Ақын жыраулар шығармалары



Дата10.03.2022
өлшемі0,82 Mb.
#27493
Байланысты:
Арт


"Ақын жыраулар шығармалары"

XYIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанды отарлау саясаты бұрынғыдан бетер күшейе түсті. Қазақ жерінің ұлы өзендері Жайық, Есіл, Ертіс, Тобыл т.б. бойына әскери бекіністер, қалалар салынып, жайылымдар көшпелілерден тартып алынды. Өлкені қоныстанушылардың саны жыл сайын өсе берді. Патша үкіметінің осы іспеттес зорлық-зомбылық шараларына наразылық қазақ елінің ақын-жазушыларының шығармаларынан көрініс тапты. Бұл кезеңде халықты азаттық күреске шақырған М.Өтемісұлы мен қатар, бұрынғы “алтын ғасырды” көксеген ақын-жыраулар тобы қалыптасты. Ақын-жыраулардың бір бөлігі өз шығармаларында ұлттық құндылықтарды, көшпелілер идеалын, шариғатты, хандар мен батырларды дәріптеп, отаршылдық саясатты айыптады.

Бұл ақын-жыраулар кеңестік дәуірде «зар-заман» ақындары қатарына жатқызылды. XIX ғасырда Мұрат, Шернияз, Нысанбай, Жанақ, Шөже, Сүйінбай, Орынбай, Нармамбет, Жамбыл, Дулат, Шортанбай, Әбубәкір, Кердері, Майлықожа, Ұлбике, Сара, Рысжан, Тәбия, Балзия, Айсұлу, Ақбала, Ажар т.б. ақын-жыраулар өмір сүріп, арттарына мол әдеби мұра қалдырды.

Title text addition

The user can demonstrate on a projector or computer, or print the presentation and make it film



Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын бес кезеңге бөледі. Бірінші кезең — Б.з.д. VIII ғасыр мен біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақ заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, “Қос мүйізді Ескендір”, “Көк төбет”, “Көк бөрі”, “Шыңырау”, “Ақку”, “Сарын”, “Өгіз өлген”, “Тарғыл бұқа”, “Боз іңген”, “Боз айғыр” сияқты күй-сарындар. Бүл күй-сарындар міндетті түрде аңыз-әңгімелермен қосарланып жүреді.

Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғғ.). Бұған Қорқыттың күйлері — “Қоркыт”, “Тарғыл тана”, “Ұшардың Ұлуы”, “Желмая”, қазір аты белгісіз сазгерлердің “Абыз толғауы”, “Саймақтың сары өзені”, “Айрауықтың ащы зары”, т. б. күйлер жатады. Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғғ.). Бұл кезде ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық — “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Едіге”, “Қырымның қырык батыры”, “Орақ—Мамай” сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрінің шып-шырғасын шығармай сақтап қалған — тек казақ халқы.

Өйткені “қазақ” атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау —“ноғайлы елі” деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының музыкалық мұрасына “Ақсақ құлан”, “Жошы ханның жортуылы”, “Шора батыр”, “Әмір ақсақ”, “Қамбар күйі”, Асанқайғының “Ел айырылған”, Қазтуғанның “Сағыныш” сияқты күйлері жатады. Төртінші кезең—жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIII ғғ.). Оған: “Елім-ай” әні, “Қаратаудың шертпесі”, “Қалмақ биі”, “Беласар”, “Абылайдың қара жорғасы”, т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы қазак батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.

Бесінші кезең—XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған музыкалық мұраларымыз. Оған: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сейтек сиякты күйшілер күйлерін, Біржан сал, Акан сері, Мұхит, Абай, Мәди, Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен, Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға болады.

Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан.

Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет