"Ақын-жыраулар поэзиясындағы жақсы феномены" Қашаған Күржіманұлы,Нұрым Шыршағылұлының,Абыл Тілеуұлының т б



Дата10.02.2023
өлшемі31,18 Kb.
#66765

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті





Факультеті:Қазақ филологиясы
Кафедрасы:Қазақ тілі


СӨЖ
Тақырыбы: “Ақын-жыраулар поэзиясындағы жақсы феномены”(Қашаған Күржіманұлы,Нұрым Шыршағылұлының,Абыл Тілеуұлының т.б. әдеби мұрасы)
Орындаған:Байманова А.С.
Тексерген: Бисенбаев П.К.


Алматы,2023жыл
Ақын-жыраулар поэзиясындағы “жақсы” феномены
Ақын-жыраулар поэзиясының ұлы мақсаты ұлттың рухани - иммунитетін көтеру. XIX ғасыр мен өткен ғасыр басындағы қазақ коғамында адамзат баласына аса қажетті құндылықтарды (тіл, дін, өнер, т.б.) келер ұрпаққа бұзбай, саф калпында жеткізудің ауыр жұ- гін, негізінен, ақын-жыраулар көтерді және олар бұл міндетті әр- кашан абыроймен атқара білді. Алаш баласы жанына азық болар байламды сезді дін исламның киелі кітабы Құран Кәрімнен кейін жыр-толғаулардан, насихат термелерден, діни қиссалардан іздеді. Ислам дінінің тарихын, Құран аяттарын тәпсірлеу, әсіресе ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақын-жыраулардың шығармаларынан терең көрініс тапты. «Бисмилләсіз» тірліктің берекесі болмайтынын білген арда қазақ бұл кез аузына Алланы алмай іс бастамайтын. Елді имандылыққа ұйытып, шариғатты уағыздау казак даласында тек мешіт-медреселер арқылы ғана емес, толғау-термелердегі сөз мәйегі мен әуезді әуендер аркылы да орындалып жатты. Бабалар мұрасын мирас еткен сөз зергерлері тума ойдын тұнығын қасиетті Құраннані, Алланың сүйген құлы Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) хадистерінен 2 тарқатты. Ғасырлар бойы түркі әлемінен оқшауланбаған қазақ сахарасы ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап шығыстық мәдениет пен Ресей аркылы келген батыс «өркениетінің» текетірес аланына айналды. Тамыры екі арнадан сусындаған, діні де, ділі де кабыспайтын мәдениеттердің арасында ешқандай диалог ор- намады. Казак руханиятын ислам әлемінен бөле-жара қарауға болмайтындығын бағамдаған академик-жазушы С. Мұқанов «ХХ гасырдагы казак әдебиеті» атты еңбегінде: «... патша үкіметі отшылдык бағытын нығайтып, таптык санасын айқындай түсті. Акындар поэзиясы бұрынғы баяу дәстүрінен өзгеріп, жауынгер- лік, өткір тілді күрескерлік қасиеттерін күшейтті. Казак поэзия- сында жай мысқылдан гөрі өткір сатира, сарказмы басым айбар- лы сын-сықақ мотивтері өрістеді. Хан, төре, сұлтан, бай, би, молда, кожаларды әшкерелеу, олардың зұлымдықтарын қарсы алдында каскиып тұрып бетіне басу ақпа ақындар поэзиясының жиі колданар сыншыл да шыншыл әдісі ретінде қалыптасты. Айтылмыш өткірлік пен шыншылдык осы дәуір поэзиясының идеялык жоғары сатыға көтерілгендігіне куә бола алатын фак- тілер. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының такырыптық ауқымы да кеніп, молыға толыға түсті. Адамгершілікке, әділеттілікке уағыздаумен бірге қоғамдық мәселе, әлеуметтік тендік, азамат- тык, азаттык идеялары жырланды. Заман талабына сай жаңалық- тардың жаршылары бола білді. Оқу, өнер-білімнің маңызын, адал енбекті, өнімді кәсіпті, ісмер іскерлікті, жігерлі талапкер- лікті батыл көтеріп, жатып ішер жалқаулықтың тамырына балта шабуға үндеді. Осылайша өз елін мәдениеті озық елдердің катарына көтеру қамын жасады. Поэзиямыздың идеялық-тақырыптық ауқымының кеңейіп, зорая тусуі, оның жанр, түр жағынан өркендеуіне жағдай жа сады. Жана мазмұн мен идея соны т\рді керек ететіні мәлім. Казак поэзиясы бұрынғы өсиет өлең, арнау, толғау, жыр сияқ- ты басым болып келген ескі жанр түрлеріне жаңалыктар кос- ты. Казак лирикасының өзі сан түрлі жаңа жүйелермен байл түсті. Лириканың бұрын дидактикалық сарыны басым болса, енді онын суретті, пейзажистік, образдылық жақтары бой сала есті. Адамнын аракатынасы, махаббат сезімдері, ішкі психоло гиялык дуниесі нәзік лиризммен әсерлі бейнеленіп, адамның іші мен сырты бірдей әдемі, жоғары адамгершілікпен ұштасуы көк- селді. Адам өмірі жан-жақты жырланып, қоғамдық сана, фило софиялык ой-тұжырымдары, дәуір жаңалықтары жырланды. Саяси-әлеуметтік, азаматтык, реалистік жана поэзиямыз қа- лыптасты.
Жана поэзия өзінің жаңа өлеңдік өрнектерімен де жақсара түсті. Тіл көркемдігі жағынан да жетіліп, ұстартылды, поэзияға тын талаптар қойылып, оның бейнелілігін арттыра түсуге ерек- ше көңіл бөлінді. Мазмұн мен түрдің бірлігі шеберлік нышаны- нан таныла бастады. Поэзиядан әбден екшелген сөз маржанда- ры талап етіледі. Кемеңгер Абай өлеңді сөздің патшасы, сөз сарасы деп бағалады. Ол өлең құрылысы жағынан да жұп-жұ- мыр шығып, артык сөз, орынсыз ой қосылмай, өлеңнің бас-аяғы теп-тегіс шығуын, мазмұн мен түр бірлігін керек етеді. Сырты күміс, іші алтын болып өрнектелуін ақындар алдына жана әде биеттің эстетикалық мұраты ретінде ұсынды. Әрине, бұл сиякты жоғары талаптарға кез келген ақпа ақындардың жауап бере ал мауы да мүмкін. Себебі, табан асты шығарылған туындыда ұзақ ойланып, көп еңбектеніп, «төгілген тердің, шымырлап шыққан каннын» ізі бола бермеуі де мүмкін. Нағыз өнер, таланттың өзін де әбден қинап барып, қисынын табатыны мәлім. Сондықтан өнерпаздар алдына жаңа талаптар қойылуы занды. Ол жаңа реалистік әдебиет әкелген — соны талаптар. Бұл жаңа әдеби бағыттың шаңырағын көтерген Абай ұсынар табиғи талғамдар. Ол: «Қиыннан қиыстырар ер данасы», - деп, нағыз шын өнердін ойлы, парасатты талапкердің еңбегінің ғана нәтижесі боларын ескертіп, өнер иелері алдына нақты міндеттер койды. Поэзиямызда осы бір жоғары талаптарға сай құнарлы туын- дылардын бой көрсете бастаған тарихи өрлеу шағы да осы дә- уірден басталады. Жанрлық жаңғыруы мен поэтикалық көркем- дігі жағынан қазақ поэзиясы, жоғарыда көрсетілген жаңалық- тарға қолын жеткізіп, өзінің жаңа бет бұрысын танытты.
Ақын-жыраулардың поэзиясындағы “жақсы” феномені деген тақырыпқа тоқталар болсақ,Қашаған Күржіманұлын айтып кеткеніміз жөн.Қашаған Күржіманұлы – ғибратты ғұмыр кешіп, өткір тіл, парасат және қара домбыра қару болған рух майданын- да жоғары адамгершілік құндылықтарды ту етіп көтеріп, халқымыздың орынды мақтанышына айналған ерекше тұлға.Қашаған ақын бабалардың шежірелі тарихын жырлап, халқымыздың сан ғасырлық азаттық үшін күресін, бастан кешкен қилы кезеңдерін, батырлардың ерлік істерін жырлау арқылы болашақ жас ұрпақты елін, жерін сүюге шақырып, отанының патриот ұлы мен қызы болуды ғибрат етеді. Дүлдүл ақынның тарихи тағылымға толы «Атамекен»,«Адай тегі», т.б. толғаулары тарихи шежіреге толы ұлттық әдебиетіміздің асыл мұралары болып табылады.«Топан» атты философиялық дастанда Қашаған дарақылық пен парықсыздықты, мастық пен желікті, тойымсыз құлқын мен тар пейілді дүниедегі бар кеселдің басы деп санап:
Етпеді ешкім қанағат,
Тап болмай қайтсін ғаламат.
Көп болды мұнда тасқандар,
Әлдерін білмей асқандар,
Пиғылынан солардың
Қабыса жаздады аспан, жер!
-дейді.
Ұлы ақын Қашаған туралы мақаласында заманымыздың заңғар жазушысы, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері Әбіш аға Кекілбаев: «Дария десе дария екен ғой Қашекең. Нағыз жырдария, мұңдария, шердария, сырдария екен ғой. Оның ағыл-тегіл жойқынының қаншасы тұрымтай тұсына, балапан басына заманда құмға сіңіп жоғалды. Қаншасы құнтсыз елдің қоржыны мен сандығына қолжазба боп түсуге үлгере алмай, күннен-күнге көзі азайып бара жатқан құйма құлақ қариялармен бірге әлдеқашан дүние ауып, үйме топырақ астына кетті. Қалғанына тәуба! Қашағандай жырдарияның дүниеде болғанына тәуба», – деген еді.Жаңа жинақтар арқылы жыр атасы Қашаған ақынның рухани мұралары берісі қазақ еліне, әрісі бүкіл түркі әлеміне жол тартып, адамзат поэзиясының алтын қорына қосылған асыл қазына болары даусыз.
Ал Жаманадай Нұрым Шыршығұлұлы жүрген бір энциклопедия ғой. «Әуелі тәңірім жаратқан он сегіз мың ғаламды, бұлардан соң жаратқан лауқы мен мақфоз, кәламды, атамыз Сафи адамды, тоқсан құрсақ көтерген жаратқан Хауа-анаңды... Сіздер түгіл өткізген Мұхаммед досы жаранды», – деп бастайтын Нұрекең жер бетінде кісі тастамай түгел жырлайды.Қабиболла Сыдиықұлы Нұрым шығармашылығы жайлы былай деп жазған: «Нұрым Тайсойған жерінде туып-өссе де, жыршы-жыраулардың ежелгі дәстүрімен Хиуа, Маңғыстау, Жайық бойы, Ақтөбе қырын жайлаған елдерді аралап, өнерпаздармен кездеседі, көне жыршыларды жаңғырта жырлап, терме, толғаулар шығарады. Жаскілең, Берішқызы, Балмырза, Қашаған ақындармен айтысқа түсіп, «Тоғыз ауыл» сияқты ерлік дас­тандар толғайды»Нұрым жыраудың жырлары – негізінен, арнаулар, термелер және дастандар. Оның арнаулары мен термелері мыналар: «Термелер», «Ұсынсам қолым жетер ме», «Қылышқа көңіл айтуы», «Әтембекке айтқаны», «Шенен ер», «Қоштасу» және тағы басқа. «Термелер» атты шағын жырында ол өзінің ақындығына күмән келтір­ген, оған қарсылық жасаған адамдар­ға қыр көрсете, өзін дәріптей сөйле­ген.Ғұмыр-тіршіліктің ұңғыл-шұңғылын, ой-қырын көрген ақын өзінен кішілерге, әсіресе жастарға ұлағат айтады. Не жақсы, не жаман екеніне көздерін жеткізуге тырысады, жастықты құр өткізбеуді кеңес етіп, өмірден құр қалмауды үлгі етеді. Ғұмырдың мәңгілік емес екенін, қандай батыр, қандай төкпе ақын, төгілген шешен болсаң да, бір кезде өмірдің шегіне жетпей қоймайтынын түсіндіреді. Өлім айласынан ешкім асып кете алмаған деген ой айтады.Нұрым Шыршығұлұлы – батыр­лық жырларды таратушы және өрнекті түрде дамыта жырлаушы. Нұрым өзі өмір сүрген заманға сын көзімен қарап, ел азаматтарын жақсы мінез-құлыққа үгіттеп, жақсы қасиеттерді насихаттайды. Ақын адам ғұмырының кезең-кезеңдерін жырлап, әрқайсысына мінездеме берген және ғұмыр мәңгілік емес екендігін көркем тілмен айта білген. Оның жырлары халықтығымен, бұқараның айнымас арын арлаушы, жоғын жоқтаушы болғандығымен көрінеді.
18-ғасырдың екінші жартснда өмір сүрген бұрнғ ақын-жыраулардң дәстүрін жалғастырушылардың бірі-суырыпсалма ақын-Абыл Тілеуұлы.Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас»,«Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын. Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын,тағы екі-үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған.Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында»,1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты.Абылдың көп өлеңдері ұмытылған.Бізге жеткені оның өмірінің соңғы кезеңіндегі шығарған арнау ретіндегі толғаулар мен бірлі-жарым нақыл сөз,термелері ғана.Осы бар азды-көпті шығармаларына қарағанда,Абыл өз заманындағы әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан талант иесі екенін байқаймыз.«Сексеннің бізде келдік жетеуіне», «Отырған қарсы алдымда Қанымайым», «Қар жауар күн-түн оның қабағынан» атты шығармаларында хан-сұлтандардың теріс қылығын әшкерелеу,ел қамын жеу,ізгілік,адамгершілік мәселелері сөз болады.
XIX ғасырдағы казак поэзиясының такырыптык аукымы да кеңіп, молыға-толыға тусті. Аламгершілікке, әділеттілікке уағыздаумен бірге коғамдық мәселе, элеуметтік тендік, азаматтык, азаттық идеялары жжырланды. Заман талабына сай жаңалықтардың жаршылары бола білді. Оку, өнер-білімнің манызын, адал еңбекті, өнімді кәсіпті, ісмер iскерлікті, жігерлі талапкер- лікті батыл көтеріп, жатып ішер жалкаулыктың тамырына балта щабуға ундеді. Осылайша өз елін мәдениетті озық елдердің катарына көтеру қамын жасады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Бекбосынов М. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Семей: Интеллект,2015.– 196 б.


2.Мәдібай Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті,2018.
3. Бақтыбай Ж.Қашаған – сөздің дүлдүлі.-Алматы:Жазушы баспасы,2013

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет