Стильдер және ғылыми стиль ерекшелігі Жоспар 1 «Стиль» - стилистиканың негізгі орталық ұғымы. 2 Ғылыми стиль ерекшелігі Кіріспе Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылымг шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканьщ маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірак, тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшел’гі болады Ғылым ылғи алга басьга дамып, отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз — неологизмдер — туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Мысалы, социализм, коммунизм сөздерін алатын болсақ, бір кезде марксистік-ленивдік ғылыми-теориялық еңбектерде термин ретінде ғана қолданылса, қазір жалпы халықтық лексикаға айнальш отыр. Сол сияқт;ы космос, космосты игеру, жердіқ жасанды серігі, жеті жылдық сөздері де өздерінің практикалық мәнімен танылып, берік қалыптасты.
1.Стилистикағылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды Стиль – латыншаstylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тіліндекейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған Стилистика- ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»).Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.Барлық жағдайда да «стиль» термині тәлдәк қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік. Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады.