Академиялық жазу және оның ерекшелігі Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері бар: Күрделі, формальды, нақты, объективті, шектеулі, жауапкершілікті деп жіктеледі



Дата13.03.2023
өлшемі23 Kb.
#73792
Байланысты:
Академиялық жазу және оның ерекшелігі


Академиялық жазу және оның ерекшелігі
Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері бар: Күрделі, формальды, нақты, объективті, шектеулі, жауапкершілікті деп жіктеледі: Күрделі жазба түрі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі, жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады. Формалды, академиялық жазу барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект жаргон сөздер т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды. Нақты, академиялық жазу акпаратты қолдану барысында нақты акпарат беруге тырысыныз. Мысалы: 100 шақты адам демей нақты 100 адам деп нақты санын көрсету қажет.
Объективті, Академиялық бағытта жазылған жұмыс субъективті бағыт ұстанбауы тиіс. Яғни біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. Академиялық мәтінді оқу барысында оқырманды автордың не жазғаны емес, жұмыс бойынша не жасалғаны қызықтырады. Содан «менің ойымша» деп емес, «жақсы жазылған зерттеу жұмыс» деп жазылған дұрыс. Шектеулі, академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпаратты беру н/се жазу оқырман қызығушылығын жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан ЖОО-дарында жазба жұмысы ретінде тапсырма берілгенде жұмыс тақырыбы мен қамтылатын зерттеу нысанына қарай оқытушы тарапынан көлемі белгіленіп беріледі.
Белгіленген көлем студент үшін тақырып жөніндегі оның толық мәлімет беріп,артық акпарат жазбауына мүмкіндік береді. Жауапкершілік. Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Жазылған материалдың мазмұны мен қателіктеріне студенттің өзі ғана жауап береді, материалды жазу, дайындау барысында плагиаттық жасауға болмайды. Біреудің материалын пайдаланатын болса онда міндетті түрде сілтеме жасау керек, жасамаған жағдайда жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Академиялық жазылымның ерекшелігі:
Объективті түрде жазылады; Ғылыми стильде жазылады; Жүйелі құрылыммен жазылады; Сілтемелерді жиі қолданады.
Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер.
Терминдер – ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі.
Ғылыми стиль ерекшелігі
Ғылыми стильдің негізгі ерекшелігі — ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме түрінде негізделеді. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының өзіне тән ерекшелігіне қарай баяндау тәсілі де болады.
Ғылыми стиль түрлері
Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, және т.б. жатады.
Ғылыми стильдің зерттеу объектісі — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логикаға, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше.
Ғылыми стиль бағытында жұмыс жазу стильдерге қарағанда қалыптасқан құрылымды талап етеді. Шартты түрде академиялық бағытта ғылыми тұрғыда жазылған жұмыстардың құрылым үлгісі мынадай болып келеді: Титул бет Мазмұн бет Кестелер тізімі (міндетті емес) Алғыс (міндетті емес) Түйіндеме Кіріспе Әдебиеттерге шолу Зерттеу әдісі Нәтижелер/талдау Қорытынды Ұсыныстар (міндетті емес) Алдағы зерттеулер Қолданылған әдебиеттер Қосымшалар
Сонда да академиялық хат мәтінін жазуда мыналарды ескерген жөн: Нақты түрде арнайы бекітілген мәтін құрылым жоқ; Кез келген автор өзіне қолайлы жазылым құрылымын таңдай алады; Әр салаға байланысты терминдерді орынды қолдау керек. Осылармен қоса жауапкершіліктің бар екенін ұмытпау керек, біреудің материалын пайдаланған жағдайда сілтеме жасауды ұмытпаған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет