Зейнолла қабдолов



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата06.10.2023
өлшемі3,1 Mb.
#113263
  1   2   3


әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
зейнолла қабдолов
ӨнеГелІ ӨМІР
алматы
«қазақ университеті» 
2012


Кітап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
Ғылыми кеңесінің шешімімен 
баспаға ұсынылды
бас редактор: Ғ.М. Мұтанов
орынбасары: з.а. Мансұров
Жауапты хатшы: н. қопабаева
редакциялық жұмыс тобы
қ. әбдезұлы
Ж. дәдебаев
е. аманшаев
П. бисенбаев
редактор: а. ауанова
беттеуші: н. нұрәділ
Редакция мекен-жайы:
 Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71,
тел.: 377-33-32 (11-74)
«Қазақ университеті» баспасы
Республикалық «Өнегелі өмір» атты 
сериялық кітап редакциясының 
қоғамдық кеңесі
Кеңес төрағасы: б.Т. Жұмағұлов
әбдіжәміл нұрпейісов
әбілфайыз ыдырысов
әбіш Кекілбаев
болат Көмеков
Кенжеғали сағадиев
қуаныш сұлтанов
Мәулен әшімбаев
Мейірхан әбділдин
Мұхтар құл-Мұхаммед
Мырзатай Жолдасбеков
нұрлан Оразалин
Олжас сүлейменов
сағымбай қозыбаев
салық зиманов 
сауытбек абдрахманов
Cейіт қасқабасов 
сұлтан сартаев 
тұрсынбек Кәкішев 
уахит Шәлекенов 
17-шығарылым


242
243
жанғара дӘдеБаев
ӨнеРІ де, ӨнеГесІ де ӘдеМІ, ӘсеМ
1
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. филология 
факультеті. әуезов аудиториясы. Шыбынның ызыңы естілгендей 
жым-жырт тыныштық. Мінберге көтерілген ұстаз лекциясын бас-
тап кетті...
«асылы, жер бетінде университет секілді қастерлі орын си-
рек. университет – адамдар зердесінде ұшқын атып, жалын шашып, 
мәңгілік маздап тұрған Прометей оты. бұл аз. университет – елдің 
есеюі.
қазақ университетінің білім мен тәрбие, ғылым мен мәдениет 
тарапындағы өлшеусіз қасиеттерінің үстіне айырықша бір аяулы 
жайы бар: заманымыз-дың ұлы жазушысы әуезов Мұхтардың 
жарты ғұмыры осында өтті.
қазақ университетінде біз де оқыдық. бірақ, біздің бүгінгі 
шәкірттерден бір айырмамыз, аздап мақтаныңқырап айтсам, 
артықшылығымыз – Мұхтар әуезовтің лекциясын тыңдағанымыз 
дер едім.
несін айтасыз, ғажап еді ғой!..»
Келіскен бітімді, басы бурыл тарта бастағанмен, жігіт тұлғалы 
сергек ұстаздың ашық жүзі мен жазық маңдайынан да, аясы кең, 
аласы молдау жарық жанарынан да әлдебір жылылық, сондай-ақ 
ішкі нұрдың, кісілік парасат нұрының жайма шуақ жайлы сәулесі 
шашырап тұр. ұстаз аузынан шығатын әр сөз сылдырсыз, сыңғыр 
қаққан күміс үндерден ғана түзілгендей ерекше әуезді естіледі. 
лектор университет туралы, оның кемеңгер профессоры Мұхтар 
Омарханұлы әуезов туралы айтты. сөйлеушінің үнінде де, сөзінің 
мазмұнында да, өзін ұстау мәнерінде де осы екі ұлыға, универси-
тет пен әуезовке, деген шексіз құрмет пен сүйіспеншілік бар.
лекция мазмұнының маңыздылығы мен байлығынан бол-
ды ма немесе бір ой, бір сезім астасып келіп отырған әсерлілігі 
мен тереңдігінен болды ма – әйтеуір, университет қабырғасына 
оқуға қабылданғанымызға, университетте білім алатынымызға 


242
243
сонда бәріміз де іштей тебіреніп, мейірленіп отырдық. бар ынта-
ықыласымыз, назарымыз алдымызда сөйлеп тұрған кісіде. лек-
тор сөзі біздің көз алдымызға ғұлама ұстаз Мұхтар әуезовтің 
тұлғасын елестетті. ұстаз сөзінен туған әсер құшағында отырып, 
әлгі елеске бек құрметпен қарадық: ұлы жазушы, шынында да, 
«баппен аяңдап, жарқыраған кең маңдайын кере ойланып» келе 
жататын сияқты...
лектор біздің университетті бітіргенде алып шығатын 
мамандығымыздың жайына ойысты да, бұл орайдағы ойларын 
тағы әуезов ғибраттарымен ұштастырды.
«сөз өнерінің інжу-маржаны, қазақ әдебиетінің шыңы, Шекс-
пир мен Гете, достоевский мен толстой, Горький мен Шолохов 
шығармалары секілді бүкіл әлемдік классикаға айтулы үлес боп 
қосылған «абай» эпопеясын туғызған әуезов Мұхтар өзінің 
ұстаздық ісін көркем сөз ұстасы ретіндегі суреткерлік қызметімен 
қатар қоймаса, төмен қоймайтын.
- ұстаздық – ұлы нәрсе! – дейтін ол».
университет, оның ғұлама ұстазы Мұхтар әуезов, өзіміздің 
болашақ мамандығымыз секілді үш асылды түгелдей өзімізге тән 
деп ұқтық па, әлде осы үш асылдың қадіріне жетуді парыз тұттық 
па, аудиториядағы елу бала сабақ аяқталып, ұстаз мінберден 
түсіп, аудиториядан шығып кеткеннен кейін де, едәуір уақыт үн-
түнсіз, өзімізбен-өзіміз қалған едік. сабақтан алған білім мен 
әсерімізді өз бойымызға әлі де толық сіңіре қоймай, толқулы 
отырған сәтіміз еді бұл. Көңіліміздің бір аймағын удай ашытып 
тұрған «әттеген-ай, әуезовтен оқи алмай қалғанымыз-ай» де-
гендей алаңдаулы күйіміз де бар. алдымыздағы бір сөзінен бір 
сөзі озып, бір ойынан екінші ойы асып түсіп жатқан өнерпаздың 
өзі: «Мұхаңдай шешен адамды өз басым ғұмырымда көріп-білген 
емеспін. Мінберде, не кафедрада күркіреген өзенше тасып, яки 
толассыз сіркіреген ақ жаңбырша төгіліп тұрушы еді», – деп, өзі 
де сөзін бірде бұлақтай мөлдіретіп, бірде гүлдей үлбіретіп толғап, 
шын тебіреніп тұрғанда, қалай өкінбейік. иә, сонда, универси-
тет аудиториясында алғаш алған сабағымыз үстінде, көңілімізге 
лектор құйып беріп кеткен жарық бір сезімнің нұрымен балқып 
отырып, қуана отырып, біз осылайша өкінген де едік.


244
245
бізді қуантып, қуанта отырып өкіндірген ұстаз сол кезде 
қырықтың қырқасына шыққанына көп бола қоймаған зейнолла 
қабдолов еді. Одан бері де зекең бізге «әдебиеттану ғылымының 
негіздері», «әдебиет теориясы» пәндерінен лекция оқыды. 
«Жазушы шеберлігі» атты арнаулы теориялық курс жүргізді. 
ұстаздың лекторлық шеберлігінің кейбір сырларына сол тұстарда 
ғана қаныға бастадық. Көркем әдебиет жайын айта ма, әдеби 
шығарма сырын таныта ма, әдеби процесс тереңіне тарта ма – 
аталған салалардың қай бабын барлағанда да, лектор өз пікірін, 
теориялық толғамдарын логикалық тұрғыда жеткізе дәлелдеп 
қана қоймай, ұсынар ойын шәкірттерінің алдына жанды суретке 
айналдырып, үкілеп алып шығып, сана мен сезімге қатар от берер 
еді. сол сабақтардың қай-қайсысында да ұстаз біздің елу баланың 
ақыл-ойын, түйсік-сезімін тұтас баурап, аудиторияны қалауынша 
билеп алып кетуші еді. әуелдегі «әттеген-ай, әуезовтен оқи ал-
май қалғанымыз-ай» деген өкінішіміз де сейіле бастап, оның ор-
нын зейнолла қабдоловтың әр сабағынан жаңа мазмұн, жаңа әсер 
тауып, серпіле беретін тебіреністі күй алды. ұстаз лекциясының 
мұншалықты бағындырушы, билеп-төстеуші, сонымен қатар 
баурап алушы құпия қуатының сырын білуге ықыласымыз ауып, 
кей күндері сабаққа сыншы, бақылаушы көзімен қарауға бекініп 
келіп жүрдік. бірақ лекция бастала бере-ақ, сыншылдығымыз да, 
бақылағыштығымыз да жайына қалып, бар ықылас-ынтамызбен 
маңыз бен мәнге, сыр мен сезімге толы бір әсем әлемге, 
әдебиет әлеміне, еніп кете барар едік. ұстаз бұл ерекше әлемді 
аудиторияға өзімен бірге ала келе ме немесе аудиторияның өзін 
сол әлемге алып кете ме – оны тап басып, дәл айту қиын бола-
тын. Мұндайда бақылаушы, сарапшы болып отыру мүмкін емес-
ті. Кейін аңғарсақ, студенттерді таң қылып, табындырып алатын 
әдебиет те, оның ғажайып әлеміндегі абзал арман, асыл мұрат та, 
ойдың биіктігі мен сезімнің тазалығы да аудиторияға ұстаздың 
өзімен бірге келеді екен. зекеңнің сабағының әдебиеттің өзіне, 
сөз өнерінің өзіндей сұлу, сырлы да нұрлы әлемге айналып кету 
сыры осында екен...
Оқу жылының басы. Күз. зекең кафедра мүшелерінің 
бірнешеуін лекциясына алып барды. зекеңнің лекциясын әуезов 


244
245
аудиториясында қайта тыңдап отырмын. бұл жолы бұрынғыдай 
студент емес, филология ғылымдарының докторы, профессор-
мын. бірақ, зекең сабағын бастай бере-ақ баяғы балдай тәтті сту-
дент күйіме қайта түскендеймін...
бұл екі арада ұстаз ғылым саласында, ұстаздық және 
жазушылық қызметі аясында айтарлықтай үлкен табыстарға 
жетті. «әдебиеттану ғылымдарының негіздері» атты жоғары 
оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық жазып шы-
ғар ды. бұл оқулық «сөз өнері» деген атпен толықтырылып, 
өңделіп бірнеше рет басылып шыққанына қарамастан, оған де-
ген сұраныс өте жоғары. «Жебе», «әуезовтің әсемдік әлемі», 
«арна», «Көзқарас» секілді бірнеше монографиялық зерттеу ең-
бектер жариялады. таңдамалы шығармаларының екі томдығын 
да жұртшылық жамырай таратып алып кетті. Жанры да, жарығы 
да бөлекше роман-эссе «Менің әуезовімін» жазып, баспадан 
шығарды. Жоғары мектептегі қызметінде де үздік жетістіктерге 
ие болды. бірнеше ондаған ғылым кандидаттары мен докторла-
рын дайындады. қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреа-
ты, қазақстан және қырғызстан республикаларының ғылымы 
мен мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер құрметті атағына ие 
болды. әдеби көркем шығармалары әлем халықтары тілдеріне 
аударылды. «құрмет белгісі», «Халықтар достығы», «Парасат» 
ордендерімен марапатталды. ұлттық ғылым академиясының 
академигі, қазақстанның Халық жазушысы...
ұстаздың жеке еңбегінің бағыт-беті мен нәтижесіне ауып 
бара жатқан ойымды оның өз үні қайтадан аудиторияға алып 
келді. университеттің еңселі, кең, жарыққа толы әуезов атындағы 
аудиториясында шәкірттер иін тіресіп отыр. Мінберде – акаде-
мик зейнолла қабдолов. зейнолла қабдоловтың оң жағында 
биік тұғырда, маңдайы жарқырап М. әуезовтің өзі тұр. лекция 
жазушы еңбегінің ерекшелігі, оның өмір шындығынан өнер 
шындығын жасау шеберлігі жайында. лектор лекция тақы-
рыбына қатысты, әлемдік эстетикадағы арғы дәуірден, аристо-
тельден бермен қарайғы қадау-қадау теориялық қағидалар мен 
көне және одан кейінгі замандағы дүниежүзілік классикалық 
өнер туындыларын өзара өзектес, кейде сатылап, кейде қатар 


246
247
таратып айтып келеді. әуелгіде әр келкі қалыпта отырған сту-
денттер бірте-бірте еңселерін тіктеп, көзімен де, көңілімен де 
ұстаздарының сөзін бағып қалған. лектор «Шегірен былғарыны» 
бальзак бастан-аяқ қайта жазғандай, тоғыз рет адам танығысыз 
өзгеріске ұшыратса, Гоголь «ревизорын» бес рет, флобер «иро-
диадасын» он рет, Горький «анасын» алты рет түбегейлі өзгертіп, 
жетілген үстіне жетілдіре білгенін толғай келіп, тыңдаушыларын 
әдеби шығарманың алуан түрлі прототиптері мен типтерінің ара-
сына алып барды да, одан әрі жазушы лабораториясына, жазушы 
творчествосының психологиясына тереңдей бастады. Жазушы 
еңбегінің психологиясы мен жазушының жұмыс тәртібі туралы 
ойлар өзара тоғысып, сабақтаса бергенде, студенттер таңданулы 
күйде, әлі де бұрынғыша толқып отырған еді. қайсыбір жазушы-
лардың жазу дағдысы, әсіресе, кейбір қаламгерлердің өз бөлмесіне 
өзін қамап қойып жазу әдеті студенттер үшін тосын, тіпті шек-
тен шыққандай ерекше қылық еді. Осы секілді жазушы еңбегінің 
шетсіз де шексіз, ғұмырының өн бойында, сөз өнеріне тұңғыш 
ден қою сәтінен соңғы демі таусылғанға дейін, толассыз созылып 
жататын қиын да күрделі әрі құпия сырға бай тұңғиығы туралы 
жүректен қозғаған сөз тұтас аудиторияның ойын оятып, сезімін 
серпіп салған. қай тұстарда ұстаздың қызып, жанып айтқан ой-
лары тыңдаушысын да жалынша лаулатып, ақылын алқынтып, 
жүрегін ентіктіргендей. сөйтіп отырғанда, студенттер ортасында 
бір ерке мінезді қыз жазушыларға жаны ашып:
– ағай, жазушы болу, жақсы жазу деген сонша қиын екен, – 
өйтіп өліп өшіп азап шеккенше, жазбай-ақ қоюға болмай ма? – 
деп, жазушы еңбегінің азабы мен бейнеті жанына батқандай күй 
танытып еді.
студенттің сұрағына берілген жауап жазушы еңбегінің тағы 
бір қырын ашып берді. студенттердің көпшілігінің ұғымынша, 
жазушы өз шығармасын жазуға мүмкіншілігі болған уақытта 
жазатын сияқтанатын. ұстаз сөзіне баққанда, олай емес екен. 
лектордың айтуына қарағанда, нағыз қаламгер қашан жазбауға 
мүмкіндігі болмаса, сол уақытта жазатын болып шықты. нағыз 
өнер туындысы да өмірге осылай келмек екен...
ұстаз қорытынды пікірлерін К. Паустовскийдің «алтын роза» 
повесіне сүйеніп түйіндеді. студенттерді, әсіресе, Шәметтің 


246
247
алтын роза туралы арманға, бақытты аңсауға толы аңызы мен 
оны жасау жолындағы азабы ерекше толқытқан еді. қайыршылық 
жағдайына қарамастан, Шәмет сюзанна қызды бақытқа бөлегісі 
келіп, алтын роза жасауға бел буды. зергерлік шеберханалардың 
шаң-тозаңын қоқсық жинайтын қорапқа тастамай, лашығына 
таси бастады. сол шаң-тозаңның арасынан күн сайын алтын 
ұнтағының түйірін іздеп тауып жүріп, ақыры, осы жолмен 
жинаған алтын ұнтақтарынан Шәмет бейбақ арман еткен алтын 
розасына жетіп тынды.
ұстаз Шәметтің алтын розасының жасалуы мен шынайы 
әде би шығарманың дүниеге келу сыры арасында жақындық ба-
рына нұсқады. біреулердің жұртты қызықтырудың жөні осы 
деп, қай-қайдағы бір кездейсоқ, күтпеген құбылыстарды іздеп 
тауып, оқырманды не көрерменді міндетті түрде таңдантудың не 
күлдірудің тәсілін ойлап тауып, шаң-тозаңы бұрқыраған әлдеқалай 
бытпылдық бірдеңелерді қолдан жасап әлекке түсетіндігіне реніш 
танытты да, К. Паустовскийдің «алтын розасына» қайта оралды.
алтын роза туралы толғаныстар арқылы лектор студенттер-
дің жаңа теориялық ұғымдарды толық игеруін қамтамасыз ету-
мен бірге, олардың әдемі арман-тілектерін де тербетіп жіберіп, 
барша жұртқа ерекше бір аңсаулы, ынтызар күй, тебіренулі хал 
кештіріп қойған болатын. сол сәтте аудиторияның жүрек лүпілін 
ұғып, оның жүзіне алаулап шыға келген алқызыл нұрға көзі 
түскен жан әр студенттің көкірек көзінде бір-бір алқызыл раушан 
гүлі ырғалып тұрғанын сезер еді. бірақ ол Паустовскийдің алтын 
розасы емес, қабдоловтың алтыннан ардақты алқызыл асыл рау-
шаны болатын…
студенттің мұндай күйі, бәлкім, ұстаз сабағындағы ой мен 
сезім тереңдігінен, парасат биіктігі мен пайым кеңдігінен туа-
тын болар. немесе лекция жүйесіндегі жалпы мен жалқының, 
дәлелділік пен бейнеліліктің, ғылым мен өнердің тоғысуы мен та-
бысуынан жасалар... Шәкірт көңілінен әлгіндей раушан гүлдетуге 
ұстаз, мүмкін, күнінің нұры мен түнінің тыныштығын, көктемінің 
қызуы мен жазының жарығын, бойы мен ойындағы бар қуат-күші 
мен қабілет-мүмкіндігін, әйтеуір жаны мен жүрегіндегі, ары мен 
тәніндегі бар асылын, бүкіл ғұмырын арнау, зейнетінен бейнеті 


248
249
мол толассыз еңбегін түгел жұмсау арқылы барып жететін бо-
лар... Оның бәрін саралап, сараптап шығуға сананың сараб-
дал саралығы да, сезімнің үлп етпе мөлдірлігі мен сергектігі де 
жеткіліксіз. қабдоловтың алқызыл раушанының жайқалу сырын 
сол тұста терең танымағанмен, соның өзін, алқызыл раушанның 
әр көкіректе жайқалып тұрғанын көрудің өзі-ақ көңілге керемет 
бір нұрлы шуақ таратар еді.
ұлттық университетте ұстаздық қызмет атқару зекең үшін 
сырлы да нұрлы, қазыналы қымбат әлем болды. университет 
аудиториясының зекеңнің ақ алауын маздатқан қастерлі отанын-
дай болғаны туралы айтсақ, артық емес. Өйткені, зекеңнің өзі сол 
аудиторияда өніп, сол аудиторияда өсті, өркен жайды. әр күн сай-
ын зекең соны аңсап, соған асықты, жарықты содан алды, жылуды 
содан тапты. сондықтан да халқына: «асылы, жер бетінде универ-
ситет секілді қастерлі орын сирек», – деп толғанды. сөйте жүріп 
аудиториядағы мың сан жас буынның көкірегіне жарық берді, 
жан жылуын да соған төкті. «университет – адамдар зердесінде 
ұшқын атып, жалын шашып, мәңгілік маздап тұрған Прометей 
оты», – деген секілді оқшау ойды өзі де Прометей оты секілді 
маздап, шәкірттер зердесінде ұшқын атып, жалын шашып тұрған 
ұстаз айтуы керек еді. зекең соны айтты, айтты да, маздап қана 
қоймай, лаулаған жалын жамылып, сол жалынды білім мен ілім 
жарығына айналдырды. Кейінгі буындағы ұстаз әдебиетшілердің 
көзіндегі жарық та, сөзіндегі тарих та зекеңнің осы болмысынан 
өсіп-өніп отыр десек, оның артықшылығы жоқ.
университет профессоры, сөз өнерінің ұстасы, әдебиеттің та-
рихы мен теориясының терең білгірі, ғұлама ұстаз әр сабағында 
шәкірттеріне көл-көсір білім берумен бірге олардың сезімін 
де аялап, тербетуші еді. бір кездері М. әуезовтің лекциясын 
тыңдап отырғанда қандай күйге түсіп, қалай толқыған болса, енді 
аудиториядағы әр шәкіртті абзал арман, асыл мұрат шуағына өзі 
бөлеп, білім нұрының құшағында өзі балқытатын күйге жетті, 
кісілік пен ізгіліктің кіршіксіз, әсем әлеміне өзі алып шығатын 
болды. сондықтан да ұстаздың әр сөзі үлгіге, әр ойы өнегеге 
айналды. Мұндай биікке шығып, мұндай қасиетке жеткен жан, 
біздің білуімізше, тарихта өте сирек.


248
249
ғұлама ұстаз болу аудиторияда даналардың сөзін айту, ширақ 
сөйлеу немесе тоқтаусыз сөйлеу емес. Ол шексіз білім мен шетсіз 
шешендіктің, телегейдей терең ой мен парлаған парасаттың, асыл 
адамдық пен нағыз азаматтықтың өзара балқып тоғысқан, сөйтіп 
біртұтас толық қасиетке айналған тереңінде ғана бойға бітіп, 
қолға қонады. табиғаттан асқан жомарт жоқ. бірақ ол мұндай 
нағыз ғұлама ұстаз қасиетін өмірде ілуде біреудің ғана басына 
береді. Ондай баста баққа бергісіз дарқан дарын, асқан талант 
болады. біздің заманымызда мұндай айрықша, бүтін болмысты 
бір ұстаз-ғұлама болса, ол қазақ ұлттық университетінде болуы 
мүмкін еді.
ұлттық университет – ғылым мен білімнің, кісілік пен ізгілік-
тің, ар мен ожданның ордасы. Оның қасиетті аудиториясында 
өмірін ғылым мен білімге, кісілік пен ізгілік жолына арнаған 
жан ғана ұлағат тарата алады. әдебиет сабағының ақ ордасына, 
әдебиет аудиториясының ар мінберіне тек алатаудың ақ қарындай 
аппақ, тап-таза ардың, алатаудың өзіндей аспанмен таласқан 
биік мұраттың адамдары ғана кіріп, шығуға лайықты. әдебиет 
сабағы сонда ғана ардың сабағына, адамгершіліктің үніне айна-
ла алады. әдебиет профессоры сонда ғана өзгелерден оқ бойы 
озып, өзінің оқшау тұғырын табады. есімі ел аузында ертегіге 
айналатын, ұстаздық ұлағаты, өмірлік өнегесі өсер өркенінің 
мерейін өсіретін, мақтанына айналатын жайсаң жандар мен тама-
ша таланттар да солардың арасынан шығады. зейнолла қабдолов 
осындай жайсаң жан, тамаша талант, дана табиғат сирек жарата-
тын дарқан дарынды шығармашылық тұлға еді.
зейнолла қабдоловтың қазақ ғылымы мен білімінің қара 
шаңырағы әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 
басталған және жарты ғасырдан астам уақыт бойы сонда жалғас-
қан ұстаздық және шығармашылық еңбек жолы мазмұнды да 
мағыналы, жемісті де жеңісті, қалың қазақтың кісісі мен кішісі 
бірдей ғибрат тұтатын, үлгілі де өнегелі, жарық пен сәулеге, 
нұр мен сырға бай базарлы да баянды жол болды. Осы жолда 
зекең албырт ассистенттен парасатты профессорға дейін, балаң 
байым белесінен дана ғалым тұғырына дейін өсіп-өркендеді, 
балапан қауырсынды талапкерден қыран қанатты Халық жазу-


250
251
шысы биігіне дейін шырқады. бұл жол зекеңнің өзі үшін ғана 
емес, қазақстан жоғары мектебі, қазақ ұлттық университеті
қазақстанның ғылымы мен білімі, әдебиеті мен өнері үшін де аса 
арналы, табысты да ағысты, жемісті де жеңісті ұлы даңғылға ай-
налды. бұл даңғылда бүгінде зекең тәрбиелеп шығарған ғылым 
докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер, 
қыруар ақын-жазушылар, ұстаздар, көптеген қоғам және мемле-
кет қайраткерлері шеру тартып келеді. 
зейнолла қабдолов – ғылыми және көркем творчествосы мен 
оқытушылық қызметінде парасаттылықты, суреткерлікті және 
шешендік өнер өрнегін интеллектуалдық бір ғана күрделі қасиетке 
айналдыра алған қазақстан жоғары мектебінің дара тұлғалы, 
саңлақ ұстазы. бұл орайда мақтау сөз, мадақ жырды қанша айтса 
да орынды. бірақ біз олай етпедік. зейнолла қабдоловтың лек-
циясы туралы, оның өзінде аудиторияда көре білгеніміз бен ести 
алғанымыз туралы ғана айттық. ал, ұстаз сабағының аудитория 
атты білім мен білік телегейінің түбінде жатқан қазынасы, біздің 
көзіміз шалып, ойымыз танып болмаған асқар биігі мен тұңғиық 
тереңі туралы әңгіме мүлде бөлек. ұстаз ұлағатының берік 
тұғыры, нағыз негізі сол терең мен сол биікте жатыр. 
зекеңнің ұлттық университет аудиториясында оқыған әр 
лекциясындағы ой мен пікірдің тереңдігі мөлдір сезім мен асыл 
сырдың жанға рахат теңдессіз тамаша самалымен толқынданып, 
тербеліп тұрушы еді. университетте, аудиторияда өткен жар-
ты ғасырдан астам уақыт ішінде ұстаз алдынан көңілін аршып, 
жүрегін нұрға, жанын сырға толтырып, жанын байытып, қаншама 
жас қанат қақты, солардың көкірек-көзінде алауын маздатқан 
қабдоловтың алқызыл раушаны қанша рет қауызын жарып, 
жұпарын шашты, қаншама жастың сезімін аялады... Мұның шеті 
мен шегін табу қиын.
«асылы, Жан-Жак руссоның байлауы дұрыс, – дейді ұстаз. 
– ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің 
уақытыңды аямау. бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам 
тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. ұстаздық – 
ұлы нәрсе». 
ұстаз лекциясын аяқтады... 


250
251
бүгінде біз де осы бір қарапайым әрі ұлы шындықты айтатын 
болдық. ұстаздықтан асқан ұлы істі аспанның асты мен жердің 
үсті аралығынан табу қиын. ұстаздық ұлы нәрсе болғанда, ұлттық 
университет профессоры – сол ұлы істі атқарушы ұлы бейнет 
иесі. ұстаздың ісінің ұлылығы мен өзінің ұлылығы – бір-бірінен 
айырып алуға келмейтін, бір-бірімен біте қайнасқан, сөйтіп бір 
құбылысқа айналып кеткен ерекше қасиет. ісі ұлының өзі де 
ұлы. сондықтан аспанның асты мен жердің үсті аралығынан 
ұстаздықтан асқан ұлы істі табу қандай қиын болса, сол аспан мен 
сол жердің ортасында ұстаздан асқан ұлы тұлғаны ұшырастыра 
қою да оңай емес.
зейнолла қабдолов осындай, қазақстан жоғары мектебінің 
маңдайына дара біткен, әл-фараби атындағы қазақ ұлттық 
университеті секілді ұлы мәртебелі ордада өніп-өскен, өркен 
жайған, өнері де, өнегесі де әдемі, әсем ұлы ұстаз еді.
2
зекеңнің ұстаздығы да, жазушылығы да, ғалымдығы да әдемі, 
әсем болатын. әдемілік, әсемдік 

сөз өнерінің аса айрықша және 
маңызды сапалық қасиеттерінің бірі. сөз өнеріндегі әсемдіктің 
тегі мен түрі, тарихи даму заңдылықтары, құрамдас бөліктері, 
қоғамдық мәні, мәдени-әлеуметтік қызметі сөз өнері тура-
лы ғылымның, басқаша айтқанда, әдебиеттанудың бірден-бір 
зерттеу пәні болып табылады. сөз өнерін, жалпы өнер жайын 
зерттеуші ғалымдар әсемдік пен әдемілік туралы ойларын біздің 
дәуірімізден бұрынғы ғасырлардан бастап таратады. «адам 
баласының, соған сабақтас көркемдік пен көріксіздік, ерлік пен 
ездік, жақсылық пен жамандық, білімдарлық пен надандық тура-
лы талаптары тіпті б.э.б. 3-2 мыңыншы жылдарда туып, тұрлаулы 
ұғымға айнала бастаған», - деп жазды з. қабдолов. әдебиеттегі 
әсемдік пен әдемілік туралы талаптар мен ұғымдар ерте-ертеден 
бүгінгі заманымызға дейін ұдайы даму үстінде. бірақ әдебиеттегі 
әсемдік пен әдемілік туралы талаптар мен ұғымдардың дамуы бір 
басқа да, сол даму негізінде жасалған теория бір басқа. з. қабдолов 
әдебиетке, жалпы өнерге тән әсемдік пен әдемілік хақындағы 
қағидалардың ерте дәуірден бүгінге дейінгі даму заңдылықтары 
негізінде қазақ сөз өнерінің теориясын жасады. 


252
253
әдебиеттану – табиғаты тамаша ғылым. Оның ерекшелігі 
негізіндегі жарығы пен жылуында. әдебиеттануға әркімнің де та-
ласы бар. Оған біреу талантымен келеді, біреу талабымен келеді, 
енді біреу әуестікпен келеді. содан олардың әрқайсысы өз көзіне 
лайықты жарық, өз көңіліне лайықты жылу тауып алған болып 
жүреді. бірақ олардың табиғаты өзгермейді: талант талантын аша-
ды, талапты талабын ұштайды, әуесқой әуесқой қалпын сақтайды. 
әдебиет пен әдебиеттануға бұлардың бәрі қызмет етеді. бәрі де 
өздерін әдебиетші санайды. біз өз ойымызды олардың бәрі тура-
лы емес, әдебиеттанудағы талант туралы сөзден бастасақ дейміз. 
әдебиеттанудағы талант әдебиетші емес. Ол – әдебиеттанушы.
әдебиеттанушы 

табиғаты тамаша тұлға. Оның ерекшелігі 
жанындағы жылу мен жүрегіндегі жарықта. Ол әдебиеттануға 
әдебиеттің негізіндегі жарыққа жарық қосамын, әдебиеттің 
негізіндегі жылуға жылу қосамын деп келеді. Ол әдебиеттен де, 
әдебиеттанудан алмайды. Ол әдебиетке де, әдебиеттануға да алып 
кетуге келмейді. Ол әдебиетке де, әдебиеттануға да жанындағы 
жылуын, жүрегіндегі жарығын беріп кетуге келеді. әдебиет пен 
әдебиеттанудағы талант табиғатының тамашалығы осында. 
з. қабдолов біздің есімізде осындай тамаша тұлға болып қалды.
зейнолла қабдолов сөз өнерінің теориялық негізін қалады, 
көркем сөздің эстетикалық сырын барлады, әдебиеттің әсемдік 
әлемінде парлады. Ол сөз өнерінің негізіндегі жарыққа жарық 
қосты, сөз өнерінің негізіндегі жылуға қызу қосты. Ол әдебиет 
пен әдебиеттануға жылуы мен жарығын беріп кетті. академик-
жазушының жылуын ұстап, жарығын сақтап қалған әлемді ака-
демик зейнолла қабдолов әлемі десе болғандай. Өйткені, біз 
айтып отырған жарық пен жылу табиғаттың құбылысы емес, фи-
зика ғылымындағы бағыт пен бағдар да емес. біз айтып отырған 
жарық 

жүректің жарығы, біз айтып отырған жылу 

жанның жы-
луы. бұдан да гөрі нақтылай түссек, біздің айтып отырғанымыз 

академик з. қабдоловтың жанының жылуы, халық жазушысы 
з. қабдоловтың жүрегінің жарығы. зейнолла қабдолов әлемінен 
есіп тұрған жылу мен таралып тұрған жарықтың сыны мен сы-
рын осы тұрғыдан тануға талпынған дұрыс. з. қабдоловтың 
әлемі жылы, жарық қана емес, з. қабдоловтың әлемі – әсем, әдемі 
әлем.


252
253
әсемдік ұғымының аясы кең. әсемдіктің көзі табиғатта. Көре 
білген көз тастың өзінен керемет келісім табады. қалауын тап-
са, қар да жанады. Жібекті есе алмаған жүн етеді. Көре білмеген 
жанға қаптап шыққан гүл де бір, оттан шыққан күл де бір. бірақ 
тастан келісім табу оңай емес. қардың қалауын табу одан да 
қиын болу керек. Өнердегі, сөз өнеріндегі әсемдіктің жайы басқа. 
сөз тас емес, қар да емес. Оны қолға ұстауға да, қатарлап қалап 
қоюға да болмайды. сөзден ауыр нәрсе жоқ: артса, нар көтере ал-
майды. сөзден өткір нәрсе жоқ: теспей, жармай, сүйектен өтеді. 
сөзден күшті нәрсе жоқ: тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 
Отқа жанбайды. суға батпайды. Шапса, қылыш өтпейді. атса, 
оқ өтпейді. сөзбен қалауын тауып, қар жағуға болады. сөзбен 
адам бейнесін жасап, оған жан салуға болады, «адам туралы, 
адамның әсемдігі мен асылдығы жөнінде, адам рухының керемет 
күші мен қасиеті жайлы» телегейдей терең сыр толғауға болады. 
сөздің мүмкіншілігінің шеті мен шегі жоқ. сөздің, сөз иесінің, 
сөз өнерінің құдіреті осында. Ол тілі мен жағы бар пенденің 
бәріне бітпейді. Мұндай құдірет қасиетке ғана дариды. зейнолла 
қабдоловқа біткен қасиет ілгері білім мен іргелі ілімнің бірлігінен, 
сыршыл суреткерлік пен сыншыл ойшылдықтың тұтастығынан 
өсіп-өнген бірегей қасиет еді. зейнолла қабдоловқа біткен құдірет 
оның ойы мен бойындағы білім мен ілімге бақ дарытты, жаны мен 
жүрегіндегі суреткерлік пен ойшылдыққа құт дарытты, сөйтіп 
заманның ақылы мен ойын қозғады, ары мен ұятын қорғады. 
әдебиетті әдебиеттанудан немесе әдебиеттануды әдебиеттен 
бөліп қарау қандай қолайсыз іс болса, әдебиет пен әдебиеттануды 
эстетикадан тыс қарау да сондай парықсыз, тіпті жарықсыз 
талпыныстардың қатарына жатады. Өйткені, көркем әдебиет 
қаламгердің өмір шындықтарына эстетикалық қатынасының нә-
тижесі болса, әдебиеттану – әдебиеттанушының әдебиетке деген 
эстетикалық қатынысының көрінісі. сондықтан да эстетиканың 
басты категорияларының қасиеттері түгелдей әдебиеттану кате-
горияларына да тән. Олар эстетика үшін де, әдебиеттану үшін 
де өнердің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін, көркемдік-
эстетикалық даму заңдылықтарын зерттеу мен зерделеудің негізі 
болып табылады.


254
255
з. қабдоловтың әсемдік әлемінің категориялары 

өмір 
шын дығынан өнер туындысын жасау заңдылықтарының ғы-
лыми таным тұрғысынан пайымдалған көрінісі. соған орай 
з. қабдоловтың әсемдік әлемінің категориялары мен өмір 
шындығынан өнер туындысын жасау заңдылықтары өзара тығыз 
байланыстағы процестер қатарына жатады. бұл ретте мынаны 
ескеруге тура келеді: өмір шындығынан өнер шындығын жа-
сау заңдылықтары – біздің санамыздан тыс тұрған объективті 
құбылыс. адам санасы, зерттеуші зердесі бұл заңдылықтарды 
тану жолында ұдайы қызмет етеді. Жеке суреткердің әсемдік әлемі 
жалпы емес, жалқы құбылыстардың қатарына жатады. сөйте 
тұра оның болмысын жал пыдан бөле-жарып алып тану мүмкін 
емес. Жекенің жалпы ға, жалпының жекеге қатынасын, жекенің 
табиғатындағы жалпы ның жайын, жалпының құрамындағы 
жекенің халін тарихи таным аясында таразылағанда ғана дәйекті 
тұжырымдар жасауға болады. ал, з. қабдоловтың әсемдік әлем-
інің категорияларына келетін болсақ, олардың болмыс-бітімі 
тектес басқа құбылыстардың ешбіріне ұқсамайды, жалқы сипа-
тымен ерекшеленеді: жалқы, дара, дамиды, толысады, жетіледі. 
сондықтан оларды тарихи ұстаным тұрғысынан қарастыруға 
тура келеді. тарихи ұстаным тұрғысынан қарастыру құбылысты 
жеке-дара алып пайымдау дегенді білдірмейді. Осы орайда 
қабдоловтың эстетикалық әлеміне тән категориялар аясындағы 
мына бір ұстанымға назар аударайық. з. қабдолов: «әдебиет – 
ардың ісі», 

деп білді. бүгінде біз де осы ойды ұстанып жүрміз. 
з. қабдоловқа дейін де осы пікірді айтқан тарихи тұлғалар болуы 
мүмкін. бірақ з. қабдоловтың айтуы бір басқа да, өзгелердің айтуы 
бір басқа. з. қабдолов, әдеттегісіндей, бұл ұстанымын да ешкімге 
ұқсамай, ешкімге ұқсатпай, тек өзінше, қабдоловша ғана айтты, 
жанының жылуы мен қызуына, жүрегінің жарығы мен сәулесіне 
бөлеп айтты. з. қабдолов айтқан, з. қабдолов ұстанған мұндай 
ұстанымдар мен эстетикалық көзқарастардың негізінде жалғас, 
сабақтас айтылған сөздер мен ойлардың бір-біріне сәуле шашқан, 
сөйтіп нұрланған, нұры тасыған күйі жатыр. екіншіден, академик-
жазушы өзіне дейінгілерден қалған, өзінен де қалатын, қалған 
жалған дүниеден бұрын өзінің сөз өнерінің тағдырын ойлаған, 


254
255
ойлаған да қиналған. Ойланған сайын ғалым ретінде сөз өнерінің 
қасиетін таныған үстіне тани түскен, ұққан үстіне ұға түскен, су-
реткер ретінде өз ісіне деген ұлы жауапкершілікті сезген үстіне 
сезе түскен. сондықтан да әдебиеттің ардың ісі екендігі туралы 
ұстаным з. қабдоловтың әсемдік әлемінің категорияларының 
сыны мен сымбатын, мәні мен мәнісін, мазмұны мен мағынасын 
ұйыстырушы, тұтастырушы, сөйтіп біртұтас құбылысқа айнал-
дырушы айрықша эстетикалық құндылық ретінде дараланады.
з. қабдолов әлемінің эстетикалық категориялары әсемдік 
пен әдемілікті танудың әдістері мен тәсілдерін ғана айқындап 
қой майды, сонымен қатар оларды бағалаудың да өлшемдерін 
белгілеп, жолдарын анықтайды. бүгінде әдеби шығарманы, әдеби 
процесті, әдеби даму заңдылықтарын з. қабдоловтың әсемдік 
әлемінің категорияларынан тыс танып, таразылау мүмкін емес.
з. қабдоловтың әсемдік әлемі сұлу, әдемі, келісті. з. қабдолов 
әлемінің эстетикалық категориялары – еліміздің мәдени-әлеумет-
тік құндылықтарының асыл қорына қосылған мазмұнды да мәнді 
интеллектуалдық байлық. Олар өмір шындығынан өнер туынды-
сын жасаудың амалдары мен тәсілдерінің, өмір заңдылықтарын 
көркем суреттеудің шығармашылық қағидаларының өзара 
сабақтастығы деңгейінде көрініс тапқан күрделі тұтастық болып 
табылады. сондықтан қаламгер әлемінің категорияларының мәнін 
тану мен өмір заңдылықтарының бейнелену қағидаларын пайым-
дау – өзара тығыз байланысты ірі де іргелі процесс. Осы тұрғыдан 
келгенде, өмір құбылыстарының бейнелену заңдылықтарын пай-
ымдамайынша, суреткердің әсемдік әлемінің категорияларын 
тану мүмкін емес. суреткердің әсемдік әлемінің категорияларын 
пайымдамайынша, өмір шындығының өнер туындысына ай-
налу заңдылықтарын тану да қиын. бұл жерде кешенді, жүйелі 
ұстаным қажет екені даусыз. Өйткені, қабдолов әлемінде сөз 
өнерінің теориясы дегеніміздің өзі категориялар жүйесі, катего-
риялар жүйесінің тұтастығы ретінде көрініс береді.
сөз өнерінің туындысы – сөз өнері туралы ғылымның, сөз 
өнері туралы эстетикалық ойлар жүйесінің басты өзегі. Ол, 
әуелі, суреткердің шығармашылық еңбегінің жемісі, екіншіден, 
эстетикалық қабылдау нысаны, үшіншіден, эстетикалық парықтау 


256
257
мен пайымдау пәні болып табылады. сөз өнерінің болмысы мен 
бітімін осы жүйеде бағдарлаған абзал. з. қабдолов сөз өнерінің 
болмысы мен бітімін осы жүйеде бағдарлап қана қоймай, осы 
жүйеде сөз өнерінің теориясын жасады. 
теория дегенде, кісінің ойында белгілі құбылыстар жайында 
жинақталған қисындар мен қағидалар жүйесі тұрады. қисын да, 
қағида да суреттен, сезімнен ада, дәлелдер мен дәйектерге ғана 
негізделеді. Олардан эстетикалық мән тапқанымызбен, эстетика-
лық әр таппаймыз. бұл 

әлімсақтан белгілі жай. з. қабдоловтың сөз 
өнері туралы қисындары мен қағидаларында, тұтас теориясында 
эстетикалық мән мен эстетикалық әр дарияның екі жағасы секілді 
бір-бірінен жұп жазбайды. зекең сөз өнерінің теориясы туралы 
қисындарын да сөз өнері туралы сөзден бастайтын...
университет аудиториясы. емтихан жүріп жатыр. әдебиет 
пәнінің қарт профессоры алдында шәкірт емтихан билетінің 
сұрағына жауап беріп отыр. бірінші сауал ғабиден Мұстафиннің 
«қарағанды» романы. Шәкірттің жауабына қанағаттана қоймаған 
ұстаз:
«–
Шырағым, сен өзің көркем әдебиет дегеннің не екенін 
анық білесің бе?
Шәкірт шамданды:

түу, ағай, неге білмейін...

білсең айта қойшы: әдебиет деген не?

е, оның не айтатыны бар? әдебиет деген 

әдебиет.
енді екеуі де үнсіз еді».
дәл осындай жағдай бүгінгі күні де қайталанғаны бар. Мемле-
кеттік емтихан. студент әдебиеттен мемлекеттік емтихан тапсырып 
отыр. студенттің жауабына қанағаттана қоймаған қарт академик 
бағдарлаушы сұрақ қойып, студентті «жетектегісі» келіп: 

Шырағым, романның жанрлық ерекшеліктері туралы айт-
шы, 

десе керек. сонда студент академикке бажырая қарап, мы-
наны айтады:
– ал мен не айтып отырмын?
екі түрлі кезең. бірі 

ХХ ғасыр, екіншісі 

ХХі ғасыр. екі 
түрлі кезеңнің екі шәкірті. екі түрлі кезеңнің екі ұстазы. Мазмұн 
бір. Мағына бірдей. ұғым, әдебиет туралы түсінік те сол қалпы.


256
257
«амал не, жағдай осындай». Кейінгі академиктің көкейінде 
де осы ой кеткен болар-ау.
«Жә, сонымен, әдебиет дегеніміз не: от па, су ма? Шынында 
да «поэзияны біреу су десе, біреу от дейді» (белинский).
әрине, әдебиет су да емес, от та емес. әдебиет 

өнер... 
әдебиет 

сөз өнері».
ғалым әдебиет туралы теориялық пікірін жалқыдан жалпыға, 
нақты құбылыстан абстрактылы ұғымға қарай дамыта отырып 
түйіндейді. теориялық қисын, қағида негіздеу дегеніміз – осы. 
Осы қағиданы дәйектеу үшін ғалым өмірде болған шындық 
оқиғаның суретін жасайды. сурет негізінде теориялық қисын 
ұсынады. сурет жағымды болмаса да жұғымды, әдемі болмаса да 
әсерлі. қисын дәлелді, дәйекті. нәтижесінде теория нәрлі әрі әрлі 
болып шыққан. сондықтан да ол көкейге сезімді қозғап, ойды 
балқытып келіп қонады. 
әдеби шығарманың тақырыбы туралы қағидасын қалып-
тастыру барысындағы талдауларын ғалым жалпыдан бастайды. 
«әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. 
Өйткені тақырып 

өнер туындысының іргетасы», 

дейді ғұлама. 
тақырып туралы пікір осылай жинақталып, тұжырылады да, со-
дан кейін осы қағидаға негіз болатын жалқы, нақты құбылыстар 
деңгейінде терең эстетикалық талдаулар жасалады. сол талдау-
ларды жинақтау нәтижесінде тақырып туралы жаңа деңгейдегі 
теориялық қағида туады: «Жазушының шындық болмыстан 
таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен 
өмір құбылыстарының тобын тақырып дер едік». әуелгі қағиданы, 
белгілі құбылыс туралы жалпы ұғым сипатында қабылдар 
болсақ, мына қағиданы сол құбылыс туралы нақты ұғым ретінде 
қабылдауға болады. Кейінгі анықтама, нақты бола тұра барынша 
абстракцияланған, сондықтан да оның теориялық маңызы мен 
мәні алдыңғыдан гөрі әлдеқайда терең. Жалпыдан жалқыға, одан 
неғұрлым биік деңгейдегі жалпыға, дерексізден деректіге, одан 
неғұрлым биік деңгейдегі дерексізге ауысудың мұндай үлгілері – 
ғылыми танымдағы тереңдіктің, талдау мен жинақтаудағы, ойлау 
мен ой қорытудағы шеберліктің нәтижесі. Осындай тереңдік пен 
осындай шеберлік сөз өнері туралы теориялар жүйесінің басқа 


258
259
желілеріндегі қисындар мен қағидалардың да келісті мазмұн, ке-
мел пішінмен толық негізделуін қамтамасыз еткен. 
қабдоловтың әсемдік әлемінің сәні мен салтанатын асы-
рып тұрған қасиет Жасағанның бейісінің ғажайыбындай алу-
ан түрлі нұр төгіп құлпырады. сөз өнері туралы сөз, сөз өнері 
жайлы ғылым, сөзбен сомдалған тұлға, сөзбен шыңдалған 
шындық, сөз сыры, сөз сарасы, сөз өнеріндегі тек пен түр, 
сөз өнеріндегі бет пен бағыт... – осылардың бәрін құлпыртып, 
осылардың бәрінің ажарын ашып тұрған қасиет суреткер, 
әдебиеттанушы ғұлама тұлғаның жанынан тараған жылу мен 
жүрегінен шыққан жарықтың құдіретімен тұтасады. ғылымның 
тілімен айтсақ, осылардың бәрі суреткердің өмірдегі шындық 
болмысқа эстетикалық қатынасына, шындық болмыстан өнер 
туындысын жасау жолындағы шығармашылық ұстанымына, та-
лант табиғатына негізделеді. сондықтан да әдебиеттану ғылымы 
мен эстетика үшін, әдебиет пен өнер үшін біз айтып отырған 
құдіреттің де, қасиеттің де маңызы мен мәні зор. Оларда академик-
жазушының көркемдік-эстетикалық танымы мен шығармашылық 
даралығы бар, суреткердің көркем шығармасына арқау етер 
өмір құбылыстарын таңдауы мен талғауындағы, байқауы мен 
бағалауындағы, жинақтауы мен даралауындағы эстетикалық 
заңдылықтардың сырына деген биік көзқарас бар. сондықтан 
қабдоловтың әсемдік әлемінің сыры мен қырын, әсемдік кате-
горияларын тану мен таразылау әдеби ойдың дамуының бүгінгі 
талаптарымен өзектес көкейкесті мәселе болып табылады.
3
әдебиет туралы, әдебиеттің теориясы туралы, әдебиеттің 
тарихы, әдебиеттің сыны саласында зерттеу жүргізбеген, зерт-
теу жазбаған әдебиеттанушы жоқ. әрине, әдебиет те, әдебиеттің 
теориясы мен тарихы да, әдебиеттің сыны дегеніміз де өмірдің 
өзі сияқты шексіз, шетсіз құбылыс. Оның да заңдылығы бар. 
заңдылықсыз құбылыс болмайды. ал әдебиет, әдебиет теориясы, 
әдебиеттің тарихы, әдебиеттің сыны дегеніміз, айналып келгенде, 
бір ғана құбылыс секілді. ғылымның басқа салаларындағы ма-
мандарды қоя тұрғанда, әдебиеттану саласындағы зерттеушілер 


258
259
де осылай ойлайды. Олай ойлаудың да жөні бар. себебі – 
әдебиеттің де, әдебиет теориясының да, әдебиет тарихының да, 
әдебиет сынының да арқа сүйер тірегі біреу. Ол 

өмір. солай 
десек те, біздің ойымызша, әдебиеттің де, әдебиет теориясының 
да, әдебиет тарихының да, әдебиет сынының да өз заңдылықтары 
бар. әдебиет пен әдебиеттанудың әр саласынан бір заңдылық 
іздеу, тіпті, іздеп қана қоймай, сол іздегенімізді тауып ала беру 
ойға қонымсыз болып көрінетіні де рас. әдебиеттанушының 
көңілінде мұндай күдікті күйдің болуының өзі заңды. Өйткені 
заңдылық әдебиетте, әдебиет теориясында, әдебиет тарихын-
да, әдебиет сынында болғанмен, әдебиеттанушылардың бәрінің 
еңбектерінде бола бермейді. біз айтып отырған заңдылықтарды 
табу да, тану да тек кемел ақыл-парасат иесінің ғана қолынан кел-
мек. 
ақыл-парасат туралы әркімнің өз түсінігі бар. әл-фарабидің 
айтуына қарағанда, қатардағы қарапайым адамдар пайымдылар-
ды ақылды деп есептейді, ал пайымдағыштықты, пайымдылықты 
ақыл деп біледі. Мәртебелі ұстаз кейбіреулердің пайымдағыш 
адамдарды дана деп атайтынына, ал даналықтың дүниеде бар 
үздік заттар туралы үздік білім екеніне назар аударады. егер-
де үздік білім дегеніміздің өзі дүниедегі бар үздіктердің ең 
үздігі 

адам туралы үздік білім болмаса, онда оған даналық болу 
міндетті емес. Мұны да әл-фараби айтады. 
екінші ұстаз қалыптастырған қағиданы дамыту арқылы зей-
нолла қабдолов әдебиеттің басты заңдылықтарын анықтады. 
сол заңдылықтар негізінде әдебиет дегеніміздің халықтың ақыл-
ойының, абыройының, ар-ожданының бейнеленуі екендігі, ал 
халықтың ақыл-ойын, абыройын, ар-ожданын шынайы бейнелеу 
ардың ісі екендігі, әдебиеттанудың халықтың ақыл-ойы, абы-
ройы, ар-ожданы жайындағы ғылым екендігі туралы қағидаттар 
жүйесінің негізін қалады. Оны біз әдебиеттанудағы қабдолов 
зейнолланың заңы деп білеміз. бұл, әрине, и. Кеплердің заңдары-
нан қымбат емес, и. ньютонның заңдарындай құнды емес. бірақ 
ол и. Кеплердің заңдарынан ардақты, и. ньютонның заңдарынан 
аяулы. Олай болатын себебі – Кеплер мен ньютонның заңдары 
секілді заңдар табиғат жаратылысы туралы білімге негізделген 


260
261
және табиғатта әу бастан бар. барды танып, бағалай білудің өзіне 
де даналық керек. и. Кеплер мен и. ньютонның даналығы барды 
тауып, бағалай білгенінде. ал, оларды жасаушының аты – Жасау-
шы. Кеплер немесе ньютон ия болмаса басқа біреу емес. 
Жаратылыстануда «адам табиғат тәнін бөлшектеу мен 
біріктіруден басқа ештеңе жасай алмайды. қалғанын табиғат өз 
әлемінде өзі істейді». ағылшын философы фрэнсис бэконның 
(1561-1626) осы қанатты сөзінің жаны бар. Оның үстіне осы жер-
де ф. бэконның жаратылыстану саласындағы тәжірибе жасаушы 
ғалым мен жазалаушы жендетті салыстырып сипаттағаны еске 
түседі. Жендеттің тергеудегі жанға оның белгілі бір қылмысты 
жасағанын қинап, азап көрсетіп мойындатқаны сияқты жараты-
лыстану саласында тәжірибе жасаушы да өзінің тәжірибелері 
арқылы жаратылыс құпиясын оңайлықпен алмайды, табиғатты 
ту сыртынан жарып алады. әрине, ф. бэконның салыстыруы 
образды, шартты. Оның бер жағында, ф. бэкон жаратылыста-
ну ғылымында тәжірибе жасауды барынша қолдай отырып, 
сол тәжірибе нәтижелерінің басын қосып, жинақтауға бармай-
тын, тек қана тәжірибе үстіне тәжірибе жасай беретіндердің 
ісіне қанағаттанбаған. Ол бірыңғай тәжірибе жасау жолындағы 
эмпириктерді құмырсқаға, тек өз ойымен өзі болатын рациона-
листерді өрмекшіге, тәжірибе нәтижелері мен ақыл-ой қызметін 
ұштастырғандарды араға ұқсатқан. Мұның өзінде белгілі бір 
дәуір танымының шындығы барын мойындамасқа болмай-
ды. әйтсе де ф. бэконның салыстыруы қабдоловтың заңына 
жүрмейді. қабдоловтың заңы 

әл-фараби айтқан дүниедегі бар-
ша үздіктердің үздігі адам жаратылысы туралы заң, ақыл-ойға, 
ар-ожданға, абыройға негізделген және нақты һәм затты түрде 
табиғатта болмайтын заң. адамзаттың рухани өмірі үшін, кісілік 
кемелдігі үшін оның маңызы өлшеусіз зор.
з. қабдолов зерттеген іргелі мәселелер жайында басқалардың 
да ой айтқаны, тұжырым ұсынғаны рас. Олардың маңызы мен 
мәнін төмендетуге болмайды. белгілі бір мәселелер бойынша 
зерттеуші ғалымдардың ойлары мен пікірлері өзара сәйкес келіп, 
үндесіп жататыны да болады. Мұндай сәйкестік ғылым мен 
өнерде ең бір үздік деген шығармашылық тұлғалардың арасында 


260
261
да кездеседі. алайда әдіснамалық негізі берік, іші алтын, сырты 
күміс сара шығармашылық еңбек өзінің даралығын жоғалтпайды. 
Осы ретте низамидің (1141-1209) «ескендірнамасында», румидің 
(1207-1273) «Месневиінде» көрініс тапқан бір оқиғаға назар 
аударған орынды болар деп ойлаймын. 
низамидің шығармасында ескендір зұлқарнайын (алек-
сандр Македонский) Шығыс елдерінің бірінде соғыссыз жеткен 
жеңісінің құрметіне керемет қақпа (дарбаза, арка) тұрғызады. Оның 
орыс тіліндегі атауы 

«триумфальная арка». қақпаның екі жақ 
бетіне (қабырғасына) заманының асқан талантты екі өнерпазы 

бірі румнан, бірі шыннан – өнер жарыстырып, өрнек салады. екі 
өнерпаздың ортасына перде тартылады. екеуі бір уақытта іске 
кіріседі, бірақ бірін-бірі көрмейді, бір-бірінің не салып жатқанын 
білмейді. Кезі келгенде, іс бітеді. Өнерпаздар бар өнерін салып 
жасаған өрнектің беті ашылады. қақпаның екі жағындағы өрнек 
көрген елдің көзінің жауын алады. екі өнерпаздың орталарына 
перде құрып, екі жаққа қарап тұрып салған өрнектерін көргенде, 
таң болмаған жан қалмайды. қақпаның бір жағындағы өрнек пен 
оған қарама-қарсы тұрған екінші жағындағы өрнек бір-бірінен 
аумай қалады. Мұншалық толық сәйкестіктің сырын ешкім біле 
алмай дағдарады. қолбасы мұның сырын білу үшін қақпаның 
екі ортасына қайтадан перде ұстатады. сонда көрген жұрттың 
көзінің жауын алған өрнек қақпаның бір жағында жайнаған 
қалпында қалады да, екінші жағынан жоқ болады. сөйтсе, румдық 
өнерпаз қара тастан қаланған қақпаның бір жағына керемет 
өрнек салғанда, екінші өнерпаз қара тастан қаланған қақпаның 
өз жағындағы бетін асқан шеберлікпен теп-тегіс етіп, айнадай 
жарқыратып қойған болып шығады. қақпаның бір жағындағы 
өрнек қарама-қарсы жақтан тура айнадан көрінгендей көрінетін 
болған екен. 
екі өнерпаздың да өнерінде мін жоқ. қақпаның бір жағында 
сурет секілді сәулеті асқан өрнек тұрса, екінші жағында сол 
сәулеті асқан өрнектің суреті тұрады. Өнерпаздар даналығынан 
туған осы көріністің мәнін әркім өзінше түсінуге ерікті. низами 
нақты, шынайы ой ұсынады. румидің пайымдауы бейнелі, астар-
лы: қақпаның бір жағындағы сурет шындықтың, болмыстың 
нақты суреті болғанда, қақпаның екінші жағы болмыстың 


262
263
суретін болғандай қалпында айнадай жарқыратып көрсететін 
кіршіксіз жүрек іспетті. ал осы көріністі әдебиет пен өнер тура-
лы ғылым тұрғысынан пайымдар болсақ, көңілге, әріге барсақ, 
аристотельдің еліктеу теориясының, беріге келсек, з. қабдо-
ловтың бейнелеу теориясының сәулесі түседі. соның бәрін қоя 
қойып, сөзіміздің жүйесіне қайта оралатын болсақ және аздап 
бейнелеп айтсақ, з. қабдоловтың шығармашылығында ескендір 
зұлқарнайынның қақпасының екі жағының бірінің ғана емес, 
екі жағының да қасиеті бар. Ол ескендірдің жеңіс салтанаты-
на арнап тұрғызған қақпасындағы таңғажайып өрнек секілді 
теңдессіз сән-салтанатымен көз тартады, көңілді баурайды: шы-
найы, сәулелі, сәулетті, керемет. Өзі ғана сәулеленіп қоймайды, 
өзгеге де сәулесін түсіреді, өзімен-өзі болып, өзінен-өзін ғана 
көрсетіп қоймайды, өзгеден де көрінеді. аңдағанға осының 
өзінде де заңдылық бар: келісті шығармашылық еңбектің сәні 
мен сәулеті өзінен-өзі нұрланып, өзгені де сәулелендіреді. Ке-
мел шығармашылық тұлғаның саралығы мен даналығы өшпейді, 
көшпейді, қайталанбайды, өзгеден көрінгенде де өз болмысымен 
көрінеді. з. қабдоловтың шығармашылығының, шығармашылық 
даналығының мәні осында: өзінен-өзі нұр алып, нұрланып 
тұрады; өзгеге де сәулесін түсіріп, өзгеден де сәулеленіп тұрады; 
өзінен өзі өшпейді, өзгеге көшпейді, қайталанбайды; өзгеден 
көрінгенде де өз болмысымен көрінеді. Осылайша, әдіснамалық 
негізі берік, іші алтын, сырты күміс сара шығармашылық еңбек 
өзінің даралығын жоғалтпайды. зейнолла қабдолов заңының 
жалпы сипаты осындай болып келеді.
зейнолла қабдолов заңының дара сипаттары оның ғылыми 
шығармашылығының әдіснамалық, методологиялық негізінде. 
ғалымның зерттеу еңбектерінің әдіснамалық негізінің өзгеде 
жоқ, тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. автор, алдымен зерт-
теу пәні болып отырған белгілі немесе біршама белгілі деген 
шығармашылық құбылыстың белгісіз, таным үшін соны, тың 
қырын ашып, оларды танып-білудің ғылыми мәнінің жоғары-
лығын негіздейді. содан кейін оны танып-білудің, зерттеп-
зерделеудің амал-тәсілдерін, жолдарын іздейді. айналып келген-
де, зерттеушінің алдында бірнеше мәселе тұрады: а) зерттелуге 
тиіс белгілі бір ғылыми мәселені табу мен тану; ә) белгілі бір 


262
263
ғылыми мәселені зерттеудегі мақсат пен шешуін күтіп жатқан 
міндеттерді анықтау; б) белгілі бір ғылыми мәселені шешудің 
амал-тәсілдерін, жолдарын, әдістерін табу. бұлар зерттеушілердің 
бәріне таныс жай. з. қабдолов осы таныс жайдың өзінен бейта-
ныс, бұрын-соңды басқада болмаған, басқаның ойына түспеген, 
басқаның көзі шалмаған жаңа өріс ашады. бұған қалай қол 
жеткізуге болады? ғылыми-шығармашылық ой белгілі жайдан 
белгісіз жайға, белгілі құбылыстың мәнінен белгісіз құбылыстың 
мәніне қалай, қандай амал мен тәсілдер арқылы ауысады? Жа-
ратылыстану ғылымында белгіліден белгісізге ауысу әдеттегідей 
жағдай. ал әдебиеттануда олай емес. әдебиеттанушы үшін 
бұл өте күрделі мәселе. әдебиеттануда белгілі жай, белгілі 
құбылыстың деңгейінде белгісіз нәрсе болмайды, болуға тиіс 
емес. сондықтан онда белгіліден белгісізге ауысу, белгілінің 
негізінде мүлде белгісіз құбылыстың мәнін ашуға талпыну ақылға 
сыйымсыз болып көрінетіні рас. зекең үшін олай емес. зекең үшін 
әдебиеттанудағы әр белгілі болған теориялық құбылыс немесе 
оның белгілі бір қыры толып жатқан басқа құбылыстармен не-
месе олардың белгілі бір қырларымен жанама түрде байланысты, 
шектес. ал белгілі құбылыспен жанама байланыстағы басқа бір 
белгісіз құбылысты немесе онымен шектес құбылысты табу мен 
тану үшін әдебиеттанушының ойы қанатты болуы шарт. тауықтың 
емес, қыранның қанаты. зекеңнің ойы да, сөзі де бейнелі, образ-
ды. бірақ онда үлкен танымдық қуат бар. белгіліден белгісізге 
ауысудың, белгілі құбылыстың негізінде белгісіз құбылыстың 
сырын ашу ғылыми ой мен ғылыми ойлаудың осындай қасиеті 
арқылы жүзеге асады.
з. қабдоловтың ғылыми-шығармашылық еңбегіне тән әдіс-
намалық ерекшеліктер ғалымның талдаулары мен жинақтау-
ларының, тұжырымдары мен қағидаларының мақсаттылығы 
мен бағыттылығы аясында айқындала түседі. зерттеуші белгілі 
бір іргелі мәселені саралау мен сараптау барысында жаңа бір 
мәселелердің бетін ашып, белгілі бір қағида негізінде басқа 
бір жаңа қағиданың өзегін өріп отырады. бұл жерде белгілі 
мәселе мен белгісіз мәселе арасындағы қарама-қайшылықтар, 
тәжірибелік білім мен теориялық білім арасындағы сәйкестіктер 
мен керағарлықтар, бір сапалақ қасиеттердің сақталуы немесе 


264
265
өзгеруі, оңтайлы және оңтайсыз, ішкі және сыртқы факторлар, 
олардың теориялық шешімдері жаңа білім өндірудің бірден-бір 
көзі әрі әдіснамалық жолы қызметін атқарады. Осы қызмет аясын-
да бір мәселеден бірнеше мәселенің желісі тартылып, олардың 
шешімдері негізінде танымдық маңызы жоғары, ғылыми мәні 
зор жаңа теория ұсынылады, жаңа білім өндіріледі. сонымен 
қатар, осы жаңа теорияны, жаңа білімді тиісті тұтынушылардың 
қабылдау үдерісінің сатылары мен кезеңдеріне тән заңдылықтар 
да ескеріледі. сөйтіп, тұтынушылардың танымын байыту, білімін 
тереңдету, эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттері 
жаңа білім өндіру ісімен қатар жүзеге асырылады. нәтижесінде 
ғалымның еңбегінің ғылыми, тәжірибелік, танымдық, эстетика-
лық, тәрбиелік мәндері бірдей айқындалады. тұтынушылардың 
санасында көп қырлы, терең сырлы, ғылыми ойлау үшін де, 
өмірлік тәжірибе үшін де игілікті рухани құндылықтар қорының 
қалыптасуының алғышарты жасалады. 
з. қабдоловтың зерттеу еңбектерінің әдіснамалық негізіне 
тән келесі басты бір ерекшелік ғалымның зерттеу пәні мен зерт-
теу әдісінің тұтастығында. ғылыми шығармашылықта зерттеу 
пәні, зерттеу пәнінің тұтастығы туралы ұғым әр зерттеушінің 
тео риялық дайындығының кемелдік деңгейіне байланысты 
қалыптасады. құбылысқа тән қасиеттер мен белгілерді белгілі 
бір әдіснамалық ұстанымдарға сай жіктеп, даралау немесе 
оларды белгілі бір ортақ нышандары бойынша топтастыру мен 
таптастыру, әрқайсысын сипаттау ғылыми зерттеу үдерісінде 
маңызды екені рас. Мұның өзі – қыруар еңбекті талап ететін, ұзақ 
уақытты алатын қиын іс. құбылыстың жекелеген белгілеріне, 
құрамдас бөліктеріне тән сипаттарды, ерекшеліктерді даралаудың 
маңызын өз деңгейінде бағалай отырып, оларды өзара тығыз бай-
ланыста, тұтастықта алып пайымдаудың мәнін де төмендетпеу 
шарт. теориялық зерттеу үшін бөлшек пен бүтіннің, жалқы мен 
жалпының сипаттары мен қасиеттерін толық, біртұтас ашудың 
маңызы зор. бөлшексіз бүтінді, жалқысыз жалпыны тану қандай 
қиын болса, бүтіннен тыс бөлшекті, жалпыдан тыс жалқыны тану 
да мүмкін болмайды. 


264
265
ертеде үлкен бір қала тұрғындарының тамашалауына алыс 
аймақтан бір піл алдырылған екен. Піл қала тұрғындарының та-
машалауына дейін жарықсыз жабық қорада қамаулы тұрса керек. 
қала тұрғындарының кейбір шыдамсыздары өздері бұрын көріп-
білмеген жануарды көруге құмартып, қораның ішіне кіреді. Көзге 
түртсе көргісіз қараңғыда ештеңе көре алмаған соң, олар пілдің 
қандай жануар екенін сипалап білуге ниет етеді. әрқайсысы пілдің 
әр жерін сипап, өз білгендерін айта бастайды. құлағын ұстаған 
біреуі пілдің түкті кілем сияқты екенін, тұмсығын сипағаны пілдің 
кернейге ұқсайтынын, аяғын сипағаны бұл ғажап жануардың 
алып еменге ұқсайтынын, бүйірін сипаған енді біреуі пілдің тап 
бір падишахтың тағындай жайлы екенін айтысып, мәре-сәре 
болып жатады. санайи (1080-1140) мен руми (1207-1273) баян-
дауларында оқиға желісі осылай баяндалады. Пілді сипалап білу 
арқылы сипаттаушылар санайи баяндауында су қараңғы соқырлар 
болса, румидің баяндауында көздері бар, бірақ тастай қараңғы 
қора ішінде ешнәрсені көріп ажырата алмаған адамдар кейпінде 
беріледі. екі жағдайда да істің мәні бірдей: заттың (құбылыстың, 
нәрсенің, істің) мәнісіне көз жеткізе алмағандар оны қолдарымен 
сипалап жүріп тануға мәжбүр болады.
берілген тәмсілдерді з. қабдоловтың әдіснамасы бойынша 
пайымдағанда, мынадай ғибратты қағидалардың желісі белгілі 
болады: а) құбылыстың жалпы болмысын оның жекелеген 
құрамдас бөліктері арқылы тануға болмайды; ә) құбылыстың шын 
мәнісін түйсік арқылы алынатын мәліметтер арқылы анықтау 
мүмкін емес; б) құбылыстың мәнін теориялық ойлау қызметінен 
тыс тануға талпыну нәтиже бермейді; в) құбылыстың мәнін 
танып-білмей тұрып ой қорытуға, пікір айтуға талпыну қателікке 
ұрындырады. 
з. қабдоловтың ғылыми-шығармашылық әдіснамасы жүйе-
сінде бірнеше өзекті міндет шешімін табады: сөз өнерінің 
құрамдас бірліктері, сипаттары, заңдары анықталады; зерттеу пәні 
болып отырған бүтін құбылыстың әрбір құрамдас бірлігі басқа 
бірліктермен өзара байланыста қарастырылады; құбылыстың 
құрамдас бірліктерінің арасындағы байланыстар, алшақтықтар 
мен жақындықтар, сәйкестіктер мен қайшылықтар, себеп-
салдарлық қатынастар анықталады; құбылыс болмысындағы 


266
267
жалқы мен жалпы, бүтін мен бөлшек бір-бірінен бөлек, алшақ 
емес, бірге, біртұтас пайымдалады; зерттеу үдерісінде бақылау, 
байқау, тәжірибе деңгейінде алынған мәліметтер теориялық 
деңгейде сараланады; теориялық деңгейде құбылыстың мәнін 
тану процесі ұғым, пікір, тұжырым, қағида, заңдылық, заң секілді 
абстрактылы ойлау арқылы жүзеге асырылады; теориялық ойлау 
деңгейіндегі жаңа тұжырымдар мен қағидалар, заңдылықтар мен 
заңдар «әрекетшіл парасат» қызметі нәтижесінде негізделеді. 
соның бәрінде зерттеуші зердесінде белгілі құбылыстың мәнін 
жете тануға қолайлы немесе қолайсыз амал-тәсілдер, әдістер 
қапысыз анықталады және солардың ішінде ең үздігі пайдаланы-
лады. бұл 

з. қабдоловтың зерттеу әдіснамасының жүйелілігін 
білдіретін ерекшелік. 
Өмір құбылыстарының қандайы да көп қырлы. Оны танудың 
алуан түрлі бағыттары, салалары бар. соған орай оны зерттеудің 
де жолдары, амалдары мен тәсілдері алуан түрлі. Мысалы, ғалым 
әдеби үдерісті пайымдауда жүйелі талдау ұстанымын басшылыққа 
алады, мазмұн мен пішін жайын саралауға келгенде, құрылымдық 
тұрғы талаптарына сүйенеді, ал жазушы еңбегінің психологиясын, 
жазушының шығармашылық еңбегінің сатылары мен кезеңдерін 
сараптауда процессуалдық принципті қолайлы көреді. қажет деп 
тапқан тұстарда осы ұстанымдардың тиісті талаптарын біртұтас 
пайдаланатыны да бар. Осы және басқа ұстанымдар зерттеушінің 
теориялық ойлауының тегеурінділігін, тереңдігін аңғартады. 
теориялық ойлау, әрекетшіл ақыл-парасат деңгейінде алынған 
жаңа тұжырым, қағида зерттеу пәні болып отырған құбылыстың 
барлық сипаттары мен қасиеттерін ашып көрсете алмайды. 
құбылыстың барлық сипаттары мен қасиеттерін толық қамтитын 
теориялық қағида жасау мүмкін емес. сол себепті, з. қабдолов 
өз теориясын зерттеліп отырған құбылыстың сыртқы түрі мен 
түсіне емес, барлық мардымды және мардымсыз белгілеріне 
де емес, ішкі мәнін ашатын басты сипаттары мен қасиеттеріне 
негіздейді. ал, зерттеліп отырған құбылыстың ішкі мәнін ашатын 
басты сипаттар мен қасиеттерді тану мен таңдау әдіснамалық, 
методологиялық тұрғыда барынша қолайлы және үздік ұстаным 
талаптары аясында жүзеге асырылады.


266
267
Осы жерде Платонның адам туралы теориялық анықтамасына 
қатысты диоген синопскийдің айтқан сөзіне көңіл аударған 
орынды. Платон өзінің ғылыми мектебінің тыңдаушылары ал-
дында адам болмысы туралы оқыған лекциясын жинақтай 
келіп, адамға мынадай теориялық анықтама береді: «адам 
дегеніміз – қауырсыны мен жүні жоқ екі аяқты жануар». Мек-
теп тыңдаушылары ұстаздарының анықтамасын іліп әкетіп, жа-
мырай қайталап айтып жүреді. Осындай жағдай үстінде диоген 
(синопский) мектепке қауырсыны мен жүні жұлынған бір бала-
пан қоразды алып келеді де: «Міне, Платонның адамы – мынау!» 
- деп, әлгі балапан қоразды тыңдаушылардың алдына шығарады.
Мәселенің түйіні адам туралы теориялық анықтаманың 
адам ға тән басты сипаттар мен қасиеттерге емес, екі аяқты 
жа нуар лардың белгілі бір түрлеріне ортақ жалпы белгілерге 
негізделгенінде. Оның үстіне адам туралы теориялық анықтама 
көру түйсігі арқылы танылатын сыртқы белгілер негізінде 
ұсыныл ған. басқаша айтқанда, белгілі құбылыс туралы теориялық 
анықтама теориялық таным, әрекетшіл ақыл-парасат деңгейінде 
емес, эмпирикалық таным, түйсік аясында берілген. диоген 
(синопский) осыған, белгілі бір құбылыс туралы теориялық 
анықтаманың құбылыстың өзіне ғана тән мәнін ашатын бас-
ты сипаттары мен қасиеттеріне емес, оның басқаларға да тән, 
көпке ортақ жалпы белгілеріне негізделгеніне, теориялық та-
ным, әрекетшіл ақыл-парасат аясында емес, эмпирикалық таным 
шегінде берілгеніне қарсылық білдіреді. 
з. қабдолов зерттеулерінде күрделі құбылыстардың си-
паттары мен қасиеттері туралы идеялар, теориялық қағидалар 
әрекетшіл парасат қызметі деңгейінде дәйектеледі. ғалым 
зерттеулерінің әдіснамалық негізінің тағы бір ерекшелігі осын-
да: онда теориялық қағидалар жалпы белгілерге емес, басты 
сипаттар мен қасиеттерге негізделеді, тәжірибелік аяда емес, 
теориялық ойлау кеңістігінде, әрекетшіл ақыл-парасат биігінде 
тұжырымдалады.
з. қабдолов сөз өнерінің теориясы мен әдіснамасы саласында 
өзіне дейін болған, бар тәжірибелік пайымдаулардың, теориялық 
қисындар мен қағидалардың, сондай-ақ талдау мен жинақтаудың, 


362
363


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет