Реферат пәні: XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ әдебиетінің дамуы Тақырыбы: «Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов (1818-1854)»



бет1/2
Дата14.09.2023
өлшемі26,02 Kb.
#107492
түріРеферат
  1   2

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті


РЕФЕРАТ
Пәні: XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ әдебиетінің дамуы
Тақырыбы: «Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов (1818-1854)»


Орындаған: Самат Б.Е. (ҚТӘ-21 тобы)
Тексерген: Шайекенов Ж.Ж.


Орал, 2023

Жоспары
I Кіріспе бөлім


II Негізгі бөлім
Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов (1818-1854)

Кіріспе
Сегіз сері (1818-1854) - шын аты — Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов. 


Арғы атасы Қожаберген — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. "Ақтабан шұбырынды" заманының ұлы ескерткіші — "Елім-ай" дастаны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған. Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға, садақ тартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандықтың айла-тәсілдеріне баулыған. Кейін талапты жігіт қамшы өруден бастап, киіз үйдің шаңырақ, керегесін, аттың ер-тұрманын, өмілдірік-тартпасын, жүгеніне дейін өзі жасайтын шеберге айналған. "Сегіз" деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңға барып жүргенде сегіз жастағы Мұхамедқанапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жасынан домбыра тартып ән айтатыны, есейе келе бүркіт, қаршыға баптап, жүйрік ат ұстайтыны байқалған соң "сері" деген ат қосылған. Сегіз он жеті жасында қазіргі Қостанай облысының "Құсмұрын" деген жерін қоныс етіп отырған аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың ауылына қыдырып келеді. Серінің жан-жақты өнерін тамашалаған Шыңғыс дүниеге жаңа келген сәбиіне соған ұқсап өсер ме екен деген тілеумен Мүхамедқанапия деп азан шақыртып ат қояды. Шоқанның шілдехана тойын арнайы шақырылған Сегіз сері бастады деген дерек бар. Омбыдағы орыс әкімдері оны қазақтың ру басыларымен, беделді билерімен келісім сөз жүргізу саясатына пайдаланғысы келген. 

Түпкі мақсаттары — халықтың ең шұрайлы жерлерін тартып алу екеніне ерте көзі жеткен Сегіз әуелі ауызекі наразылық білдіреді, қисыны келмеген соң атқа қонады. 
Айналасына жігіт жинап, отаршылардың мекен-жайына ойран салады, соғыс өнерін жетік білетін ол мұздай қаруланған әскерден де қорықпай жол торып, аңдып жүріп соғысады, талай рет жеңіске жетеді. Бірақ екі жақтың күші тең емес еді. Патша әкімдері оны ұстап қамауға, алыс Сібірге айдауға, қарсыласса атып тастауға жарлық береді. Сегіз Нияз сері деген сенімді жолдасымен бірге Сырдария жаққа қоныс аударуға мәжбүр болады. Той-думаны көп Сыр бойында жас жігіттің асыл қасиеттері жарқырап ашылған. Көпшілік жиналган жердің көркіне айналып, жақсы көрген қыздарға арнап, талай тамаша әндер шығарған. Ерлігімен көзге түсіп, Бұхара, Хиуа жақтан қарумен келіп, бейбіт елдің мал-жанын тонайтын қарақшыларға қарсы жасақ ұйымдастырады, басқыншылардың талай рет бетін қайтарып, кек алған. 

Алайда бұл жақта да көп тұрақтау қиын-тұғын, артында қуғын бар. Өзіне ерген жігіттерді бастап, ол Батыс Қазақстан жаққа жол тартады. Жайық өзені мен Нарын құмында бұл кезде патша, хан саясатының озбырлығына қарсы наразылық оты лаулап келе жатқан. Бүл ел Сегіздің нағашы жұрты болғандықтан ішке оңай сіңеді. Исатай, Махамбет бастаған көтерілісшілерге әскери кеңес береді. 

Бұл жақта да тұрақтай алмай, Кавказдағы елдерге өтеді, атақты Шәміл бастаған мұсылмандар көтерілісіне катысады. Соңынан Иран, Ауғанстан жаққа кетеді. Ақырында төрт жылдан кейін Сыр бойына қайтып оралады. 

Мұз жастанып, қар төсеніп, жорықта жүрген жылдарында өкпесіне суық тигізіп, Сегіз 36 жасында (1818 жылы туған) ауырып қайтыс болады. Нияз сері, Біржан сал, Жаяу Муса, Нүржан т. б. шәкірттері ол туралы арнау өлең шығарып, жоқтау жазған. Оның қайғылы махаббаты жайында шөкірттері "Мақпал-Сегіз" деген бірнеше дастанды жарыса жазып, елге таратқан. 

Сегіз серіні бүгінгі ұрпақтары әлі күнге дейін жөнді тани алмай келеді. Шындыққа жүгінсек, ол — қазақ сал-серілерінің атасы!

«Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов 1818 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданындағы Гүлтөбе-Мамай деген жерде дүниеге келіп, 1854 жылы 36 жасында сол жерде қайтыс болған. Руы Керей, оның ішінде Көшебе. Үш жүзге аты әйгілі Толыбай сыншының алтыншы ұрпағы. Сегіз сері Омбыдағы «Азия мектебін» бітірген, араб, парсы, түрік, шағатай, орыс тілдерін жетік меңгерген аса сауатты, шежіреші, сегіз қырлы адам болған. Сол кездегі саяси-әлеуметтік ағымнан хабардар Мұхамедқанапия ақ патшаның туған халқына қарсы жүргізбек болған отарлау саясатына дәнекер болудан бас тартқаны үшін қуғынға түскен. Тумысы бөлек, тұла бойы тұнған дарын иесінің құдіретті өнеріне бас иген халық, оны өнеріне сай «Сегіз сері» деп атап кетеді. Ол ерлік пен елдіктің, махаббат пен ғадауаттың небір ғибрат үлгісіне құрылған жыр-дастандар шығарады. Махамбет Өтемісұлының (1804-1846) «Сегіз серіге» деген өлеңінде:


...«Айман-Шолпан», «Қыз Жібек»
Дастаның елге тарады,
Қашқын болып жүрсең де,
Аузыңа халық қарады» деп оның жыраулық қарымын мойындауының өзі Сегіздің үлкен эпик ақындығының дәлелі [2].
Сегіз серінің бай мұрасы уақытында жиналып, зерттелмеуінде кездескен қиыншылықтар оның орыстардың отарлау саясатына қарсы шығып, Батыс Сібір генерал-губернаторы П.Д. Горчаковтың қаһарына ілігіп, патша үкіметіне саяси қауіпті адам ретінде оның соңынан аңду қойса, екіншіден, әндерінің атын атап орындауға халық патша үкіметінен қорыққан, сол себепті, авторы аталмай барлық шығармалары халықтікі болып кеткенге ұқсайды. Сегіз серіге байланысты деректердің Омбы архивінен табылмай, тек 2000 жылы Омбы облыстық Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының (ФСБ) архивінен табылуы да осы күмәнімізді қоюлата түседі. Міне, Сегіздің кейінгі кезге дейін аты аталмай, шығармаларының жиналмай, зерттелмей келгендігінің басты себебі осында жатса керек.
Сегіз сері – лирик композитор. Оның әдебиет пен өнер жанрларының бар саласын қамтыған сегіз қырлы, бір сырлы табиғи тума дарын екендігін шығармалары дәлелдеп тұр. Бұлардың қай-қайсысы болсын, қазақ өнерінің нақ төрінен орын алатын туындылар. Зерттеу тұрғысынан алғанда, 2002 жылы Солтүстік Қазақстандағы академик Манаш Қозыбаев атындағы университет ұстаздары мен профессорларының ұжымдық ғылыми ізденістерінің арқасында «Сегіз сері» атты екі томдық таңдамалы шығармаларының жарық көруі, рухани өміріміздегі үлкен жаңалық болды» деп жазды. Осы пікірлерден соң екі ұшты ой туындайды. Патша үкіметіне асалған қарсылықтан Сегіздің өмірі мен шығармашылығына қиянат жасалды ма екен деген сауалдың болуы да заңдылық. Ол әбден мүмкін. Тарихтың тамыры тереңде, уақыты жырақта болғандықтан нақты деректің бүгінге дейін жетпеуі де үлкен мәселеге айналып отыр. Бірақ халық аузынан жеткен Сегіздің жыр-дастандары, оның өмірде болғанының дәлелі іспетті. Енді шығармашылығына тоқталайық: Сегіз серінің тобында Сейітжан сал, Кұшан сері, Нияз сері, Шәрке сал, Дайрабай күйші, Қобылан әнші, Шынияз әнші, Аббас батыр, Сәду батыр, Өске ақын, Орынбай ақын, Көрпе ақын, Біржан сал сынды дүлдүлдер болған [3].
Сегіз сері 1830 жылы Омбының тілмаштар дайындайтын Азия мектебіне түсіп, 1836 жылы поручик шенінде аяқтайды. Өрі-қыры бірдей, самырсындай сымбатты сайыпқыранды патшаның атарман-шабармандары Орта Азия халықтарының арасындағы бүлік-жанжалдарды тұншықтыруға жеккісі келеді. Алайда, жазалаушы отрядтардың құрамында болудан түбегейлі бас тартады.
«Ұлықтың сайран еткен бақшасында,
Қызықпан бай-көпестің ақшасына», – дейді «Қырандай жаяйыншы қанатымды» деген толғауында.
Шенеуніктер соңына шырақ алып түседі. Олардың бұзық ниетін байқаған ол шұғыл түрде Нияз серімен Кіші жүз еліне, Еділ-Жайық бойына өтеді. Сөйтіп, Сегіз сері Қалдыбай батыр ауылына ат басын тірейді. Ол хор қызындай хас сұлу Ғайнижамалға ынтық болып, сұлулық сымбаты, көркемдік сипаты бөлек «Ғайни» атты ән шығарады.
«Жалғанда естен кетпес Ғайни атың,
Өртеген өзегімді перизатым.
Көркіңді бір көруге аңсап келген,
Ақыны Сарыарқаның Сегіз атым».
«Маралдың қолға түскен лағындай», «Қоянның асыранды көжегіндей» ару қызды ардақтап, сөз асылын, сезім сұлулығын сәулелендіре жеткізеді. Сардарлықты серілікке ұштастырған.
Сегіз сері өз заманының бетке ұстарлары Исатай мен Махамбет, Құрманғазы, Шернияз, Сүйінбаймен төс соғысқан дос болған. Ол «Гауһартас», «Мақпал», «Қарлығаш», «Әйкен-ай» әндерін, «Қосқыран» (Исатай-Махамбет туралы), «Қызыл нар», «Ақ қайың», «Алмас қылыш», «Семсер», «Есіл» күйлерін шығарған. Ұлы суреткер Ғ. Мүсірепов Сегіз серіні «Атақтының атақтысы» деп бағаласа, «Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері, Солардан үлгі алған мен Біржан сері» дейді ән сұңқары Біржан ақын.
Бұл жерде Сегіздің шығармашылығы мен ұстаздық қыры ашыла түскендей. Біржанды сал-сері деп қабылдаған халық, оның ұстазы Сегіз серіні де қабылдауы керек қой деген пікір айтқым келеді. Сегіздің өмірде болуының тағы бір дәлелі, «Ғылым» баспасынан жарық көрген «XІX ғасырдағы қазақ поэзиясы» атты кітапта «Гауһармын таразыға салынбаған» деген Сегіздің өлеңінен үзінді бар. Онда сері былай деген:
Гауһармын таразыға салынбаған,
Қылышпын қынабынан алынбаған.
Керейдің Сегіз атты саңлағымын,
Секілді жанған оттай жалындаған [4, 103-б.]. Бұл деректе Сегіздің өмір сүргенін, жыр-дастандарының халық арасында кең тарағаны белгілі бола түседі.
Сегіздің әні екен деген аңыз бен әңгіме өте көп. Бірақ арада ғасырлар жатқандықтан нақты дәлел келтіру мүмкін болмай тұр. Сегіздің көп әндері «Халық әні» есебінде кетті дейді музыка мамандары. Драма, кино операға айналған әдебиетіміздің асыл мұрасы «Қыз Жібек» махаббат дастанының авторы әлі күнге дейін айтылмай келеді. «Айман-Шолпан» дастанын да кімнің шығарғаны Қазақ елінің көпшілігіне беймәлім. Осы күнге дейін классикаға айналған, ән сахнасынан үзілмей, құлақтан кіріп бойды алған «Қарғаш», «Гауһартас», «Назқоңыр», «Алқоңыр», «Ақбақай», және т.б. туындылар халық әндері деп аталып жүр. Ал осы айтып кеткен шығармалардың шын авторы ақын, композитор, әнші, шежіреші, қазақ халқының батыры Сегіз сері (Мұхаметқанапия Баһрамұлы Шақшақтегі 1818- 1854 жж.) деп батыл айта аламын дейді [5].
Сегіз сері көкірек көзі ояу өнерлі Жаяу Мұсаны өз тобына қабылдайды. Бұл кезде ол сыбызғы, сырнай, скрипка, қобыз аспаптарында ойнауды үйренген еді. Соның алдында Сейітжан салдан әншілік пен домбырашылықты меңгерген. Сегіз серінің көзін көрген, сөзін тыңдаған, үлгі-өнегесін бойына дарытқан Жаяу Мұсаның «Ер Сегіз» дастанында біртуар жанның өнерпаздық тұлғасы сыршылдықпен сипатталады.
Айталық мына бір жолдар соның бір айғағындай:
«Жігіттер, өнер қусаң, Сегізге ұқса,
Шәкірті ем Сегіз сері атым Мұса.
Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қой,
Үш жуүзде Ер Сегіздей көп ұл туса» деген жолдарда серінің бүкіл болмысы дәйектеледі.
Сегіз серінің «Толыбай» дейтін әнін Манарбек Ержанов Әміре Қашаубаевтың өз аузынан үйренген [6].
Заманының сұңқары Сегіз сері шығармашылығында көркемдік құбылыстармен қатар арғы-бергі ғасырларда тарих сахнасына шыққан атақты абыз-билер, баһадүр батырлар, хандар, ділмарлар есімі молынан ұшырасады. Мысалы, «Сегіз серінің батасында» Асан қайғы, Әнет баба, Әз Жәнібек, Әз Тәуке сынды тарихи тұлғаларға сындарлы сипаттама беріледі.
«Халқының келешегін жастай ойлап,
арманның мұхитына шомған» Сегіз сері:
«Үш жүзге атым шыққан Сегіз сері,
Атандым он жетімде қазақ ері.
Ер Сегіз ел қорғаған батыры деп,
Үш жүздің ардақтайды барлық елі», – дейді ой серпіні мен ақындық тегеуріні турасында [7; 8]. Иә, ұлт тарихында сал-серілік дәстүрдің бастаушысы болған дәуір дауылпазының өршіл даусын естіп, өрен тұлғасын елестеткендей боламыз.
Толыбай сыншының тұқымынан өрбіген қаракөк «Сегіз сері Мұхамедқанапия – ән атасы» деп мақаламды түйіндеймін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет