Айдын Айымбетов



Дата20.02.2023
өлшемі4,52 Mb.
#69559
түріӨмірбаяны

ҒАРЫШТЫ БАҒЫНДЫРҒАНАйдын Айымбетов


Дайындаған: 10«а» сынып оқушысы Нұрахмет Бұлбұл

Өмірбаяны

  • Айдын Ақанұлы Айымбетов (27.07.1972, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы) – Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы. Шыққан руы жалайыр.
  • Отбасылы. Жұбайының есімі – Лилия. Екі баласы бар: қызы – Диана (2000), ұлы – Әмір (1998).
  • Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені «ұшқыш-истребитель» мамандығы бойынша бітірген.

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТІ

  • 1993 жылдың мамыр айынан бері ҚР Әскери-әуе күштерінің қатарында әртүрлі қызметте болады. 1993 жылы өзін ғарышкерлер қатарына енгізу жөнінде өтініш білдіреді. Ол Талдықорған қаласы маңындағы әуе базасындағы әуе желісінің командирі болып қызмет еткен. Ол 470 сағат әуеде ұшып, парашютпен 360 рет секірген.

Ғарышқа даярлығы

1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берді.

Екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында қайта берді.

2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті.

09.11.2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалыынды.

12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.

  • 26.05.2015 жылы Қазғарыш баспасөз хатшысы Ербол Дәулетов 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовті британдық әншінің орнына 2015 жылдың қыркүйегінде ғарышқа жіберу туралы мәселені талқылап жатқандығын хабарлады.
  • 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.

Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа «Союз ТМА-18М» кемесімен 2 қыркүйек күні аттанып, 12 қыркүйек күні «Союз ТМА-18М» ғарыш кораблімен жерге оралды.

Айдын Айымбетов ғарышта 9 тәулік, 20 сағат, 13 минут, 51 секунд болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған А.Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.

2009 жылдың 15-желтоқсанында А.Айымбетов Мемлекеттік Ант қабылдап, «Қазғарыш» басшысының кеңесшісі болады. 2014 жылы оған ҚР Әскери-әуе күштерінің полковнигі атағы берілді.

Жалпы алғанда, Айдын Айымбетовтың қызмет жолы тұтастай тек әуе және ғарыш қызметімен байланысты, яғни ол осы салаға кездейсоқ келген адам емес, өз ісінің маманы.

Марапаттары

Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке

«Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015)

Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі

  • «Отан» ордені (2015) берілді.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет