уақытқа 

ақы төленбеуге тиіс. 



75 бап. Еңбек нормалары 

1.  Еңбек  нормалары  (жұмыс  істеу,  уақыт,  қызмет  көрсету 

нормалары)  еңбек  шығынының  өлшемі  болып  табылады  жəне 

қызметкер  үшін  техниканың,  технологияның,  еңбек  өндірісін 

ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сəйкес белгіленеді. 

2. Еңбек нормаларын енгізуді, ауыстыруды жəне қайта қарауды 

жұмыс беруші жүргізеді. 

Еңбектің 

жаңа 

нормаларының 



енгізілетіні 

туралы 


қызметкерлерге кемінде бір ай бұрын хабарланады. 

3.  Қызметкерлердің  жұмыс  істеу  нормаларын  орындау  үшін 

жұмыс  беруші  қалыпты  еңбек  жағдайларын  қамтамасыз  етуге 

міндетті. 

4.  Он  сегіз  жасқа  толмаған  қызметкерлер  үшін  жұмыс  істеу 

нормалары  жеке  еңбек  шартына  сəйкес  он  сегіз  жасқа 

толмаған  адамдарға  арналған  жұмыс  уақытының  ұзақтығына 

бара-бар  қысқартылған  ересек  қызметкерлерге  арналған  жұмыс 

істеу нормаларын негізге ала отырып белгіленеді. 

76 бап. Жалақы төлеу мерзімдері 

1.  Жалақы  бір  айда  кем  дегенде  бір  рет  төленеді.  Жалақыны 

төлеу күндері жеке еңбек, ұжымдық шарттарда қарастырылады. 

2. Жалақы төлейтін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура 

келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында жүргізіледі. 

3.  Жұмыс  берушінің  кінəсінен  жалақы,  ал  қызметкерлермен 

жеке еңбек шарты бұзылған кезде – оған тиесілі басқа да төлемдер 

белгіленген  мерзімдермен  салыстырғанда  кешіктірліген  кезде 

жұмыс  беруші  қызметкерге  берешек  пен  өсімақы  төлейді. 

Өсімақының  мөлшері  жалақы  төлеу  жөніндегі  міндеттемелерді 



орындау  күніне  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  қайта 

қаржыландыру  ставкасы  бойынша  белгіленеді  жəне  төлем 

жүргізілуге  тиіс  болған  күннен  кейінгі  күннен  бастап  əрбір 

кешіктірілген  күнтізбелік  күн  үшін  есептеліп  төленген  күнмен 

аяқталады. 

4.  Жеке  еңбек  шарты  бұзылған  жағдайда  қызметкерге  тиесілі 

барлық  сомаларды  төлеу  соңғы  жұмыс  күнінен  кешіктірілмей 

жүргізіледі. 



77 бап. Жалақы төленетін орын 

1.  Қызметкерлерге  жалақы  төлеу,  егер  жеке  еңбек,  ұжымдық 

шарт-тарда,  жұмыс  берушінің  актілерінде  өзгеше  көзделмесе, 

əдетте, олардың жұмысын орындайтын жерінде жүргізілуге тиіс. 

2.  Тұрақты  жұмыс  орнынан  тыс  жерде  (іссапарда, 

тапсырысшының  ұйымдарында  жəне  басқаларында)  жұмыс 

берушінің  тапсырмасын  орындаушы  қызметкердің  жалақысын 

жеткізуді жұмыс беруші өз есебінен қамтамсыз етуге тиіс. 

 

78 бап. Қызметкердің орташа жалақысын есептеу тəртібі 

Зейнетақы төлемдерін, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік 

пен  босану  жөніндегі  жəрдемақыларды  жəне  басқа  да  төлемдерді 

есептеу  үшін  ұйымдар  қызметкерлерінің  орташа  жалақысын 

есептеу 

тəртібі 


Қазақстан 

Республикасының 

заңдарымен 

белгіленеді. 



79 бап. Жалақыдан ұстап қалу 

Қызметкерлердің  жалақысынан  ұстап  қалу  сот  шешімі 

бойынша,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде 

көзделген жағдайларда жүргізіледі. 

 

8  Т А Р А У



 

 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ КЕПІЛДІКТЕР БЕРУ МЕН 

ӨТЕМ АҚЫ ТӨЛЕУ

 

 

80  бап.  Қызметкердің  мемлекеттік  жəне  қоғамдық 



міндеттерді орындауы кезіндегі кепілдіктер 

Жұмыс  беруші  қызметкерді  оның  жұмыс  орнын  (қызметін) 

сақтай  отырып,  мемлекеттік  жəне  қоғамдық  міндеттерді  орындау 

уақытына жұмыстан босата алады. 



Мерзімді  əскери  қызметін  өтеп  қайтқан  қызметкердің  нақ  сол 

əскерге шақырылған кəсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым 

құқығы болады. 

 

81  бап.  Жұмыс  беруші  медициналық  тексеруге  жіберетін 



қызметкерлерге арналған кепілдіктер 

Мерзімді  медициналық  тексеруден  өту  кезінде  жұмыс 

берушінің 

есебінен 

осындай 

тексеруден 

өтуге 

міндетті 



қызметкердің  жұмыс  орны  (қызметі)  мен  орташа  жалақысы 

сақталады. 

 

82  бап.  Біліктілігін  арттыруға  жəне  қайта  даярлауға 

жіберілетін қызметкерге арналған кепілдіктер 

Жұмыс  беруші  қызметкерді  өндірістен  қол  үзіп,  біліктілігін 

арттыруға жəне қайта даярлауға жіберген кезде оның жұмыс орны 

(қызметі) мен орташа жалақысы сақаталады. 

 

83 бап. Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар 

Қызметтік іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге: 

1) іссапарда болған уақыты үшін тəулік ақылар; 

2) белгіленген жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары; 

3) тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары төленеді. 

 

84 бап. Қызметкерді ұйыммен бірге басқа жердегі жұмысқа 



ауыстыру кезіндегі өтемақылар 

Қызметкерді  ұйыммен  бірге  басқа  жердегі  жұмысқа  ауыстыру 

кезіндегі  шығындарды  өтеудің  тəртібі  мен  мөлшері  тараптардың 

келісімімен белгіленеді. 



85  бап.  Еңбекке  уақытша  жарамсыздық  бойынша 

əлеуметтік жəрдемақылар тағайындау 

Еңбекке 


уақытша 

жарамсыздық 

бойынша 

əлеуметтік 

жəрдемақылар  жалпы  ауруларға  байланысты  (жарақат  алуға, 

жүктілікті  жасанды  жолмен  бұзуға,  каратинге  байланысты, 

туберкулез немесе кəсіптік ауру себебінен уақытша басқа жұмысқа 

ауыстырылған 

кезде) 

еңбекке 


уақытша 

жарамсыздық 

жағдайларында  жəне  заңдарда  белгіленген  басқа  да  жағдайларда 

тағайындалады. 

 


86  бап.  Жүктілікті  жəне  босану  бойынша  əлеуметтік 

жəрдемақылар  мен  бала  асырап  алған  əйелдерге  (еркектерге) 

əлеуметтік жəрдемақылар тағайындау 

Жүктілікті  жəне  босану  бойынша  əлеуметтік  жəрдемақылар, 

сондай-ақ  тікелей  перзентханадан  бала  асырап  алған  əйелдерге 

(еркектерге)  əлеуметтік  жəрдемақылар  жүктілік  пен  босану 

бойынша бүкіл демалысқа немесе бала асырап алған күннен бастап, 

сəбидің  туған  күнінен  елу  алты  күн  өткенге  дейінгі  кезең  үшін 

демалысқа тағайындалады. 

 

87  бап.  Қызметкерлерге  жұмыс  берушінің  қаражаты 



есебінен əлеуметтік жəрдемақылар төлеу 

1.  Қызметкерге  жалпы  ауруға,  еңбекте  мертігуге  жəне  кəсіптік 

ауруға  байланысты,  жүктілік  пен  босану  бойынша  еңбекке 

уақытша  жарамсыздық  жөнінде  əлеуметтік  жəрдемақыларды, 

сондай-ақ  бала  асырап  алған  əйелдерге  (еркектерге)  əлеуметтік 

жəрдемақыларды  жұмыс  беруші  өз  қаражаты  есебінен  төлеуге 

міндетті. 

2.  Əлеуметтік  жəрдемақыларды  төлеу  тəртібі  мен  олардың 

мөлшері Қазақастан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 

Егер  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  еңбекте  мертігуге  немесе 

кəсіптік ауруға байланысты болса, əлеуметтік жəрдемақыны жұмыс 

беруші  еңбекке  жарамсыздық  орын  алған  бірінші  күннен  бастап, 

жұмысқа  шыққанға  дейін  немесе  мүгедектігі  анықталғанға  дейін 

орташа жалақысының жүз проценті (пайыз) мөлшерінде төлейді. 

3.  Жұмыс  беруші  өзінің  əлеуметтік  жəрдемақылар  төлеу 

жөніндегі  міндеттемелрін  орындамағаны  немесе  тиісінше 

орындамағаны  үшін  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 

белгіленгендей жауапты болады. 



88  бап.  Жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  оқыту  жəне 

біліктілігін арттыру 

1.  Жұмыс  берушінің  мүдделерін  көздеп  кадрлар  даярлау  үшін 

жұмыс  берушінің  өз  қаражаты  есебінен  қызметкерді  оқытуға 

немесе оқуға жіберуге құқығы бар. 

2.  Жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  оқыған,  біліктілігін 

арттырған  немесе  қайта  даярлаудан  өткен  қызметкер  сол  жұмыс 



берушіде тараптардың жеке еңбек шартында келісілген мерзімінде 

жұмыс істеуге міндетті. 

3.  Қызметкердің  бастамасы  бойынша  немесе  қызметкердің 

кінəсі  салдарынан  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  жеке 

еңбек  шарты  бұзылған  жағдайда  жұмыс  берушіге  қызметкер  өзін 

оқытуға  байланысты  шығындарды  жұмыс  істеу  мерзімінің  жұмыс 

істелмеген  мерзіміне бара-бар етіп, толығымен төлейді. 

 

 



 

9  Т А Р А У



 

 

ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ 

МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

 

89 бап. Тараптардың өздері келтірген зиянды өтеу жөніндегі 



міндеті 

1.  Жеке  еңбек  шартындағы  басқа  тарапқа  зиян  келтірген  тарап 

оны  осы  Заңға  жəне  өзге  де  заң  актілеріне  сəйкес  сот  шешімі 

негізінде не ерікті түрде өтейді. 

2. Жеке еңбек шартында осы шарт тараптарының материалдық 

жауапкершілігі нақтыланады. 

 

90  бап.  Қызметкерге  жарақаттанудан  немесе  өзге  де 

денсаулығы зақымдалуынан келтірілген зиянды өтеу 

1.  Егер  қызметкер  өзінің  еңбек  (қызметтік)  міндеттерін 

атқаруына  байланысты  жұмыс  берушінің  кінəсінен  жарақат  алса 

немесе  денсаулығына  өзге  де  зақым  келіп,  соның  салдарынан  ол 

еңбек  қабілетін  толық  немесе  ішінара  жоғалтса,  жұмыс  беруші 

қызметкерге  сақтандыру  өтемі  төленбейтін  кезде  оған  келтірген 

зиянды  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық 

актілерінде көзделген тəртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті. 

2.  Еңбек  міндеттерін  атқару  кезінде  қызметкердің  өмірі  мен 

денсаулығына жəне ұйымның мүлкіне келтірген зиян үшін жұмыс 

берушінің жауапкершілігі сақтандырылуға тиіс. 

 

91  бап.  Қызметкерлердің  толық  материалдық  жауапты 



жағдайлары 

Қызметкерлер: 



1)  Қызметкер  мен  жұмыс  берушінің  арасында  қызметкерге 

берілген  мүлік  пен  толық  материалдық  жауапкершілік  алу  туралы 

жазбаша шарт жасалған; 

2)  заңдарға  сəйкес  қызметкерге  еңбек  міндеттерін  орындау 

кезінде жұмыс берушіге келтірген зиян үшін толық жауапкершілік 

жүктелген. 

3)  қызметкер  мүлік  пен  басқа  да  құндылықтарды  бір  жолғы 

сенім  хатпен  немесе  басқа  да  бір  жолғы  құжаттар  бойынша  есеп 

беруге болады; 

4)  қызметкер  зиянды  алкогольдк,  нашақорлық  немесе 

уытқұмарлық мас болу жағдайында келтірген; 

5) 


зиян 

материалдардың, 

жартылай 

фабрикаттардың, 

бұйымдардың  (өнімдердің),  соның  ішінде  оларды  дайындау 

кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға берген 

құрал-саймандардың,  өлшеу  аспаптарының,  арнаулы  киімдер  мен 

басқа  да    заттардың  жеткіліксіздігінен,  қасақана  жойылуынан 

немесе қасақана бүлдірілуінен келтірілген; 

6)  зиян  коммерциялық  құпияны  жариялау  салдарынан 

келтірілген; 

7)  зиян  қызметкердің  қылмыстық  тəртіппен  қудаланатын 

əрекеттердің  белгісі  бар  іс-əрекеттерінің  келтірілген  жағдайларда 

олардың  кінəсінен  жұмыс  берушіге  келтірілген  зиянға  толық 

мөлшерінде материалдық жағынан жауапты болады. 

 


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Француз тілі»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> Вопросы к экзамену по дисциплине «Уголовное право» Понятие, предмет, метод, система, задачи уголовного права
iblock -> Званий… Чтобы убедиться в этом, чтобы изучить емкий и меткий наш
iblock -> ЖӨніндегі нұСҚаулық Мультимедиялық usb акустикалық жүйеci 0 sven 120 sven 150
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Математика»
iblock -> Баяу, әндете. Медленно и певуче
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: «Қазақ тілі»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет