Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан - салалы тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың орны ерекше. Атап айтқанда графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.
Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет.
Живопись- қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Мүсін - Әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалатын көркем шығарма.(саз, ермексаз, гипс, ағаш, қола, темір, т. б.)
Сәндік қолданбалы өнер- халық тұрмысында кеңінен қолданатын түрлі - түрлі көп өнер. Әрбір халықтың өзіндік тарихымен байланысты өнер.
Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.
Бейнелеу өнері түрлері оны орындау тәсіліне байланысты бірнеше жанрға бөлінеді.
Натюрморт
Портрет
Пейзаж
Тарихи
Анималисттік
Натюрморт - жансыз заттар бұйымдар бейнеленген көркем шығарма.
Портрет - адамның, тұлғаның келбеті бейнеленген көркем туынды.
Пейзаж - табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
Тарихи - бегілі бір оқиғаларды бейнелеген көркем туынды.
Анималисттік - хайуанаттар мен жан - жануарлар бейнеленген көркем сурет.
http://melimde.com