Реферат тақырыбы: «Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері»



бет1/2
Дата07.04.2023
өлшемі22,17 Kb.
#80367
түріРеферат
  1   2

«Титов атындағы №20 мектеп гимназия» КММ


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Тоқтар Әубәкіров – тұңғыш қазақ ғарышкері»
Орындаған: Байжигитова Аяна
Сыныбы: 4 «Г»
Қабылдаған: Айнұр Камалқызы

Шымкент, 2023 ж.


Тоқтар Әубәкіров жайлы мәлімет

1991 жылдың 2 қазанында Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров космосқа ұшты. Бұл Қазақстанның ғарышқа тұңғыш сапары. Дәл осы күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Байқоңыр» ғарыш айлағында тұрып, республиканың Ұлттық аэроғарыш Агентігінің құрылғанын жариялады


Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келген.
Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия шетінеп кеткен 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы», деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Алайда, ата-анасы ерте дүние салады. Тоқтар Әубәкіров апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болады.
Тоқтар Әубәкіров 1962-1965 жылдары Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. 1965 жылы Қарағанды облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен РСФСР-дың Краснодар өлкесіндегі Армавир қаласындағы ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищеге жол тартқан. Бұдан кейін өсу, ержету кезінде зеңгір аспанда «МиГ» ұшағымен мінсіз ұшу, үздіксіз жаттығу, тәжірибе жинақтау міндеті тұрды.
Училищені бітірген (1969 ж) соң, 1969-1975 жылдары Кеңес одағы әскери-әуе күштерінің Қиыр Шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары қызметтерін атқарған. 
1976 жылы А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросына қызметке қабылданады. Кейін Мәскеу авиация институтын бітірген (1979 ж.). Т. Әубәкіров 1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын мінсіз орындады.
1989 жылы бірінші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырады. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынады.
1991 жылы 2-ші сәуірде Кеңес одағының Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі Жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті.
Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды.
Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. Қазақ ғарышкері 1991 жылдың 10 қазанында Жерге оралды.
Тоқтар Әубәкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
Ол 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-ші орынбасары, 1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технолгия министрінің орынбасары, 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 45 жасында ғарышкер атанды. Ал, Кеңес одағының батыры деген жоғары атақты 1988 жылы алды. Ғарышкерге бұл мәртебе, зор қуаныш дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймәлім «МиГ» ұшақтарын сынауды және оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін берілген.
А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросының құжатында бұрынғы Одақтың 26 сынақшы-ұшқышының ішіне Қазақстаннан жалғыз-ақ Тоқтар Әубәкіров есімі енген. Ал, солардың 9-ы сынақ кезінде апатқа ұшырап, қаза тапқан. Қалғандары батыр атағына ие болған. Тоқтар Әубәкіров солардың бірі.
Марапаттары:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет