Қай заман болсын оқудың маңызы зор. Себебі адам білім мен ғылымның арқасында жетістікке жетеді



Дата29.07.2023
өлшемі23,65 Kb.
#104896
түріОқулық

Қазіргі кездегі бастауыш білім беру жүйесіндегі «Әліппе» пәнінің маңызы


Қай заман болсын оқудың маңызы зор. Себебі адам білім мен ғылымның арқасында жетістікке жетеді.


Әліппе– сауат ашу оқулығы. Араб әліпбиінің алиф және би деген екі әрпінен құралған. 19 – 20 ғасырларда әліппелер араб және орыс әліпбиімен жазылды. А.Байтұрсыновтың oқу құралы (1912), Жаңа Әліпбиі (1926) өз заманына лайық әліппе жасаудың озық үлгісі болды.


«Әліппе» оқулығы оқушының жас ерекшелігіне байланысты жазылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ғұлама ғалым А. Байтұрсыновтың жаңа әліпби (төте жазу) үлгісімен жазылған. “Оқу құралы” (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық жауап берді. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу мақсатына тиімді пайдалану мақсаты көзделді. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбысталу ұқсастықтары мен ерекшеліктері ескерілген ұтымды әдіс қолданылды. Сондай-ақ бір дыбысы ғана өзгерген сөздердің мағыналарын ажырату арқылы сөздің мағынасын нақтылау, қолдану дағдысы қалыптастырылды. Ана тіліміздің бай сөздік қоры, сөздердің қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. 1925 жылы А. Байтұрсынов әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ бастауыш мектептеріне арналған “Жаңа Әліп-биді” (Қызылорда 1927) ұсынды. Оқулық өз заманына лайық “Әліппе” жасау ісінің озық үлгісі болды. Әліппеде сауат ашумен бірге балалардың ойы мен тілін дамыту, байланыстырылып сөйлеу дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыру мәселелері дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан жетік шешімін тапты. “Жаңа Әліп-биге”: а) баланың өз атынан баяндалатын мектеп өмірі жайлы әңгімелер, ә) балаларды адамгершілікке, ізгілікке, тазалыққа тәрбиелейтін әңгімелер мол енгізілді. Жалпы А. Байтұрсынов отандық білім беру ісі тарихында оқушылардың ойы мен байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысына зор мән берген, осы мақсатқа жетудің жолын нақты тәжірибе жүзінде дәлелдеген алғашқы қазақ ғалымы болды. Саяси себептердің салдарынан “Жаңа әліп-би” 20-жылдардың аяғына дейін ғана қолданылды.
«Жаз кезінде «Әліппе» оқулығына байланысты өзгерістер мемлекеттік стандартқа енгізілгенін хабарлаған едік. Қазіргі кезде «Әліппе» оқу бағдарламасын жасаудың жұмысы аяқталып, бекітілді. «Әліппені» енгізудің, қайтарудың маңызы зор екенін атап өткім келеді. Себебі «Әліппе» алғашқы оқулық болса, ол міндетті түрде оқушының жас ерекшелігіне, физиологиялық ерекшелігіне байланысты сай болуы керек. Балалар мектепке 6 жастан қабылданады. Осы орайда жұмыс тобы ауқымды шараларды атқарды», - деп тоқталды Ш.Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, 20-дан астам жұмыс тобының отырысы өткізілді. «Бұл тұрғыда ғылыми негізге, тәжірибелік қолданысқа қатысты бірнеше ұсыныс келіп түсті. Соның барлығы зерделеніп, нақты авторлардың қатысуымен жұмыс тобы өзіне тиесілі шараларды атқарды», - вице-министр. Өз кезегінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім орталығының директоры Манара Адамова жаңартылған білім мазмұны 2016 жылдан енгізілгеннен бері, елімізде бірінші сыныптан «Сауат ашу» оқулығы пайдаланылып келгенін еске салды. «Ата-аналар тарапынан «Әліппені» іздегендер көп болды.
«Сауат ашу» мен «Әліппенің» айырмашылығына тоқталсақ, «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтары «Сауат ашудың» ішіне кіріктірілген болатын. Енді қазір әзірленіп жатқан оқу бағдарламасына сәйкес шығарылатын «Әліппе» оқулығы мен «Ана тілі» бөлек болады. 2021-2022 оқу жылынан бастап екі оқулықпен бірінші сынып балалары білім алады», - деді орталық директоры. Оның сөзіне қарағанда, «Әліппе» 96-98 сағат көлемінде бірінші жартжылдықта оқытылады. «Әліппеге дейінгі» кезеңге 2 апта уақыт бөлінеді. Одан кейін «Әліппе» оқулығы бойынша оқыту жалғастырылады. «Қаңтар айынан бастап, яғни үшінші тоқсанға көшкен кезеңнен оқу мен жазуды жетілдіру үшін «Ана тілі» оқулығының аясында оқыту жалғастырылады», - деді М. Адамова.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған. Биыл тамыз айында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзгерістің аясында мектеп бағдарламасына сәйкес, 1-сыныптарға 1-2 тоқсан «Әліппе», 3-4 тоқсан «Ана тілі» енгізілетінін айтқан еді.
Білім және ғылым ми­нистрі А.Аймағамбетовтің тапсырмасымен «Әліппе» пәнінің оқу бағдарламасы әзірленді. Әліппені оқы­тудың мақсаттары мен мін­деттері, әріптерді үйрету реті анықталып, оқыту жүйе­сі А.Байтұрсынұлының әдіс­те­ме­­сіне сәйкестендіріліп қайта жа­с­алды. 
Әйтседе ондағы мазмұн, қор, тапсырмалар жинағы заманауи кейіпкерлермен, бүгінгінің балаларына түсінікті тілмен, терминдермен беріледі. Осының өзі оқушыларды қызықтырып, жаңа заман талаптарын қа­нағат­тан­ды­ра алады.
Қазіргі кирилл немесе алда енгізілетін латын әліпбиінде жазылатын әліппе ешқашан да А.Бай­тұр­сынұлының оқулығындай бо­ла алмайды. Осыны түсінуіміз керек. Ұлт ұстазының әліппесі оралмайды, мұнда оның әдістемесі ғана негізге алынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет