326
Қазақ өнерінің антологиясы
Қубала:_Кім_еді_айтып_желсөз_өңмеңдеген,_Алладан_келмей_бұйрық_өлмен_деген._Кешегі_ел_қыдырған_есер_күнде_Қыз_бар_ма_Байбақтыда_мен_көрмеген_Қараішік'>Қубала:
Кім еді айтып желсөз өңмеңдеген,
Алладан келмей бұйрық өлмен деген.
Кешегі ел қыдырған есер күнде
Қыз бар ма Байбақтыда мен көрмеген?
Қараішік:
Сен едің азбан Тана, азған Тана,
Жығылсын атың жүрмей сазға жана.
Еш
нәрсе өз еліңнен таппай келіп,
Құдықты біздің елден қазған тана.
Қубала:
Мен едім азбан Тана, азған Тана,
Жығылсын атым жүрмей, сазға жана.
Қараішік, келген жерден құдықты айттың,
Немене
құдық деген, Құдай тоба!
Қараішік:
Тезегін таза көлдің термеймісің,
Жүгіртіп, ат құйрығын өрмеймісің?
Болмасаң, есің кеткен есер Тана,
Құдықты мал суарған көрмеймісің?
Қубала:
Қараішік қызығарсың қылығыма,
Келтірме бұндай сөзді бұлығыма.
Жолаушы,
атым шөлдеп келе жатса,
Салайын тері қауға құдығыңа.
Қараішік:
Қубала, қызығарсың қылығыма,
Келтірме бұндай сөзді бұлығыма.
Жолаушы, атың шөлдеп келе жатса,
Қояйын астау құрып құдығыма.
Қубала:
Өлеңге сен де жетік,
мен де жетік,
Айтсайшы жетік болсаң, мендей етіп,