Қайрат Ақмарал, ртк(дот)-204 сп 1-тапсырма. Тақырып. Жарақаттар. Сынық. Сынық және жарақат кезінде алғашқы дәрігерлік көмек



бет1/2
Дата29.03.2023
өлшемі27,36 Kb.
#77304
  1   2
Байланысты:
1 тапсырма


Қайрат Ақмарал, РТК(дот)-204 сп
1-тапсырма.
Тақырып. Жарақаттар. Сынық. Сынық және жарақат кезінде алғашқы дәрігерлік көмек
Сұрақнама.
1. Жарақат түрлері мен белгілері.
2. Сынық. Оның түрлері.
Тапсырма № 1. Жарақат кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек.
Тапсырма № 2. Сынық кезіндегі алғашқы көмек.


1. Жарақаттардың түрлері:
1. Тері бүтіндігінің бұзылуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тиген жерде пайда болады. Тікелей емес жарақаттар, ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттың себебі - механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).- химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).- физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тогының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).- биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроағзалардың әсері)- психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).
Жарақаттанушылықтың түрлері:
1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жол көліктік),
2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық),
3) балалық,
4) тұрмыстық,
5) спорттық,
6) көшелік,
7) әскерлік,
8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.
Жергілікті белгілері: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы.
Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасудың бұзылуы және т.б.


2. Сынық. Оның түрлері
Сынық – дегеніміз патологиялық үрдістің (ісік, остеомиелит) немесе жылдам әсер етуші механикалық күштің ықпалынан болған сүйек тұтастығының бұзылуы.
Сынықтардың жіктелуі:
Этиологиясына байланысты сынықтар толық және толық емес немесе жарық, сызат(fissure) болып бөлінеді.
Табиғатына байланысты – туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді.
Жұмсақ тіндердің зақымдалу сипатына байланысты сынықтар ашық және жабық болып бөлінеді.
Орналасу орнына байланысты сынықтар эпифизарлы, метафизарлы, дифизарлы болып бөлінеді.
Зақымдалу механизміне байланысты қысылудан, бүгуден, бұраудан болған сынықтар және жұлынған сынықтар болып бөлінеді.
Сынық сызығының сүйек білігіне орналасуына байланысты сынықтар бойлы, көлденең, қиғаш және бұрамалы болып бөлінеді.
Сынған сүйек ұштарының орналасуына байланысты сынықтың ығысқан және ығыспаған түрлерін ажыратады.
Сынықтардың дара және көптеген түрлерін ажыратады.
Сонымен бірге жай және асқынған сынықтар болып бөлінеді.
Сынықтардың жалпы белгілері: ауыру сезімі, ісік, патологиялық қозғалыс, сықырлау, деформация- дене мүшесінің формасының өзгеруі, сынған дене мүшесі қызметінің бұзылуы, сынған қол – аяқтың салыстырмалы қысқаруы.
Жабық сынық дегеніміз – сынған жерде тері бүтін, жара жоқ – яғни инфекция үшін кедергі бар.
Ашық сынық кезінде жара бар, яғни сынған жер сыртқы ортамен қатынаста болады, сондықтан ашық сынық қауіптірек. Сынықтың қай түрінде болмасын – қан жоғалту орын алады.


Тапсырма № 1. Жарақат кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек.
Зардап шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына тәсiлдер қолданылады:
1. Зардап шегушiнiң үстiн жауып, салқындап қалмауын қадағалау.
2. Сынғанда иммобилизация жасау (жақтау қою).
3. Зембiлге жатқызу.
4. Құрғақ, сұйық заттарды қолдану (полиэтилен қалтасына салынған мұз, қар, мұздай су) жүйке жүйелерiн механикалық тiтiркенуден қорғайды, iсiгiн және жарақаттың қабынуын азайтады.
5. Дәрi-дәрмектен амидопириндi 0,5 г., анальгиндi 0,5-1,0 г., ацетилсалицил қышқылын 0,5-1,0 г мөлшерiнде қолданған дұрыс.
6. Тасымалдағанда ауруханаға көп селкiлдетпей, ұқыпты түрде жеткiзген жөн.
Көмек көрсетушi адам жарақаттың түрiн оның ауырлығын анықтап, тыныс жолдары мен жүрек қызметiнiң бұзылғанын ескерiп жедел шара қолдана бiлу қажет. Зақымданған адам қаны тоқтамай ағып жатса, оны тоқтатып, жарасын таңа бiлу, сынған жерiне жақтауды дұрыс қойып байлау, ауруды орнынан қозғаған кезде оны дұрыс көтерiп, тасымалдай бiлу, зардап шегушiнi қауiптi аймақтан уақытында алып кету, үстiндегi киiмiн дұрыс шешiп, көлiкке отырғыза, жатқыза бiлу, жүрекке массаж жасау және қолдан дем алдыру сияқты шараларды жүзеге асыра бiлу әр адамның мiндетi, әрi парызы. Алғашқы көмектi көрсеткен кезде жараға тиетiн нәрселер – инфекция жұқтырмас үшiн асептикалық таңғыш салады. Өйткенi, бұл таңғыш жараны микробтардан қорғайды. Жараларды сумен жууға болмайды. Оны таңар алдында айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып сүрту керек. Содан соң жараға зарарсыздандырылған таңғыш салады. Қолда бар болса дербес пакет салған дұрыс. Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолданылады. Бинт пен мақтадан таңғыш жасалады. Оның ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға арналған дәкелер антисептикалық заттармен байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут аралығында тоқтатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет