Қайраткер атты фото вернисаж ұйымдастырылды



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі1,94 Mb.
#8442

-4-

ҮЕҰ әлеуметтік 

проблемаларды шешеді

Облыстық Х.Есенжанов атындағы 

балалар мен жасөспірімдер 

кітапханасында ҚР тұңғыш 

Президенті күніне орай «Нұрсұлтан 

Назарбаев – әлемдік деңгейдегі 

қайраткер» атты фото вернисаж 

ұйымдастырылды. 

Кітапханадағы өнер 

және  әдебиет  бөлімі 

ұ й ы м д а с т ы р ғ а н 

көрмеге  әр  кезеңдегі 

Е л б а с ы н ы ң   5 0 

шақты фотосуреттері 

қойылған.  Кітапхана 

ф о й е с і н д е 

ж а с а қ т а л ғ а н 

көрмені  оқырмандар 

т а м а ш а л а п , 

ұйымдастырушылар 

ф о т о с у р е т т е р 

туралы  мәліметтер 

беруде.  Кітапханаға 

келушілер Елбасының 

жастық  шағындағы, 

отбасындағы, қызметтегі және тағы да 

басқа  суреттерін  тамашалай  алады. 

Фотосуреттер  арасында  Нұрсұлтан 

Назарбаев туралы айтулы тұлғалардың 

ой-пікірлері де орын алған. 

Сондай-ақ кітапхананың оқырмандар 

залында библиография және абономент 

бөлімдерінің  ұйымдастыруымен 

Мемлекет  басшысының  кітаптары 

және  сүйіп  оқитын  кітаптар  көрмесі 

жасақталған. 

Президенттің  қаламынан 

шыққан «Қазақстандық жол», «Сындарлы 

10 жыл», «Еуразия ортасында», «Тарих 

толқынында» сынды өзге де кітаптармен 

оқырмандар еркін таныса алады. 

–  Ұлт  көшбасшысы  сүйіп  оқитын 

кітаптарды оның өзі жазған кітаптарынан 

тере  отырып  жинастырдық.    Ол  «Қыз 

Жібек»  жырын  халықтың  рухын 

көтеретін алтын дүние деп баға берген. 

Астанадағы «Бәйтерек» кешенінің салы-

нуына негіз болған «Ер Төстік» ертегісі 

екен.  Бұл  –  тұңғыш  Президентіміздің 

халық  жырлары  мен  ертегілеріне 

ықыласы  ерекше  екендігін  көрсетеді. 

Сондай-ақ  оның  Абайдың  қара 

өлеңдерін, М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, 

Ә . К е к і л б е вт ы ң ,   Ш . М ұ рт а з а н ы ң  

шығармаларын ықыласпен оқығандығын 

да  аңғарамыз,  -  дейді  ақпараттық-

библиографиялық  бөлім  меңгерушісі 

Ақмарал  Кульчакова.  Көрмеден  қазақ 

билері  мен  батырлары  жайындағы 

туындыларды, тарихи романдарды және 

шетелдік жазушылардың кітаптарын да 

кездестіруге болады. 

Мерекеге  орайластырылған  көрме 

желтоқсан  айының  орта  шеніне  дейін 

жалғаспақ. 



Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Қарашаның 22-сі күні облыстық 

қазақ драма театрында «Қоғамның 

әлеуметтік жаңғыртылуы 

барысында ҮЕҰ рөлі» 

тақырыбында өңірдегі үкіметтік 

емес ұйымдардың конгресі өтіп, 

азаматтық қоғамды дамытудағы 

ҮЕҰ-дың үлесі туралы кеңінен сөз 

болды. 

ҮЕҰ-дар, ұлттық-мәдени орталықтар, саяси пар-

тиялар, мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдар, 

кәсіподақ  ұйымдары  өкілдері  мен  жоғары  және  

арнаулы оқу орындары басшылары жиналған кон-

греске облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов 

арнайы қатысып, сөз сөйледі.

–  Еліміздің  Тұңғыш  Президенті  мен  Тәуелсіздік 

күндері қарсаңында өтіп жатқан бүгінгі басқосуымыз 

–  облыс  өміріндегі  аса  маңызды  қоғамдық-саяси 

шаралардың бірі. Еліміздің стратегиялық мақсаты 

да  –  құқықтық,  демократиялық,  азаматтық  қоғам 

орнатып,  дамыту.  Тек  мемлекеттік  органдардың 

жұмысымен  бұл  мақсатқа  жету  қиын.  Елбасымыз 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҮЕҰ-дардың қызметін 

жоғары  бағалап,  үнемі  қолдап  отырады.  ҮЕҰ-дар 

бүгінгі  таңда  халық  пен  билік  арасында  басты 

дәнекершіге айналып отыр. Биыл облыстық ҮЕҰ-ды 

мемлекеттік қолдау үшін республикалық бюджеттен 

22 млн. теңге қаражат бөлінсе, облыстық бюджет-

тен 117 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ауылдық 

жерлердегі  ҮЕҰ-дың  рөлін  нығайту  бағытында 

көптеген  шаралар  атқарылуда. 

Жалпы айтқанда, біздің бүгінгі қол 

жеткен жетістіктеріміздің барлығы – 

бірлескен іс-әрекеттің жемісі, – деді 

облыс әкімінің орынбасары Ербол 

Салықов. 

ҮЕҰ-дардың біздің өңірдегі тари-

хы өткен ғасырдың 90-жылдарынан 

бастау  алады.  Бүгін  таңда  өңірде 

400-дей ұйым тіркелген. 2005 жылы 

шыққан  «Мемлекеттік  әлеуметтік 

тапсырыс туралы» заңнан кейін бұл 

ұйымдардың  құқықтары  бекітіліп, 

ірі  жобаларға  қатыса  бастады.  Үстіміздегі  жылы 

облыстағы  жүзден  аса  үкіметтік  емес  ұйым  121 

жобаны жүзеге асырған. 

«БҚО азамат тық альянсы» қауымдастығы» заңды 

тұлғалар бірлестігінің төрайымы Айгүл Түркинаның 

айтуынша, жергілікті ҮЕҰ-дардың биылғы шаралары 

республикалық «Болашақ бүгіннен басталады» ак-

циясы аясында өтіпті. Республиканың 500-ден астам 

ҮЕҰ-ын  біріктіретін  Азаматтық  Альянс  азаматтық 

қоғамды  дамытуда  ҮЕҰ-дың  белсенділігін  артты-

ратын жаңа жобаларды дайындауда. Бұл жобалар 

нақты мақсатты топтар үшін әлеуметтік проблема-

ларды  шешуге  бағытталған.  Бірінші  кезекте,  бұл 

мүгедектер  ұйымдарын,  ардагерлер  ұйымдарын,  

отбасы  және  неке,  балалар  мен  аналар  институ-

тын  қолдау,  азаматтардың  құқықтары  мен  заңды 

мүдделерін қорғау және т.б.      

Басқосуда  «ҮЕҰ  институтының  әлеуеті  және 

шешім қабылдау деңгейінің көтерілуіне әсер ету», 

«Қоғамның  әлеуметтік  жаңғыртылуы  мәселелері 

бойынша  ұлттық-мәдени  орталықтарымен 

қарым-қатынасы  туралы»,  ҚР  Тұңғыш  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың «Ядросыз әлемнің дамуындағы 

дипломатиялық және саяси еркіндігі», «Мүгедектігі 

бар адамдардың өміріндегі мүгедектер құқығы тура-

лы Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясы» тағы 

басқа мәселелер сөз болды. Жиын соңында арнайы 

қарар қабылданды. 

Айнагүл СЕРІКҚЫЗЫ,

Суреттерді түсірген 

Ардақ ӘСКЕРҚЫЗЫ

Аталған кітаптың 

тұсаукесері облыстық 

Қазақстан халқы 

Ассамблеясының 

ұйымдастыруымен 

қарашаның 27-сі күні 

«Нұр Отан» ХДП-ның 

мәжіліс залында өтіп, оған 

этномәдени бірлестіктер 

төрағалары мен ақсақалдар 

кеңесінің өкілдері қатысты. 

Тұсаукесерге  шақырылғандар 

« W E S TA »   ж а у а п к е р ш і л і г і 

серіктестігі  баспасы  шығарған 

«Информбиржа news» газетінің» 

кезекті  кітабын  талқылады. 

Кі та п  ҚР   Пр ез ид е н т і ,  Ұ л т 

көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаевтың 

ел тәуелсіздігіне 20 жыл толуына 

орай өткізілген салтанатты жина-

лыста сөйлеген сөзінен бастала-

ды. Өңірдің белгілі тұлғаларының 

бұқаралық ақпарат құралдарында 

сөйлеген  сөздері,  мақала-

сұқбаттары іріктеліп алынған. 

Тұңғыш Президент күні мерекесі 

қарсаңында шығарылған кітаппен 

таныса отырып, ел тәуелсіздігінің 

маңызы, мемлекетіміздің бүгіні мен 

ертеңін айқындап берген Тұңғыш 

Президенттің рөлі, Қазақстанның 

әлемдік қауымдастықтағы орыны, 

«EXPO  –  2017»  халықаралық 

көрмесінің елордада өтуі туралы 

аға буын өкілдері Хамза Сафин, 

Мырзағали  Мұхамбетов,  Сағи 

Алдабергенов, Роза Көжековалар 

салиқалы ой-пікірлерімен бөлісті. 

Облыстық ішкі саясат басқармасы 

бастығының  орынбасары  Айгүл 

Есекенова 500 дана болып басы-

лып шыққан кітаптың электронды 

нұсқасын  республикалық  Кітап 

палатасына  жолдау  қажеттігін, 

сонда  ғаламтор  арқылы  бұл 

кітаптың  көпшілікке  қолжетімді 

бола түсетінін жеткізді. 

Аға  буын  аталған  жобаның 

жетекшісі,  «Информбиржа 

news»  газетінің  шеф-редакторы, 

Қазақстанның құрметті журналисі, 

облыс  ассамблеясының  мүшесі 

Сергей  Кульпинге  өңіріміздің 

дамуына  атсалысқан  тұлғалар 

туралы  мазмұнды  мәліметтер 

жинақтап,  оны  кітап  етіп  басып 

шығарғаны  үшін  алғыстарын 

білдірді.   



Айнагүл САБИЕВА

Президент көрмесі 

– кітапханада

№48

   

29.11.2012

ӨҢІР АХУ

АЛЫ •

Онкүндік аясындағы 

танымдық кеш

Круглоозерный кенттік округіне қарасты Серебря-

ков орта мектебінде Тұңғыш Президент күніне орай 

онкүндік шаралар жоспарланған болатын. Соның бірі–  

28 қараша күні өткен «Елі еріне, ері еліне сенген ұлы 

тұлға» атты пікірталас кеші. Оған арнайы шақырылған 

қонақтар мен мектептің ұстаздары және жоғарғы сы-

нып оқушылары қатысты

Шараға  қатысушы  Круглоозерный  ауылдық  округінің  әкімі  Қайырғали 

Надырғалиев,  «Нұр  Отан»  ХДП  қалалық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары  Асланбек  Сарқұлов,  ардагерлер  кеңесінің  төрғасы  Сағи 

Алдабергенов,  қалалық  ішкі  саясат  бөлімінің  бас  маманы  Роза  Зайнуллина, 

қалалық мәслихат депутаты, «Жас Отан» ЖҚ ІІ съезінің делегаты Ерлан Бақтияр 

Н.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытудағы көреген саясаткерлігі, 

бейбітшілік пен қауіпсіздік, татулық пен тұрақтылық жаршысы бола білген ұлан 

асыр еңбегі мен тұлғалық бейнесін жан-жақты ашып, Елбасы арқылы еліміздің 

жеткен  жетістіктерін  саралап  өтті.



  Оқушылар  қауымы  Ұлт  көшбасшысының 

тұлғасын жан-жақты танып, өз өлең-жырларын тарту етті. Кеш соңында оқушылар 

келген  қонақтарға  сауалдарын  қойып,  елдің  дамуы,  жастар  мәселесі  туралы 

өзара әңгіме өрбітті.

– Онкүндік аясында Елбасын ұлықтауға арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар 

мен  спорттық  жарыстар  ұйымдастырылуда.  Ал  шаралар  қорытындысы 

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай оқушылар дайындаған концертпен 

қорытындыланады,  – деді мектеп директоры Нұрлан Садықов.



Ардақ ҚАСЫМОВА

«Ұлы даланың феномені»

Өнер фестивалі – мәреде

Кеше Д.Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебінде облыс Ассамблеясының 

ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында этномәдени бірлестіктер өкілдерінің 

өнер және музыка фестивалі болып өтті. 

Шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар қатысып, сөз сөйледі. Мәлік Иманқұлұлы оқушылар мен 

ата-аналарды, ұстаздар қауымын биыл алғаш рет аталып өткелі тұрған Президент күні мерекесімен құттықтап, 

аталмыш мейрамға орай өңірімізде саяси, мәдени, спорттық шаралардың көптеп ұйымдастырылып жатқанын 

айтып, шараның мән-маңызына басымдық берді.  

Шара барысында «Елбасым менің – ықыласым» тақырыбындағы шығармалар мен «Менің Қазақстаным» атты 

сурет  байқауы  қорытындыланып,  этнобірлестіктердің  шығармашылық  топтарының  өнері  тамашаланды.  9-11 

сыныптар арасындағы конкурстық шығармалар 

мемлекеттік тілде өткізілсе, бастауыш және орта 

сыныптар таңдауына қарай екі тілде тапсырған. 

Әсіресе  Нунэ  Амирханян,  Рашат  Мамедов, 

Сергей Пак, Виолетта Гасилиналардың Елбасы 

және туған өлке тақырыбындағы шығармалары 

мазмұнымен дараланды. 

Суреттер байқауы бойынша үздік деп табылған 

жиырма  жұмыс  саз  мектебінің  фойесіне 

қойылды. Оның ішінде шынайылығымен ерек-

шеленген  Владислав  Ли,  Алена  Давилина, 

Анастасия  Носенко,  Лера  Беляева,  Әлішер 

Қабдықұловтардың суреттері бар.



Айнұр ЕРКІН


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет